Үздік спектакльдер












Театр жаңалықтары
Қызылордамен қауышқан театр
«Алма – алманы көріп рең алады» демекші, театрдың шығармашылығына пәрмен беру үшін басқа аймақтарға гастрольдік сапарларға шығып, өзге театр сахнасында ойнағанның берері мол болмақ. Театр – күтімі бапталғанын қалайтын гүл іспеттес. Көрер көзге сұлулығын аямай сыйлауы үшін гүлдің бағбаны мықты болсын деп тілеңіз. «Еккенің тікен болса – орарың балауса болмас» демекші, кез келген істе бап …
АЛТЫНАЙ ЖАҢА ҚЫРЫНАН ТАНЫЛДЫ
Ж.Шанин атындағы академиялық драма театрының ақпарат және жарнама бөлімінің меңгерушісі Алтынай Алиева жаңа бір қырынан танылды. Ол бұған дейін әнші, ақын ретінде танылса, енді драматургия саласына қалам тербеп, тырнақалды туындысы жуырда Көкшетаудағы Ақмола облыстық орыс драма театрында екі тілде сахналанды. — Қаңтар айында «Балақай@Net.ata» заманауи ертегісін жаздым. Сол айдың соңында еліміздегі бірқатар театрларға ертегімді ұсындым. …
ҚАРА ШАҢЫРАҚТАҒЫ ҚОС ҚУАНЫШ
Жуырда шымкенттік театр сүйер қауымға ақжарылқап жақсы жаңалықтар жетті.Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының әртісі Нұржамал Қаламбаева халықаралық театр сыншылары бірлестігінің ұйғарымымен «Эпизодтық рольдегі жыл актрисасы» номинациясы бойынша марапатталды. Нақтырақ айтар болсақ, режиссер Әлібек Өмірбекұлы қойған «Qora Z» спекталіндегі министрдің рөлі үшін актриса жүлдеге лайықты деп танылған.«Халықаралық театр сыншылары бірлестігі» – «International Union of …
«2 Мың Теңге Сыйақымды Анама Апарып Бердім»
Осы аптада өнер ордасы Алматыдан шымкенттік театр сүйер қауымға ақжарылқап жақсы жаңалықтар жетті. Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының әртісі Нұржамал Қалмбаева Халықаралық театр сыншылары бірлесітігінің ұйғарымымен «Эпизодтық рольдегі жыл актрисасы» номинациясы бойынша марапатталды. Нақтырақ айтар болсақ режиссер Әлібек Өмірбекұлы қойған «Qora Z» спектальіндегі министрдің рөлі үшін актриса жүлдеге лайықты деп танылған. …
Бүгінгі Медеяларға сабақ болса екен…
Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында француз драматургі Жан Ануй мен неміс драматургі Хайнер Мюллердің (аударған – Өтен Ахмет) «Медея–Филоктет» драмасының премьерасы тұсауын кесті. Оны режиссер, Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов сахналады. Сахнаға әр берген сценограф – ҚР мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмағұлов. «Медея–Филоктет» оқиғасы қанды шайқастардан көз ашпаған көне грек елінде өтеді. «… Мөлдіреген …
«Тор» немесе әзәзілдің қақпаны
Қым-қуыт тіршілікте ақ пен қараның мәңгілік күресіне мән беруге, ойлануға мұршамыз келе бермейді. Соңғы кезде «қоғам мейірімсізденді» дегенді жиі айтамыз. Ақиқаты – мейірімді болуды әрқайсысымыз өзімізден бастамаймыз… Жаһанданудың адамзатқа әкелген жақсылығы мен жамандығы тепе-тең десек, жаңылмаспыз. Жақсылығы – әлем жаңалығынан санаулы минутта хабардар болсақ, жаманы – жат пиғылдың санамызға жебе боп қадалып жататыны.Таяуда Жұмат Шанин атындағы …
Біз алаңға саналы түрде шықтық
