Тіршілік базарынан Шәмші кеткенімен, соңында қалған ән шеруі кеткен жоқ. Жыл өткен сайын жаңарып, түрленеді. Биік сахналардан шалқыта шырқалған Шәмшінің әнін тыңдағанда жүрегі елжіремейтін, жаны балқымайтын жан сірә жоқ-ау?.. Тек… Үңілгенге шалқыған әннің астарында Шәмшінің шері жатыр…
Қадірлі көрермен!Сіздерді қаңтар айының 27,28,29 күндері өтетін И.Сапарбайдың “Сыған серенадасы”– музыкалық драмасының премьерасына шақырамыз!Қазақ вальсінің падишасы, ұлы композитор, Қазақстанның халық артисі Шәмші Қалдаяқовтың әнін білмейтін жан жоқ болар. Жүрекжарды әндері соқтықпалы-соқпақсыз тағдыр жолының …
Аманат!..Алдыңда әлі ұлы күндер,Қайта оралып түрігімдер.Бөлінгенді – бөрі жейді,Бірігіңдер, бірігіңдер! Кешегі бабалар бүгінгі ұрпақты рухтандырып, тарыдай тарап кетпеуге шақыратын «Аманат» этно-композициялық толғауымен Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры 87-ші маусымының …
Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына биыл – 1150 жыл. Осыған орай Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры көрермендерге Ш.Құсайыновтың «Әбу Насыр әл-Фараби» атты тарихи драмасын ұсынды. …
Жаңа жігер, ыстық ықыласпен және сізерге деген үлкен махаббатпен
көптен күткен 87 – театр маусымының ашылатынын қуана хабарлаймыз!
Карантин режимін сақтай отырып, театр маусымының ашылуына арналған «Аманат» этно-композициялық толғаудың премьерасына шақырамыз!
Елімізде орын алған төтенше жағдайларға байланысты театр репертуарындағы қойылымдардың уақытша тоқтатылғаны белгілі. Алайда патша көңілді көрерменіміз үшін театрымыз онлайн режимде жұмыс жасайды. Алдағы уақытта біздің спектакльдерімізді Ж.Шанин театрының YouTube арнасынан …
Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры Қазақстан драма театрларының «Сын – шын болсын…» Ә. Сығай атындағы республикалық фестиваліне қатысуға өтінім білдірді
Театрдың көркемдік кеңес мүшелерінің құрамы қайта жаңарып, 26 ақпанда 2020 жылдың алғашқы отырыс өтті. Кеңес отырысында шығармашылық құрам жыл бойында атқарылар жұмысты нақтылап, саралады.
Тәуелсіздік жолындағы тарихи оқиғалардың маңызды мерекелеріне құрмет көрсету жылында Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры Жеңістің 75 жылдығына арналған С.Жүнісовтің “Жаралы гүлдер” драмасының премьерасын ұсынады.