Төленов Абзал Болатханұлы

Төленов Абзал Болатханұлы


Туған күні, айы, жылы, жері: 
1994 жылы Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы, Созақ ауданы, Құмкент елді мекенінде дүниеге келген.
Білімі: 2015-2019 жж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті «Педагогика және мәдениет» факультеті, «Театр ұжымына жетекші» мамандығын бітірді.
Жұмыс орны, қызметі: 2019-2021 жж. Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында режиссердің көмекшісі, 2021 жылдан бері актер болып қызмет атқарады.

Театрда ойнаған рольдері:
И.Сапарбай «Сыған серенадасы» – Абзал
Л.Рамазан «Абылай ханның арманы» – Жалбы
С.Досанов «Тозақ шеңбері» – Ербол
А.Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай» – Абай
М.Әуезов «Қарагөз» – Дәулеткелді
У.Шекспир «Гамлет» – әртіс
У.Шекспир шығармаларының желісі негізінде «Қораз» – Король көмекшісі
М.Омарова «Тор» – Ібіліс
М.Байғұт «Жоғалған Жұрнақ» – оқушы бозбала