АҢДАТПАЛАР

  Жаңалықтар біздің сайтымызда:
 
 

20-30.12.2018 - «Жаңа жылдық» бағдарламасы...  14.12.2018



«Жаңа жылдық»

Жылдар жылжып, уақыт сырғып, өз қызығына толы әр күніміз өтіп жатыр. Міне, биылғы жыл да өз міндетін келер жылдың еншісіне тапсыруға да аз уақыт қалды.
Жаңа жыл - әр бір отбасы мен бүлдіршіндер үшін ерекше мереке екені рас. Осы орайда Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры Сіздерді 20 - 30 Желтоқсан аралығында сағат 10.00, 12.00, 14.00 де өтетін қызықты «Жаңа жылдық» ертеңгіліктерге шақырамыз!


Қоюшы режиссер – Алмас Шымалиев
Қоюшы суретші - Батырбек Қабылбеков
Театрдың көркемдік жетекшісі - Жұмабек Есимов.



7,8,11 Желтоқсан - «Келіндер көтерілісі» комедия  04.12.2018



ПРЕМЬЕРА!
С. Ахмад «Келіндер көтерілісі» комедия

Қадірлі көрермен!

Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры,
7 – 8 Желтоқсан күндері С. Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясының премьерасына шақырады!
Отбасы құндылығының түпкірінде не жатыр? Әрине – ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік, түсіністік, сыйластық!
Отбасына түскен жас келін, өз алдына жеке тұрғысы келіп, жеті абысыны арасында ене саясатына қарсы «бөлек шаңырақ құруға» насихат жүргізеді. Отбасының ұйытқысы болып отырған Фармон бибінің, сегіз келіннің басын – бір әуліде ұстағысы келген мақсатында, терең мән бар. Тіптен, сегіз ұл мен келіннің айлық жалақысын сыпырып алатын сахнасының түбінде де – бір қазанға құйылатын береке-бірлікті көреміз. «Абысын тату болса – ас көпті» жеңіл комедия тереңдете ұғындырады.
7 Желтоқсан 16:00, 18:30
8 Желтоқсан 16:00, 18:30
11 Желтоқсан 12:00, 15:00
Қоюшы режиссер – Жұмабек Есімов
Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов
Театрдың көркемдік жетекшісі - Жұмабек Есімов.



21, 22, 23 ҚАРАША - «Торға түскен Түлкі» (ертегі)   21.11.2018



Б. Бекжанов «Торға түскен Түлкі» (ертегі)

ПРЕМЬЕРА!
Театрдың кішкентай көрермендері мен қаламыздың қадірлі қонақтары!
Сіздерді, Б. Бекжановтың «Торға түскен Түлкі» ертегісіне шақырамыз!

Әлемдегі әр оқиғаның түбінде шындық жатады. Әу баста Түлкі, иен далада, орманда еркін өмір сүрген. Бәріне кінәлі мінезі. Жолына кездескенді алдағысы, арбағысы келеді де тұрады. Бір емес, бірнеше рет алданған аңдар арасында наразылық туады. Аңдарды алдағанымен қоймай, адамдарды алдауға кіріседі. Шыдамы таусылған Шеңгел, наразы жүргендерді біріктіріп, Түлкіге қарсы қояды. Көптің күші қойсын ба?! Жақсылықты түсінбеген Түлкіні ақыр түбі зообақтағы темір торға қамауға мәжбүр болады.

Ертегінің пәлсапасы – өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам. «Өзгеге ор қазған – өзі зорға жолығады»

21, 22 ҚАРАША САҒАТ 11:00, 12:00, 14:00
23 ҚАРАША САҒАТ 10:00, 12:00, 14:00

Қоюшы режиссер – Алмас Шымалиев
Қоюшы суретші - Батырбек Қабылбеков
Театрдың көркемдік жетекшісі - Жұмабек Есимов.



12-13.11.2018 - Б. Әлімжанов «Ойран» драма  10.11.2018



Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры, 12 - 13 қараша сағат 16.00 де Б. Әлімжанов «Ойран» драмасына шақырады.

Адамның жоғарғы күш – Жаратқан Иеге, Құдайға деген сенімі, тіршілік сатысынан табанын тайдырмай өтуіне бірден-бір себепкер тылсым дүние. Өкінішке орай, «сенім парасатын» өз пайдасына пайдаланып жатқан небір діни секталардың елімізде қара шыбынша қаптап, өмірге көзін ашқан жастарымыздың санасын жегі құрт боп егеп жатқаны саналы азаматтарды бейтарап қалдырмай, баршамызға жанайқай болуы керек. Қойылым - осындай актуальды мәселені көтереді.

Қоюшы режиссер – ҚР Мәдениет қайраткері Иманәлі Сапаров
Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов
Театрдың көркемдік жетекшісі - Жұмабек Есимов.



7-8.11.2018 - Е. Төлеубайдың «Жеңгетай» комедия  06.11.2018



Қадірлі көрермен!

Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры
7 - 8 қараша күндері сағат 16.00 Е. Төлеубайдың «Жеңгетай» комедиясын тамашалауға шақырады.

Қойылым оқиғасында Толым апайдың пәтерін жалдап тұрып жатқан бойжеткен төрт қызға өмірлік серік іздеген жеңгетайдың әлегі баяндалады.
Күлімкөз жеңгетай мінез-қылығы төрт түрлі бойжеткендерді төрт түрлі серілермен таныстырып, тездетіп тұрмысқа беріп құтылмақ. Себебі, үй иесі Толым апайдың өзі де Күлімкөз жеңгетай таныстырған Қотан ақсақалға тұрмысқа шығып бақытты өмір сүрмек.
Спектакльдегі кейіпкерлердің бір-бірлерімен танысып, өмірлік серік табуындағы оқиға барысы қызықты комедиялық ситуациялардан құрылған.

