Тауасаров Мақсат

___

Тауасаров Мақсат Жамбылұлы

Туған күні, айы, жылы: 21.06.1990 жылы Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы, Ордабасы ауданы, Қарақұм ауылында дүниеге келген.
Білімі: 2012-2016 жылдары Астана қаласы Қазақ ұлттық өнер университеті, «Миниатюра эстрада» факультетінің «Актер» мамандығы бойынша бітірді.
Мемлекеттік наградалары, құрмет атағы: ОҚО Мәдениет басқармасы, театр директоры және кәсіподақ комитетінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Жұмыс орны, қызметі: 2016 жылдан бастап Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында актер.
Ойнаған рольдері:
Е.Төлеубай «Жеңгетай» – Шайқы молда
Ә.Ақпанбет «Түнгі көбелектер» – Желімбек
Ш.Башбеков «Темір қатын» -Ғалым
М.Байжиев «Тіл табысқандар» – Асқар
С.Досанов «Тозақ шеңбері» – Ербол
Ж.Шанин «Арқалық Батыр» – Қияқ батыр
О.Богаев «Ылдиға жол» – Періште
Қ.Шаңғытбаев,Қ.Байсеитов «Беу,қыздар-ай!» – Серке
М.Әуезов «Қарагөз» – Қоскелді
У.Шекспир «Гамлет» – Шут
Р.Отарбаев «Шырмауық» – Бозөкпе
Балаларға арналған ертегілерде:
С.Балғабаев «Жымбала, Мико, және Қасқыр» – Мико
Ж.Омаров «Құлыншақ пен бөлтірік» – Бөлтірік