Билетті сатып алу

Билетті сатып алу

19-20 қазан сағат  19:00

И.Сапарбай “Сыған серенадасы”  музыкалық  драма

Қазақ вальсінің падишасы, ұлы композитор, Қазақстанның халық артисі  Шәмші Қалдаяқовтың әнін білмейтін жан жоқ болар.  Жүрекжарды әндері соқтықпалы-соқпақсыз тағдыр жолының қилы қалтарысынан өтпесе осыншама көркем болып, жүректе дәл осылай жатталмас па еді? Ал сіз Шәмшінің сезім қылын шертер ғажайып құдіретті әндерінің тууына себепкер болған өмір жолын білесіз бе? 

23-24 қазан сағат  19:00

Т.Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» комедия

Ауылда өскен әрбір қазақ ауылды аңсайды, сағынады. Ауылға деген сағыныштың аптығын басып, ауыл өміріндегі күлкілі жайды көз алдыңа келтіретін «Бес бойдаққа бір той» спектакліндегі оқыс оқиғаларда зіл жоқ. Жеңіл әзіл, әдемі қалжыңға толы.   Бес бойдақ – Қырманбай шалмен оның ұлдары мен қыздары. Әлімсақтан келе жатқан әкелер мен балалар мәселесін бүгінгі күн, ұлттық дүниетаным тұрғысынан көтеретін комедияға әрбір кейіпкердің қимыл-әрекеті, мінез-құлқы күлкі шақырады.

27-28 қазан сағат 19:00

Р.Отарбаев “Шырмауық” драма

Адамзатты бомбасыз да жоюға болады. Азғындық жолымен. Оған апаратын шырмауық жол – нашақорлық. Үмітін үкілеп таққан отбасының жалғызы нашақорлықтың шырмауына шырмалып, ата-анасын ажалынан бұрын мәңгілікке аттануына себепкер болды. Жаһанданудың жалмауызына айналған нашақорлық апатының алдын алуға бола ма? Әлемді ат тұяғымен тітіреткен, егеулі найза қолға алған бабалар ұрпағы бүгінгі таңда не себепті азғындану жолына жеңіл ұшырауда? Қойылым осы сұрақтарға жауап іздейді.