АҢДАТПАЛАР

  Жаңалықтар біздің сайтымызда:
 
 

19.01.2017 - Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсеитов «Беу, қыздар-ай...» (комедия)   17.01.2017



Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсеитов «Беу, қыздар-ай...» (комедия)

Ж. Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры 19 қаңтар сағат 18.30 да «Беу, қыздар-ай...» комедиясына шақырады.

ХХI-ші ғасыр табалдырығынан аттаған жастардың махаббаты мен «ауыл өмірінің» арасында рухани байланыс бар ма?! Бүгінгі жастардың ауыл тіршілігіне деген көзқарасы өзгерді ме?! ХХ-шы ғасырда ауыл өмірінің өзекті мәселесі болған - жастарды еңбекке баулу тақырыбы бүгінгі таңда өзгеріске ұшырады ма?! Заманауи жастардың ауыл өміріне оралғысы, тамырын тереңдеткісі келе ме?!

Міне, кешегі күннің тақырыбы – бүгін де өзектілігін жоғалтай отырғаны жайлы әзілінің астары – әлеуметтік мәселені қозғайтын көңілді комедия. Жүрек жылуын махаббатпен тербегін Айсұлу арудың әпкелері мен бір күнде тап болған күйеу жігіттер арасында болған қызықты хикаят.

Қоюшы режиссер – Жұмабек Есимов

Қоюшы суретші – Баубек Аширбаев.

Байланыс сымтетігі 77 10 43, 77 10 37 8 701 462 45 66



9-10.11.2016 - «Беу, қыздар-ай...»  03.11.2016



Қ. Шаңғытбаев, Қ. Байсеитов «Беу, қыздар-ай...» (комедия)

ХХ1-ші ғасыр табалдырығынан аттаған жастардың махаббаты мен «ауыл өмірінің» арасында рухани байланыс бар ма?! Бүгінгі жастардың ауыл тіршілігіне деген көзқарасы өзгерді ме?! ХХ-шы ғасырда ауыл өмірінің өзекті мәселесі болған - жастарды еңбекке баулу тақырыбы бүгінгі таңда өзгеріске ұшырады ма?! Заманауи жастардың ауыл өміріне оралғысы, тамырын тереңдеткісі келе ме?!

Міне, кешегі күннің тақырыбы – бүгін де өзектілігін жоғалтай отырғаны жайлы әзілінің астары – әлеуметтік мәселені қозғайтын көңілді комедия. Жүрек жылуын махаббатпен тербегін Айсұлу арудың әпкелері мен бір күнде тап болған күйеу жігіттер арасында болған қызықты хикаят.



11.10.2016 - Тілтабысқандар  09.10.2016



Мар Байджиев - «Тілтабысқандар» комедия
«Ана тілің – арың бұл...»

Ұлттың басты айқындаушы күші – тілі...
Жаһандану кезеңі белең алған ғасырда, ұлттың болмысына төнген ең үлкен қауып – тіл тағдыры.... Өркениеттің алғы сабында - тіршілік нөпірінде өмір сүріп жатқан қала тұрғындары күнделікті ағыммен тыстағы тіршілікті қойып – отбасылық қарым-қатынаста өзге тілді қолдауының салдарынан «мәңгүрт ұрпақ» қаулап келе жатқаны, қоғамда алаңдатушылық үрейін туғызып отырғаны жасырын емес. Отан – от басынан басталады десек, бір отбасының өз тілінде тілдесе алмай, өзге тілде шүлдіреуі неткен қасірет?!
«Тілтабысқандар» - ауылдан келген Әпкенің, сан-алуан күлкілі жайттарға тап бола отырып ұлт болашағының бесігін тербеткелі отырған жас қыздың шұбарланған тілін – ана тіліне бұруы жайлы көңілді комедия.

10 қазан сағат 16.00 де 17.30 да.

Анықтама телефондары; 77-10-37. 8 701 462 45 66



27-28.09.2016 - Жеңгетай  27.09.2016



Жұмат Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры
27 , 28 қыркүйек күндері сағат 19.00 де Е. Төлеубайдың «Жеңгетай» комедиясын тамашалауға шақырады.

Қойылым оқиғасында Толым апайдың пәтерін жалдап тұрып жатқан бойжеткен төрт қызға өмірлік серік іздеген жеңгетайдың әлегі баяндалады.

Күлімкөз жеңгетай мінез-қылығы төрт түрлі бойжеткендерді төрт түрлі серілермен таныстырып, тездетіп тұрмысқа беріп құтылмақ. Себебі, үй иесі Толым апайдың өзі де Күлімкөз жеңгетай таныстырған Қотан ақсақалға тұрмысқа шығып бақытты өмір сүрмек.