Тәуелсіздік таңын жақындатқан қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсанның ызғарлы күніндегі азаттық күресі — тарихи оқиға. Бодандық бұғауын бұзғысы келген қазақ жастарының қилы тағдыры қоғам қасіретімен үндесті. Шымкенттегі өнердің қарашаңырағы Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында қызмет етіп жүрген Серік Балхабеков, ҚР Мәдениет қайраткерлері Алтын Айнабалаева мен Қапиза Баимбетова — Желтоқсан оқиғасының куәгерлері. Бүгін өнердегі өр …
«ЖОҒАЛҒАН ЖҰРНАҚ» ДРАМАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай Ж.Шанин атындағы академиялық драма театрында М.Байғұттың «Жоғалған Жұрнақ» драмасы сахналанды. Премьераны шығарма авторы М.Байғұт, зиялы қауым өкілдері мен жастар тамашалады. Оқиға Мәскеуде оқып жүрген жас, елгезек Жұрнақтың 1986 жылы желтоқсанда сүйген қызы Алманың туған күніне Алматыға келуімен басталады. Достарымен қауышып, көрген-білгенін бөліскен Жұрнақ Мәскеудің қазақтарға …
Бекболат ҚҰРМАНҒОЖАЕВ: «Кино – көпшілікке, ал театр – таңдаулыларға»
…Қарағанды, Семей және Шымкент театрының тарихы Әуезов театрының тарихымен қатарласып келе жатқанын ұмытпауымыз керек. Театрға жаңа ғимарат салып бергені үшін мың алғыс. Бәрі бірден бола бермейді. Ғимараттың сахнасы, акустикасы, залы өте жақсы. Бірақ, сахнаны жабдықтау қиындау. Бүгінде заманауи техниканы қолданып жатыр. Әрине, өз басым техниканы көп қолдануға қарсымын, бірақ көмекші құрал ретінде пайдалану — заман …
«Торға» түсіп қалмаңыз
Қым-қуыт тіршілікте ақ пен қараның үзілмейтін мәңгілік күресіне мән беруге, ойлануға мұршамыз жетпейтіні шындық. Соңғы кезде «қоғам мейірімсізденді» дегенді жиі естиміз. Айтамыз. Қарсы пікірді биік мінберлерден дабылдатамыз. Ақиқаты сол, мейірімді болудың өзімізден басталатынын елемейміз. Жаһанданудың адамзатқа әкелген жақсылығы мен жамандығы тепе-тең десек жаңылмаспыз. Жақсылығы – әлем жаңалығынан санаулы минутта хабардар болсақ, жаманы – жат пиғылдың …
Шаниндіктер шыққан белес
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен өмірін театр өнеріне арнаған айтулы сыншы Ә.Сығайдың мерейтойының сәйкес келуін табиғи үндестік деп бағаласа болады. Себебі, Ә.Сығай – құрсауы мықты кеңес дәуірінің пәрменінен қаймықпай, сахна шындығы жолында шарқ ұра жанталасып, өнердің шамшырағы болған қайраткерлеріміздің бірегейі. Тұлғаның ғұмыр жолы аз ба, көп пе, сүрген жылдармен емес – соңында қалдырған ізімен айшықталса керек. …
Театр жаршылары
Театр ұжымдарында сіз бен бізге беймәлім жұмыс күші жетерлік. Біз бүгін театрсүйер қауымды ақпараттандырып, оларды әр қойылымға үлкен дайындықпен шақырып жүрген Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының Ақпарат және жарнама бөлімінің жұмысымен таныстырмақпыз. Театрдың ақпарат және жарнама бөлімі 2015 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Алтынай Әлиеваның жетекшілігімен ЕрмекБайбақ, Амангелді Әбілдаев, Әсет Әбдіхалық есімді азаматтар театрдың …
88-ші белеске биіктеген театр
Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театр ұжымы жазғы демалысын аяқтап, тамыздың тамылжыған алғашқы күндерінен бастап, жаңа маусымының шымылдығын жаңа леппен ашты. Жаңа маусымнан талабы биік көрерменнің жаңа қойылым күтетіні белгілі. Театр мен Қоғам үндестікте болуы табиғи заңдылық. Себебі, сахнадағы оқиға – қоғам айнасы іспеттес, көрерменнің көкейіндегі сұраққа жауап беретіндей дәрежеде болуы қалыптасқан қағидаға …
Көркемдік жетекші тағайындалды
