Театр әдебі


Қадірлі көрермен!


Осы кешіңізді қазақ өнерінің қара шаңырағы –  Ж. Шанин атындағы академиялық драма театрына арнағаныңызға үлкен алғысымызды білдіре отырыпеатр мәдениетін  естен шығармауларыңызды өтінеміз:

1.Театр — биік мәдениет орны. Мұнда кешкі, сәнді киіммен келген абзал.

2.Театрда темекі шекпеуіңізді және залға тағам, сусын алып кірмеуіңізді өтінеміз.

3.Спектакль алдында ұялы телефондарыңызды «дыбыссыз» режимге қойып, залда тыныштық сақтаңыз.

4.Бірінші қоңырау соғылғаннан кейін ғана көрермен залына кіруге рұқсат етіледі.

5.Спектакль басталған соң көрермен залына кіруге немесе залдан шығуға тыйым салынады.

6.«Авторлық және аралық құқық туралы» заңдар талаптарына байланысты фото және бейне түсірілімдер жасауға рұқсат етілмейді.

7.7 жасқа толмаған көрермен кешкі қойылымға кіргізілмейді.

8.Кешіккен көрерменнің орны сақталмайды және сатып алынған билеттің құны қайтарылмайды.

9.Сахнадағы әртістерге гүлді тек қойылым аяқталғаннан кейін сыйлауға болады.

10.Театр әкімшілігі репертуардағы спектакльдердің күні мен уақытын өзгертуге құқылы.