Спектакльдегі кейіпкерлердің бір-бірлерімен танысып, өмірлік серік табуындағы оқиға барысы қызықты комедиялық ситуациялардан құрылған.

Қоюшы режиссер – И. Сапаров. ҚР Мәдениет саласының үздігі.
Қоюшы суретші – Қ. Жұмақұлов. ҚР Мәдениет қайраткері.

Театрдың көркемдік жетекшісі - Қ.Қасымов. Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты.



30.08.2016 - Конституция күнімен құттықтаймын!  29.08.2016



Құрметті әріптестер!

Сіздерді, шын жүректен Конституция күнімен құттықтаймын.

Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз - Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт - береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Ізгі ниетпен,

Ж. Шанин атындағы облыстық академиялық

қазақ драма театрының директоры С.Мандипов.



06.07.2016 - Қазақ театры орны толмас қазаға ұшырады.  06.07.2016



Қазақ театры орны толмас қазаға ұшырады.

Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының абыз актері, театр тұлғасы ҚР еңбек сіңірген артисі «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, театр және кино актері Ошат Рахимов дүниеден озды.
Театр тұлғасымен қоштасу рәсімі 6-шілдеде сағат 15.00де Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында өтеді.

Өмірбаян.

Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген әртісі Ошат Рахимов Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданына қарасты Бәйдібек ауылында (бұрынғы «Ленин жолы» колхозы) 1939 жылы дүниге келген. Мектеп қабырғасынан кейін Алматыда алғаш ашылған театр студиясын 1959 жылы тәмәмдап, 1960-1962 жылдары М.Әуезов атындағы Академиялық мемлекеттік қазақ драма театрында қызмет етті. 1962 жылдың қараша айында туып-өскен елге оралып, содан күні бүгінге дейін облыстық Ж.Шанин атындағы театрында үзіліссіз еңбек етіп келген. Сахна төрінде жүзден аса тұлғаларды сомдап, өнер сүйер қауымның көз қуанышына айналған актер. Әсіресе оның Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлуындағы» - Қозы, «Қыз Жібегінде» - Бекежан, «Ақан сері – Аққтоқтысында» - Ақан, Хазірет, М.Әуезовтың «Абайындағы» - Оразбай, Жиренше, Әбдірахман, «Еңлік – Кебегінде» - Көбей би, «Айман – Шолпанда» - Жарас, Балпық, «Қарагөзде» - Нарша, С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» - Бүркіт, «Шохан Уалихановта» - Жақып, В.Шекспирдің «Асауға тұсауында» - Люченцию, «Ромео мен Джульеттада» - Капулетти, «Юлий Цезарда» - Брут, Шиллердің «Зұлымдық пен махаббатта» - Фердинанд, Қ.Мұхамеджановтың «Біз періште емеспізде» - Сәкен, «Жат елдесінде» - Асан, Жұман, Х.Бекхожиннің «Ұлан асуында» - Барақ тағы басқа тарихи және бүгінгі драматургтардың туындыларын әсем де әсерлі етіп бейнелеуі әртістің бойындағы талантының шыңдалғанын айқын аңғартса керек. Ошат Рахимовтың осындай еңбектері елеусіз де қалған емес. Әр нәтижелі бейнеттің жемісі, марапаты кезең-кезеңінде жоғары жақтан елеп, ескеріп, актер шабытының шырқауына қанат бітіріп келеді. Айталық, 1980 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Совет Құрмет грамотасымен, Республикалық, Халықаралық театрлар фестивальдерінің лауреаты, «Еңбек», КСРО мәдениет министрі мен Мәдениет қызметкерлері кәсіподағы Орталық Комитетінің медальімен, 1988 жылы Өзбекстан мәдениет министрі мен кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен, 1991 жылы «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әртісі», Сайрам ауданының «Құрметті азаматы», 2003 жылдың «Ең үздік актері», 2009 жылдың «Золотой лидер», «Театр өнерінің үздігі», «Сахна шебері» т.с.с облыстық, республикалық грамоталар, алғыс хаттар, дипломдар осының айғағы. О.Рахымовтың актерлігімен қоса ақындық та дарыны бар. Өзі жазған өлеңдеріне ән де жазтын әуесқой сазгер. Өз әндерін өзі орындайтын әнші.




15.06.2016 - Театрға бастар нұрлы жол!  17.06.2016



Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының 82 театр маусымын жапты.

