Мадалиева Бибігүл

Мадалиева Бибігүл Ерғалиқызы

Туған күні, айы, жылы, жері: 19.09.1978 жылыОңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы, Арыс қаласында дүниеге келген.
Білімі: Түркістан қаласы, Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің «Өнер» факультетіне түсіп, «Кино және драма актері» мамандығын бітірді.
Жұмыс орны, қызметі: 1999 жылдан бастап Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында актриса.
Театрда ойнаған рольдері:
Б. Брехт «Волоколам тас жолы» – Варя
Д. Исабеков «Аққу Жібек» – Әже
А. П. Чехов «Шие бау» – Дуняша
Б. Брехт «Кавказдың бор шеңбері» – Тамара
И. Сапарбай «Сыған серенадасы» – Буфетші әйел
Ә. Ақпанбет «Түнгі көбелектер» – Катя
Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» – Дүрия
Ә. Аймақ «Шәмшінің сағынышы» – Кезекші әйел
Б. Есенәлі «Мұхаммед Хайдар Дулати» – Гауһар Шад Бегім
Е. Қойбағаров «Бала мен қайыршы» – 1-медбике
А.Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай»
Д. Исабеков «Мұңлық – Зарлық» – Зарипа
Д. Исабеков «Енді қайттік» – Ақын қыз
Т. Нұрмағамбетов «Бес бойдаққа бір той» – Күйкентай
Е. Қойбағаров «Қасірет қақпаны» – Итмұрын
Д. Исабеков «Құстар фестивалі» – Бас мекиен
О.Богаев «Ылдиға жол» – Мейірбике
М.Байғұт «Асқаровтың ақ қайыңдары» – Сот
М. Байжиев « Тіл табысқандар» – Сүйімхан
Т. Джудженоглы «Көшкін» – Үлкен бәйбіше
Р.Отарбаев «Шырмауық» – Ана
Балаларға арналған ертегілерде:
Ә. Боранбаев «Қорқақ көжек» – Мұғалім әтеш
С. Омаров «Ақымақ арыстан» – Әнші қораз
Қ. Жанмұратова «Тапқыр бұзау» – Тышқан кемпір
Б. Әлімжанов «Тазша бала» – Гүрбесу ханша
Н. Оразалин «Аққұс туралы аңыз» – Қарақұс
С. Балғабаев «Жымбала, Мико және Қасқыр» – Ит
Ғ. Арысов «Жаманшылық деген не?» – Әтеш