Қоюшы режиссер – И. Сапаров. ҚР Мәдениет саласының үздігі.
Қоюшы суретші – Қ. Жұмақұлов. ҚР Мәдениет қайраткері.

Театрдың көркемдік жетекшісі - Жұмабек Есимов
М/ж. Нұрсәт м/а. Астана даңғылы 6.

Анықтама
тел. 77-10-37, 77-10-43 8 701 687 30 34, 8 702 642 19 37

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНДА ҚАУЫШАЙЫҚ!



05.11.2018 - М. Әуезов – «Қарагөз»   05.11.2018



М. Әуезов – «Қарагөз» (трагедия)

Қадірлі көрермен!

Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры, 5 қараша 16.00-де, 6 қараша 11.00-де қазақ әдебиетінің інжу-маржанына айналған М.Әуезовтың «Қарагөз» трагедиясына шақырады.

М.Әуезовтың «Қарагөз» трагедиясы махаббат пен ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр тартысының таразыға түскен сәтін шебер суреттейтін, танымы мен берері мол қойылым. Махаббат үштігі; «Нарша - Қарагөз - Сырым» арасындағы тартыстың, тегеуріні мықты жеті ата заңдылығынан асып кете алмай, соңы Қарагөздің қасыретімен аяқталады. Сезім – лыпый сырғыған сынап. Мөржан – ұлттың дәстүрін бұлжытпастан бүгінгі күнге жеткізуші парасат иесі. Қай уыстың пәрмені мықты?! Үш бірдей жүректері махаббатқа толы жастарды бұлжымайтын «дала заңы», сезім шыңырауына құлатады.

Қоюшы режиссер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бекболат Құрманғожаев

Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов

Театрдың көркемдік жетекшісі - Жұмабек Есимов.



30.10.2018 - «Түнгі көбелектер» Драма  29.10.2018



Әлсейіт Ақпанбет. «Түнгі көбелектер» Драма
Қадірлі көрермен!
Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры, 30 қазан сағат 16.30-да Ә.Ақпанбеттің «Түнгі көбелектер» драмасына шақырады.
Бүгінгі күнді белінен басып қалғысы келіп, ардың ала жібін аттаған жан, өмір жолында зауалына ұшырарын ойлайды ма?!
Әлсейіт Ақпанбеттің «Түнгі көбелектер» драмасы – «барында оралыңның, ойна да күл»-ін мейлінше арзандатып, уақыттан амалын асырғысы келген аға буынның жеңіл жүрісті аңсағаннан туындаған қақтығысты оқиғасы, «жеңілдің асты, ауырдың үстімен» күн көруді меңгерген тәнін сатқан қыздар жайында. Қалтадағы ақшасының буына бөккен әкелер, елірген көңілін көтертпекке тапсырыспен шақырған кәнизәк, өз қызы болып шықса қайтер еді?!
Азғындыққа ұшыраған адамдар, басынан кешкен сәттік ләззәті – тағдырына балта болып шабыларын білді ма?..
Міне, осындай сан-алуан сұрақтарға жауап іздететін драманың көрерменге берері мол болмақ.
Қоюшы режиссер – Ақжарқын Нұртазина
Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов
Театрдың көркемдік жетекшісі - Жұмабек Есимов.



26 - 27.10. 2018 М.Әуезов – «Қарагөз»   25.10.2018



М. Әуезов – «Қарагөз» (трагедия)

Қадірлі көрермен!

Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры, 26 қазан сағат 14.00-де қазақ әдебиетінің інжу-маржанына айналған М.Әуезовтың «Қарагөз» трагедиясына шақырады.

М.Әуезовтың «Қарагөз» трагедиясы махаббат пен ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр тартысының таразыға түскен сәтін шебер суреттейтін, танымы мен берері мол қойылым. Махаббат үштігі; «Нарша - Қарагөз - Сырым» арасындағы тартыстың, тегеуріні мықты жеті ата заңдылығынан асып кете алмай, соңы Қарагөздің қасыретімен аяқталады. Сезім – лыпый сырғыған сынап. Мөржан – ұлттың дәстүрін бұлжытпастан бүгінгі күнге жеткізуші парасат иесі. Қай уыстың пәрмені мықты?! Үш бірдей жүректері махаббатқа толы жастарды бұлжымайтын «дала заңы», сезім шыңырауына құлатады.

Қоюшы режиссер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бекболат Құрманғожаев
Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов

Театрдың көркемдік жетекшісі - Жұмабек Есимов.



01.06.2018 - «Жымбала, Мико және Қасқыр»  29.05.2018



Қадірлі көрермен!

1 Маусым Халықаралық баларды қорғау күніне арналған керемет ертегіні тамашалауға шақырамыз!

Сұлтанәлі Балғабаевтың «Жымбала, Мико және Қасқыр» ертегісі сіздің кішкентайыңызға ұнайтыны анық.

Ертегіде ойнағанды жақсы көретін Жымбала мектепке барғысы келмейді. Оның Мико бастаған достары қойылым барысында білім алғанның маңыздылығын Жымбалаға жалықпастан түсіндіреді.

Ертегі – балаларды білімге, достыққа спортпен айналысуға шақырады.

Сіздерді 1 Маусым сағат11.00 де Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрына шақырамыз!



07.05.2018 - 7 МАМЫР!  05.05.2018



7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.

Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.









 [1-10]  [11-20]  [21-30]  [31-40]  [41-50]  ... [81-83] 

 
 
 
  « Қайт- кейін...