АХМЕТОВ ТИМУР НҰРАЛЫҰЛЫ
«Өнертану» ғылымдарының магистрі
Туған күні, айы, жылы, жері: 1986 жылы 28 шілдеде Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы), Шардара ауданында дүниеге келген.
Білімі: Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын «Өнертану» факультетінің «театртану» мамандығы бойынша ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әшірбек Сығай шеберханасын тәмамдаған.
2013 жылы Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер Университетіне магистратураға оқуға түсіп, 2015 жылы «Өнертану» ғылымдарының магистрі атанды.
Жұмыс орны, қызметі: 2007-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрының Әдебиет бөлімінің меңгерушісі.
2013-2015 жылдары Астана қаласындағы Жастар театрында Әдебиет бөлімінің меңгерушісі.
2015-2016 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, «Мәдениет және педагогика» факультетінің оқытушысы.
2015-2018 жылдары Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында Ақпарат және жарнама бөлімінің және труппа меңгерушісі.
2019-2020 жылдары Театрдың көркемдік жетекшісі
Бүгінгі таңда Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында директордың шығармашылық жөніндегі орынбасары