Күз – жаңалыққа толы мезгіл. Білім саласында жаңа оқу жылы басталып, балалар үлкен өмірге тағы бір қадам жасаса, мәдениет саласында театрлар шымылдығын түріп, ой салар, рухани бай дүниелерін ұсынып, көрермендерімен қауышады. Үшінші мегаполисте 6 театр бар. Олардың ішінде алғаш болып театр маусымын Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры ашса, өткен жұмада орыс драма театрының ұжымы …
«Қоқысты» тірілткен тарлан
«Бутафор» – француз тілінен аударғанда «қоқыс» деген сөзді білдіреді. Бутафория – негізінен театр сахнасында қолданылады. Көзге көрініп тұрған заттың әртүрлі қалдықтан құрап жасалғанын қолға ұстап көрмесеңіз білмейсіз. Бутафория – бір сөзбен айтқанда, көрген көзге қуаныш сыйлайтын аса бір шебер жасалатын әдемі әлем. Бутафория – сценографтың пьесаның өзегін тірілтетін шешіммен жасаған суретін тіршілікке айналдыратын ғажайып әлем. …
«Qora z»: көрермен көзімен
Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры 14 мамыр күні «Qora z» трагикомедиясының премьерасын өткізді. Ұрпағына адам болуды өсиет еткен Абай философиясының тереңдігіне ешкім де күмән келтіре алмас. Қара сөзінде адамның ішкі психологиясына, танымына философиялық тұрғыдан үңілген. Адам болмысы – Абай заманында, Шекспир кезеңінде, тіпті адам баласы пайда болғаннан-ақ қозғалған ең өзекті мәселе. У.Шекспир …
Наурыз тойы – көне Шымқалада
Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкент қаласындағы Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрында «Наурыз тойы көне Шымқалада» атты жаңа пьесаның премьерасы көрерменге жол тартты. Кішкентай бүлдіршіндер назарына ұсынылған таңғажайып хикаят өзекті мәселелерді арқау еткен. Қала тарихынан сыр шертетін, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесінің шынайы мән-мағынасын насихаттайтын ерекше қойылымның көрерменге айтары көп, берері мол. Қойылым авторы, драматург Сая …
Таңғажайып хикаят
Шымкент қаласының 2200 жылдығы мен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына арналған драматург С.Қасымбектің «Наурыз көне Шымқалада» таңғажайып хикаятының премьерасы өтті. –Әр қаланың тереңінен тартатын тарихы болуы заңды құбылыс. Оңтүстіктің маржанына айналған Шымкенттің қилы тарихы ғасырлар қойнауынан сүзіліп, бүгінгі бізге қалай жеткенін жас ұрпаққа жеткізетін қойылымның берері мол болмақ. «Көне қала мәңгілік болу үшін ортасынан өзен …
Шәмшінің шері
Тіршілік базарынан Шәмші кеткенімен, соңында қалған ән шеруі кеткен жоқ. Жыл өткен сайын жаңарып, түрленеді. Биік сахналардан шалқыта шырқалған Шәмшінің әнін тыңдағанда жүрегі елжіремейтін, жаны балқымайтын жан сірә жоқ-ау?.. Тек... Үңілгенге шалқыған әннің астарында Шәмшінің шері жатыр...
И.Сапарбай “Сыған серенадасы” музыкалық драмасы
Қадірлі көрермен!Сіздерді қаңтар айының 27,28,29 күндері өтетін И.Сапарбайдың “Сыған серенадасы”– музыкалық драмасының премьерасына шақырамыз!Қазақ вальсінің падишасы, ұлы композитор, Қазақстанның халық артисі Шәмші Қалдаяқовтың әнін білмейтін жан жоқ болар. Жүрекжарды әндері соқтықпалы-соқпақсыз тағдыр жолының қилы қалтарысынан өтпесе осыншама көркем болып, жүректе дәл осылай жатталмас па еді? Ал сіз Шәмшінің сезім қылын шертер ғажайып құдіретті әндерінің тууына себепкер болған өмір …
