Телибаева Ғалияш Сандыбекқызы

Телибаева Ғалияш Сандыбекқызы

Туған күні, айы, жылы, жері: 1974 жылы 15 қаңтарда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, «Октябрь» совхозында дүниеге келген.  
Білімі: 1991 жылы туған жеріндегі №106 орта мектепті тәмамдаған.
1991-1996 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық институтының «мәдени ағарту жұмысы» мамандығына түсіп, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «мәдени ағарту, театр ұжымына жетекші» мамандығы бойынша бітіріп шыққан.
Жұмыс орны, қызметі: 1996-1998 жылдары Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрында актриса болып қызмет еткен.
2000-2013 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.
Қазіргі таңда Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында режиссер көмекшісі қызметінде.