«Махаббат формуласы» сазды лирикалық кеш
Қадірлі көрермен! Сіздерді 14 сәуір сағат 18.30 да, 15,16 сәуір күндері сағат 15.00 және 18.30 да өтетін «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» ғашықтар күніне арналған «Махаббат формуласы» сазды лирикалық кешке шақырамыз!
Адамзатты қозғаушы – маххабат. Жерді жарып шыққан көк те қос түйін болып бүршік атады. Ұшқан құс та айдынға сыңарымен қонады. Күллі әлем махаббаттан мейірім алады. Табиғат махаббатпен тыныстайды. Әлемге әр берген, сән берген – махаббат формуласы.
🔹Қоюшы режиссері – Алмас Шымалиев
📍Мекен жайы: Нұрсәт м/а. Н.Назарбаев даңғылы 6.
📌Анықтама тел: 77-10-43, 8 778 249 59 20