У.ШЕКСПИР «ГАМЛЕТ» трагедия

Әлемдік драматургияның ұшар шыңы боп саналатын Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы, сан ғасырлар бойы әлем театр репертуарларынан түспей келе жатқан жауһар дүние. Адамзат бойындағы пендешілік (таққұмарлық, зинақорлық, т.б.) болмысынан шошынған Гамлет – адалдық пен әділдіктің жолында күрескен, пәлсапалық тұрғыдан шешімін тапқан биік тұлға. Қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Б.Құрманғожаев. Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қ.Жұмақұлов