Есімов Жұмабек Әсілұлы

Есімов Жұмабек  Әсілұлы

Есімов Жұмабек  Әсілұлы 1964 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Көмешбұлақ аулында қарапайым отбасында дүниеге келді. 
1981жылы 17 потсъезд атындағы орта мектебін тәмәмдады. Сол жылы Ә.Қастеев атындағы көркем-сурет училищесіне  «суретші» мамандығына оқуға түсті.
1983-1985 жылдар аралығында отан алдындағы әскерлік борышын орындауға аттанды. 1985 жылы әскерден оралған Жұмабек Әсілұлы  аталған оқу орнында  «суретші» мамандығы екі жылда бір қабылданатын болғандықтан уақытты босқа өткізбеу үшін Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрына дыбыс оператор (техник-радист) қызметіне орналасады.
1986жылы оқуын жалғастырып, 1988 жылдан бүгінгі күнге дейін Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында жұмыс істеп келеді. 1994-2005 жылдар аралығында (белгілі себептермен) Шымкен педагогикалық мәдениет институты мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің режиссура мамандығын тәмәмдады.
1999жылдан бүгінгі күнге дейін Ж.Шанин қазақ драма театрында музыка бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етіп келеді. Ол қызмет еткен уақыттан бері көптеген режиссерлермен тіл табысып, қойылым сазын көркемдеуде ортақ шешімге келіп, сахналанған шығарманың жанрын көңіл тербетер әуездермен әрлеуде.
33 жылдан астам театрда жұмыс істеген уақыттан бері сахналанған  жүздеген қойылымдардың басым көпшілігіне әуен арқылы жан бітіріп келеді. Ж.Есімов әрбір шығарманың музыкалық образын табуда шеберлік танытуда.  Сахнадағы  бейнелердің тұтастай ішкі күйзелісіне, артистің образды жоғарғы деңгейде көрерменге нанымды етіп жеткізуде Ж.Есімов тарапынан берілетін әуендер өз өрнегімен көркемделеді. Қ.Жетпібаев, Ж.Омаров, Р.Сейтмет, Ә.Құлданов, А.Әшімов, С.Елеусізов, И.Сапаров, С.Тасеменова,  А.Алтынбеков, Ө.Тастанбеков, Е.Уразымбетов сынды т.б. әр кездерде театрдың көркемдік жетекшісі, бас режиссері, қоюшы режиссері болған суреткерлердің айтар ойлары мен трактовкаларының көрерменге жол табу жағынан әсем әуендерді жинақтауда кәсіби маман ретінде өз болмысымен шығармашылық тұлға ретінде қалыптастырды. Ж.Есімовтың шығармашылық өрлеу алған тұсы кейінгі 15жылдың көлемі болып есептеледі. Театрдың  осы жылдар аралығында көптеген халықаралық, республикалық фестивальдерде көркемдік деңгейі жоғары қойылымдармен қатысып жүлделі орындарға ие болса, сөз жоқ оған Ж.Есімовтың да қосқан үлесі аз емес. Жүлделі орындарға ие болған қойылымдарға еңбек еткен режиссер, актер, суретші т.с.с. шығармашылық қызметкерлердей Ж.Есімовтың де еңбегі еңселі. Сондай-ақ, кейінгі жылдарда театрда көптеген режиссерлермен қызмет етіп тәжірибе жинақтаған Ж.ЕсімовЛ.Корсунскийдің «Шиебөрінің айласы», Д.Исабековтің «Әпке», М.Байжиевтің «Тіл табысқандар», Қ.Байсеитов, Қ.Шаңғытбаев «Беу, қыздар-ай» қойылымдарын сахналады. Ж.Есімов халықаралық, республикалық, облыстық көптеген мерекелік іс-шаралардың сапалы деңгейде өтуіне атсалысып келеді. Мерекелік іс-шаралар мен театрда талмай еңбек етіп келе жатқаны ескеріліп, ҚР Президентінің 2012 жылғы желтоқсанның 5-індегі жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының Құрмет  грамотасымен, Білім мен Ғылым министрінің, облыс әкімінің, облыстық мәдениетбасқарма бастығының, облыстық туризм және спорт басқарма бастығының көптеген алғыс хаттары берілді. Кез келген сахналатын қойылым, өткізілетін мерекелік іс-шара болсын Ж.Есімов табиғи дарын иесі ретінде өз шығармашылық пікірін ортаға салып, сараптап, кәсіби тұрғыда талдау жасайды. Ж.Есімов әлі де көрермен жүрегіне жол табар құпиялы сырға толы қойылымдарға жүрек толқытар әуез арқылы ажар беретіні, рухани эстетикалық ләззатқа толы театр өнерін дәріптеуі  даусыз.