Шымалиев Алмас Бауыржанұлы

Шымалиев Алмас Бауыржанұлы

Туған күні, айы, жылы, жері: 1987 жылы 8 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы), Төле би ауданы, Майбұлақ елді мекенінде дүниеге келген.
Білімі: 2005-2009 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-інде «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы, «театр ұжымына жетекшілік» мамандандыруы бойынша білім алған. 
2014-2016 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы ОҚМУ, «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.  
Жұмыс орны, қызметі:  2010-2014 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Педагогика және мәдениет» факультеті, «Мәдени-тынығу жұмысы» кафедрасында, «Думан» халық жастар театрының көркемдік жетекшісі. 
2014-2016 жылдары «Педагогика және мәдениет» факультеті, «Мәдени-тынығу жұмысы» кафедрасында иллюстратор болып қызмет еткен.
2016 жылдан жоғарыда аталған кафедрада мұғалім.
Қазіргі таңда Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында труппа меңгерушісі, көркемдік жетекшінің м.а.

Шығармашылығы: 

Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында:

  • «Аманат» толғауы
  • С.Қасымбек «Қол» психологиялық-драмасы
  • Б.Бекжанов “Торға түскен түлкі” ертегі