Билетті сатып алу
9 маусым сағат 19:00
Х.Хурсандов “Өлдік те құрметті болдық” комедия
Ата – ананы көзі тірісінде қадірлеу, перзенттік міндетіңді адал атқару, бауырлар арасындағы жылы қарым-қатынастың дұрыс болуы жөніндегі қызығы мен шығығы көрсетілетін отбасылық өмірдің көрінісін қамтитын қойылым
11 маусым сағат 19:00
“МАХАББАТ ФОРМУЛАСЫ” сазды-лирикалық қойылым
Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,
Бір жұлдыздан тұрады, махаббаттың аспаны.
Сол бір жұлдыз жанады, сол аспанды жарық қып,
Жарықта да түк көрмес ғашық болған жарықтық!
Сол жұлдызсыз белгілі, оның естен танары,
Маңдайда емес, жүректе – Ғашықтардың жанары.
Сол жүрекпен қараймын, сол жұлдызға сүзіліп,
Шаңыраққа ілінді ол, көк аспаннан үзіліп.
Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,
Бір жұлдыздан тұрады шаңырақтың аспаны!
16, маусым сағат 19:00
17, 18 маусым сағат 17:00
М.Шаханов “Танакөз” поэтикалық драма
Кез келгеннің қолы жетпес,
Кез келегеннің жолы жетпес,
Айналайын ұлы достық,айналайын атыңнан,
Құлатпашы бізді мәңгі осы биік сатыңнан!
22, 23 маусым сағат 19:00
А.Кәрім»What,,s Ap5Б» Комедия
Спектакльде мектеп оқушылары ата-аналарының ватсап интернет группасындағы баласы үшін әлекке түсетін әрекеттері мен күнделікті өмірі баяндалып, комедиялы оқиғалар легіне ұласады. Қойылым – дамыған қазіргі замандағы ватсап интернет байланысының шырмауына шырмалған адамдардың шынайылығы, ата-ана мен бала арасындағы тәлім-тәрбие төңірегінде күлдіре отырып ой қозғайды.
89 – театр маусымының жабылуы
30 маусым сағат 19:00
С.Қасымбек” Атжалман ғасыр” тарихи қасірет
Қазақ театр өнерінің негізін қалаушы Жұмат Шаниннің өмірінің ең соңғы кезеңін қамтитын ««Атжалман ғасыр» тарихи қасіретінің өзегі болып ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ интеллегенциясының басына төнген зұлмат кезеңнің бас Кейіпкерлері – бір Одаққа біріккен кеңес жүйесінің «марқасқалары» жүргізген саяси ойынын Шанин шеккен қасірет арқылы көркем формада көрсетеді. Қазақ театрын ашу жолында қажыр-қайраты мен білімін арнаған тұңғыш режиссер, актер Жұмат Шаниннің 130 жылдығына арналады.