СКОРО ПРЕМЬЕРА!

Р.Отарбаев -«Шырмауық»/драма/

Қадірлі көрермен! Сіздерді 16-17 қараша күні сағат   18.30-да Р.Отарбаевтың «Шырмауық» драмасына шақырамыз!

Адамзатты бомбасыз да жоюға болады. Азғындық жолымен. Оған апаратын шырмауық жол – нашақорлық. Үмітін үкілеп таққан отбасының жалғызы нашақорлықтың шырмауына шырмалып, ата-анасын ажалынан бұрын мәңгілікке аттануына себепкер болды. Жаһанданудың жалмауызына айналған нашақорлық апатының алдын алуға бола ма? Әлемді ат тұяғымен тітіреткен, егеулі найза қолға алған бабалар ұрпағы бүгінгі таңда не себепті азғындану жолына жеңіл ұшырауда? Қойылым осы сұрақтарға жауап іздейді.

Қоюшы режиссері – ҚР Мәдениет саласының үздігі Жұмабек Есімов

Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері  Қалтөре  Жұмақұлов

Театрдың көркемдік жетекшісі ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор, режиссер  Бекболат Құрманғожаев. 

Адрес: мкр. Нурсат. Проспект Н. Назарбаева 6.

Контактные телефоны: 77-10-37, 77-10-43; 8 775 349 77 82