Шакиров Мұқан

Шакиров Мұқан

Туған күні айы жылы: 1945 жыл 14 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы, Отырар ауданында дүниеге келді.
Білімі: 1967 жылы Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы консерваторияның театр бөліміне түсіп 1971 жылы театр және кино актері мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, мемлекеттік наградалары, құрмет атағы:
ҚР Мәдениет қайраткері
«Құрмет орденінің» иегері
Жұмыс орны қызметі: 1972 жылы Алматы қаласындағы М. Әуезов атындағы қазақ драма театрында, 1975-1980 жылдары Талдықорған қаласында актер болып жұмыс атқарды.
1981 жылдан бастап Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық акамиялық қазақ драма театрында актер.
Аталған театрларда қысқаша ойнаған рөлдері:
М. Әуезов «Айман – Шолпан» қойылымында – Көтібар
Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Қодар
Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Жантық
Т. Ахтанов «Әке мен бала» – Әке
У. Шекспир «Ромео и Джульетта» – Тибальт
У. Шекспир «Юлий Цезарь» – Марк Антоний
С. Шаймерденов «Марғау үні» – Марғау
Ғ. Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» – Хазрет
Д. Исабеков «Әпке» – Тимур
М. Байғұт Ш. Орынбай «Қарлығаш әулие – Төле би» – Төле би
М. Әуезов «Қарагөз» – Нарша
И. Сапарбай «Сыған серенадасы» – Шәмші
О. Бодықов «Мұқағалидің соңғы әні» – Мұқағали
Ә. Әбішев «Мәди» – Мәди
Ф. Буляков «Бақ іздеген бейбақтар» – Абдолла
Т. Нұрмағамбетов «Бес бойдаққа бір той» – Қырманбай
Г. Гапаров «Қиямет қайым Киото» – Капитан
Д. Исабеков «Мұңлық – Зарлық» – Хан
Ш. Айтматов «Жанпида» – Бостон