Исламовна Анипа

Қарабекова Әнипа Исламқызы
Мәдениет саласының үздігі

 Туған күні, айы, жылы, жері: 15.01.1960 жылы ОҚО, Бәйдібек ауданы, Қостұра совхозы, Кеңес селосы
1977 жылы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепті бітіріп, қызметін 1978 жылы Алғабас аудандық мәдениет үйінде нұсқаушылықтан бастаған.
Білімі: 1978ж. М.Әуезов атындағы Академиялық театр жанындағы театр студиясы
Мемлекеттік наградалары, құрмет атағы:: Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің «Құрмет Грамотасы» (1985 ж), Дзержинский аудандық комсомол комитетінің (1986-1988ж.ж.), Қызылорда облыстық комсомол комитетінің (1985ж.), Торғай облыстық комсомол комитетінің (1987ж.), Өзбек КСР Мәдениет министрлігінің (1988ж.), Оңтүстік Қазақстан облысының мәслихатының (1994ж., 2008ж.), ҚР Мәдениет, ақпарат министрлігінің (2004ж.), (2011ж), ОҚО Мәдениет басқармасының «Құрмет Грамоталарымен» марапатталған. 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімдігінің «Үздік әртісі» дипломымен 2014 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Жұмыс орны, қызметі: 1980 жылдан Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында актриса
Театрда ойнаған рольдері:
Ғ.Мүсірепов «Ақан сері Ақтоқты» – Ақтоқты
Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Баян
М.Әуезов «Еңлік Кебек» – Еңлік
Б.Римова «Абай-Айгерім» – Тоғжан
Б.Мұқай «Сергелдең болған серілер» – Сайра
С.Сматаев «Даламай панамайында» – Бану
И.Сапарбай «Ресторан» – Гүлдана
М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Шолпан
С.Ваннус «Сұлтан да өтер дүниеден» – Аза
Д.Исабеков «Мұңлық-Зарлық» – Мыстан кемпір
Д.Исабеков «Құстар фестивалі» – Бұлбұл
Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Мақпал
З.Исмагилов «Құдаша»-Наза
А.Чехов «Шие бауы»- Раневская
Т.Джудженоглы «…Көшкін» – Кіндік шеше
Б.Есеналиев «Мұхаммед Хайдар Дулати» – Ханымай
Д. Исабеков «Енді қайттік?!»– Айзада
Е. Қойбағарұлы «Қасірет қақпаны»– Ана
Т.Нұрмағамбетов «Бес бойдаққа бір той» – Гүлбарам
Б. Әлімжанов «Ойран»– Күлзипа
Д.Исабеков «Әпке»- Гаухар, Кама
Шаймерденов «Ару ана» – Әспет
С.Адамбеков «Жесірлер» – Ақторғай, Айжамал және т.б.