82-ші маусымын ОҚО Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры ерекше салтанатпен ашты. «Театрға бастар нұрлы жол» деген бастамамен өнер акциясын ұйымдастырған ұжым, сонау алпысыншы жылдардан бері екі бірдей театрға баспана болған бұрынғы ғимараттан – жаңа ғимаратқа қоныс аударуын Әль-Фараби даңғылынан «Өнер отын» жаңа қонысқа салтанатпен алып келді.

82- театр маусымда театр ұжымына жаңа көркемдік жетекші болып Халықаралық Ш.Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов тағайындалды. Маусым шымылдығы Д.Рамазанның «Абылай ханның арманы» тарихи драмасымен ашылды. Алғашқы премьера С.Досановтың «Тозақ шеңбері» трагедиясы сахналанды. Қойылымның көрерменге айтар ойы тыянақты, кешегі желтоқсандағы жастардың ел тәуелсіздігі үшін барған батыл қадамын паш етумен басталды. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына арналған қойылымды көркемдік жетекші Қ.Қасымов сахналап, премьераға автор жазушы, драматург Сәбит Досанов және облыс басшысы Б.Атамқұлов қатысып, сахна төрінен жаңа ғимаратқа қоныстанған театр ұжымына автобус көлігін сыйға тартты. Жаңа лептен қуаттанған шығармашылық ұжым, жаңа белестерге құлшына ұмтылды.

82 – театр маусымында А.Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» әдеби музыкалық толғау (реж. Қ.Қасымов), Б.Абдураззаковтың «Әйел сыры» сахналық новелласы (реж. Қ.Қасымов), М.Байджиевтің «Тіл табысқандар» комедиясы (реж.Ж.Есимов), М.Бошбековтің «Темір қатын» комедиясы (реж.Қ.Қасымов), Р.Отарбаевтың «Бас» драмасы (реж.Қ.Қасымов) сынды жаңа премьералар көрермен назарына ұсынылды. Жас көрермендерімізге арналған А.Атымтаеваның «Кім патша?» (реж. М.Хабибуллин), Ж.Омаровтың «Құлыншақ пен Бөлтірік» (реж.Қ.Қасымов) ертегілері тәлімдік мағынадағы берер тәрбиесімен репертуарымызда өзіндік орынды иеленді.
«Театр көктемі 2016» облыстық театр фестивалінде театр Р.Отарбаевтың «Бас» (реж.Қ.Қасымов) драмасымен қатысып, бас жүлдені иеленді.

Маусым аралығында ұжым Қызылорда, Қарағанды қалаларында гастрольдік сапарда болып, аталған өңірлерге өз өнерлерін паш етті.

Төккен тердің еленіп, төсбелгілер мен марапаттарға ұласып жатқаны, өз алдына бір төбе. «Қазақ хандығының 550 жылдығы» медальімен ҚР Мәдениет қайраткері М.Шакиров пен актер М.Дариев марапатталып, Қазақстан «Серпер» жастар одағы сыйлығын актриса Ж.Сарыпбекова иеленді.

Сүбелі сый – ҚР Мәдениет қайраткері М.Шакировтың «Құрмет» орденін иеленуі. Сонымен қатар, актриса Ұ.Сафаралиева «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен, Қ.Байымбетова, Ұ.Артықбаевтар облыстық «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды. «Ассамблеяның 20 жыл» медалімен ҚР Мәдениет қайраткері Г.Еспаева, ҚР Мәдениет қайраткері А.Жұмабекова «Конституцияның 20 жылдығы» медалімен наградталып, театрдың мерейін үстем етті.

Мамыр айының мамыражай күндерінде Қазақстанның халық артисі, «Парасат» орденінің иегері Айша Абдуллина анамыздың 100 жасқа толған ғасыр тойын күллі республика болып театр сахнасында тойлады.

82-ші маусымды осындай жемісті жетістіктермен аяқтаған Шаниндіктер, келесі маусымды қарқынды бастауды жоспарлап отыр.



26-28.05.2016 - Репертуар  27.05.2016



26 мамыр сағ.19.00-де «Тозақ шеңбері»,
27 мамыр сағ.15.00, 19.00-де М.Байжиевтің «Тіл табысқандар»,
28 мамыр сағ.11.00-де Ж.Омаровтың «Құлыншақ» (ертегі),
28 мамыр сағ.19.00-де Ш.Башбековтың «Темір қатын» қойылымдарына шақырады.

