Алиева Алтынай Ескендірқызы
Туған күні, айы, жылы, жері: 1982 жылы 14 шілдеде Түркістан қаласы, Ынталы ауданында дүниеге келген.
Білімі: 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан Ашық университетін «филология» факультетінің «қазақ тілі және әдебиеті» мамандандыруы бойынша, 2019 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Мәдени – тынығу жұмысы» қызмет көрсету саласында білім алған.
Жұмыс орны, қызметі:
1999 -2008 жылдар аралығында «Шымкент шоу» жастар театрында әнші, актриса болып жұмыс жасады.
2010-2014 жылдар аралығында жеке кәсіпкерлік жетекшісі қызметін атқарған.
2014-2016 жылдар аралығында Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығында «Жастармен жұмыс жасау» бөлімінің әдіскері болып қызмет еткен.
Бүгінгі таңда Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында «Ақпарат және жарнама» бөлімінің меңгерушісі.