М/ж. Нұрсәт м/а. Астана даңғ. 6. Анықтама тел. 29-38-58, 27-91-82. 8701 462 4566



26.05.2016 - «Тозақ шеңбері» - трагедия  25.05.2016



ОҚО Ж.Шанин атындағы Академиялық қазақ драма театры

Сәбит Досанов «Тозақ шеңбері» - трагедия

Ұлт басынан кешкен сәттер – тарихтың қойнауынан өшпейтін даңқты кезеңдерге айналары сөзсіз...Халқымыздың айбынын асқақтататын қайраты қажырлы, намысы туын жыққызбаған ұл-қыздарымыздың өрмінез қаракеті бүгінгі ұрпаққа ұмытылмас өнегеге айналған ХХ-шы ғасырдың аяғы - қазақ халқының тарихында ерлік пен қайсарлықтың, Тәуелсіздік жолында күрескерліктің айнымас айбынын арттырған ғасыр боп мәңгілікке жол тартты...

Автор: «БҰЛ ЕҢБЕГІМДІ тағдырдың барлық тауқыметін халқымызбен бірге көтеріп келе жатқан қаракөз қарындастарым мен інілеріме, желтоқсанда ықпаған, ерлік туын жықпаған батыр да парасатты ұрпаққа арнадым» - деген аманатын бүгінгі жас ұрпаққа арнап отыр.
Қойылым – қатерлі желтоқсан оқиғасын әлемдік қақтығыстармен салыстыра отырып, психалогиялық терең мағынада талданған.
Қоюшы-режиссер – Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері, театрдың көркемдік жетекшісі Қуандық Қасымов.
Қоюшы-суретшісі – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов

26 мамыр сағат 19.00 де

М/ж. Нұрсәт м/а. Астана даңғ. 6. Анықтама
тел. 29-38-58, 27-91-82. 8701 462 4566





21.05.2016 - Халық артисі – Айша Абдуллина  19.05.2016



«ҒАСЫРҒА ҰЛАСҚАН ҒҰМЫР»
Өмірі өнермен өрілген Қазақстанның Халық артисі – Айша Абдуллина.
21 мамыр күні сағат 11.00 де Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының сахнасында өтетін ҚР Халық артисі Айша Абдуллинаның 100 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кешінің
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ.

Қазақстанның халық артисі, «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» Айша Абдуллина биыл 100 жасқа толып отыр. Иісі қазаққа жанашыр тұлғаның мерейтойы аясында өңірімізде «Айша Абдуллина апталығы» ұйымдастырылуда.

Оңтүстік Қазақстан облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылатын мерейлі мерекеге еліміздің кәсіби театрларымен бірге, Ғасыр құрдасы Айша Абдуллина апайымыз да көрермендерге өз тартуын дайындауда.

Айша Абдуллина 1916 жылы 26 желтоқсанда Алматы қаласындағы орта шаруа отбасында дүниеге келді. 1923-1933 жылдары Ахмет Байтұрсынов атындағы №18 қазақ орта мектебінде білім алды.
1933 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры жанындағы екі жылдық актерлер дайындайтын студияға түсіп, сол жылы қараша айының 13-і күні театрға әртіс болып қабылданды.
1936 жылы Москвада өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан.
1941 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен «За трудовую доблесть» медалімен марапатталды.
1942 жылы екінші Беларусь майданында, 1943 жылы Қиыр Шығыс майданында концерттік бригада құрамында алдыңғы шептерде коцерт берген.
1943 жылы «Қазақ ССР-ның Еңбек сіңірген артисі» атағын алды.
1947 жылы М.Әуезов театрынан Оңтүстік Қазақстан облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрына ауысып. сахнада 200-ден аса сүбелі рольдер сомдады. К.Гальдони «Екі мырзаға бір қызметші» - Биатриче, О.Бальзак «Өгей шеше» - Гертруда, А.Островский «Жазықсыз айыптылар»- Гольчиха, Шекспир «Ромео-Джульетта» - Леди Капулетти, М.Әуезов «Қобыланды»- Құртқа секілді тарихи тұлғалармен қоса заманауи рольдерімен көрермен жадында сақталып қалған ерен актриса.
Айша Абдулина 14 рет Кеңес Одағы медальдарымен наградталды. 1958 жылы «Қазақ ССР-нің халық артисі» құрметті атағын алып, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысады. Оңтүстік Қазақстан облыстық кеңесіне және екі дүркін Шымкент қалалық кеңесіне депутаттыққа сайланып, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың екі рет «Алғыс хатын» алған тарлан, 1996 жылы Президент стипендияасының иегері атанады.
КСРО, Қазақ ССР Жоғары Советі Президумының Құрмет Грамотасымен, «Құрмет белгісі» орденімен наградталған.
«Парасат» орденінің иегері.
2004 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» атанды.




 [1-10]  [11-20]  [21-30]  [31-40]  [41-50]  [51-60]  [61-70]  [71-80]  ... [81-83] 

 
 
 
  « Қайт- кейін...