Шымырқұлов Еркінбек

___

Еркінбек Шымырқұлов

Шымырқұлов Еркінбек Өксікбайұлы

Туған күні, айы, жылы : 15 қараша 1958 жылы, Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) Түлкібас ауданы, Машат елді мекенінде дүниеге келген.
Білімі: Т.Жүргенов атындағы Мемлекеттік өнер академиясы, 1986 жылы бітірген – әртіс.
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, мемлекеттік наградалары, құрмет атағы:
1988 жылы Жастардың Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты.
1994 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2004 жылы Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» атағын алды.
2014 жылы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» марапатталды.
Жұмыс орны, қызметі: 1986 жылдан бастап Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында актер.
Ойнаған рольдері:
Ә.Тауасаров «Арманшыл қыз» – Болат
М.Әуезов «Абай» – Айдар
Б.Әбілдаев «Айша бибі» – Арыстан
М.Шатров «Сонда ғана жеңеміз» – жұмысшы
Ш.Мұртаза «Сталинге хат» – Тұрар Рысқұлов
С.Балғабаев « Ең әдемі келіншек» – Абдолла
М.Әуезов «Еңлік-Кебек» – Кебек.
Ш.Башбеков «Шойын қатын» – Әлімжан
А.П.Чехов «Шие бау» – Лопахин
С.Ерубаев «Менің құрдастарым» – Рахмет
Т.Нұрғамбетов «Бақалар шулаған түн» – Құрбан
Қ.Жетпісбаев «Тойдан кейін» -Қарасақал
С.Шаймерденов «Аруана дүние» – Мирас
Б.Әбілдаев «Атаң келеді артыңда» – Қален
Д.Исабеков «Анасын аңсаған қыз» – Доцент Сатанов
Д.Исабеков «Әпке» – Омар
Д.Исабеков «Әпке» – Тимур
И.Сапарбаев «Әмір Темір» – Арғын батыр
Б.Тоғысбаев «Күйеу таңдау» -Сефіл
Д.Исабеков «Сарайдағы жын ойнақ» – Патша
Ш.Айтматов, М.Шаханов «Сократ түні» – Талап
Қ.Төлеметов «Өткендер мен өткелдер» – Қалыбек
Б.Ережепов «Күйсеп жүріп билікті» – Асан
А.Бек «Бауыржан Момышұлы» – Рахимов
Ө.Боранбаев «Қаңбақ шал» – Таусоғар – Дәу
Т.Молдағалиев «Тағдырымен тайталасқан әйел» – Жұмасыл
И.Сапарбай «Сыған серенадасы» – Шәмші
Ә.Ақпанбетов «Түнгі көбелектер» – Нұрлыбай
Ә.Ақпанбетов «Түнгі көбелектер» – Құрдымбай
Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» – Қодар
Д.Исабеков «Аққу-Жібек» – Бекежан
Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Төлеген
Ш.Башбеков «Құдаша» – Масир
Д.Исабеков «Құстар фестивалі» – Қарға
И.Сапарбай «Сыған серенадасы» – Барон
И.Сапарбай «Сыған серенадасы» – Алеко
М.Байғұт Е.С.Уразымбетов «Бозторғайдың ұясы» – Оқас
Д.Исабеков «Енді қайттік?» – Айдан хатшысы
Б.Есеналиев «Мұхаммед Хайдар Дулати» – Қожа Қажы
М. Байғұт «Жоғалған Жұрнақ» – әкесі
Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» – Қазыбек би
Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» – Қалдан Церен
Абай «Желсіз түнде жарық ай» – Абай
М.Байғұт «Асқаровтың аққайыңдары» – А.Асқаров
Т.Джудженоглу «Көшкін» – Мосқал еркек
Ә. Тарази «Әлия» – Генерал
М.Байғұт Ш.Орынбаев «Қарлығаш Әулие-Төле би» – Төле би
М.Әуезов «Қарагөз» – Жабай
Е.Төлеубай «Жеңгетай» – Көпбай
Р.Отарбаев «Бас» – Баймағамбет Айшуакович
Р.Отарбаев «Бас» – Жәңгір хан
Т.Нұрмағамбетов «Бес бойдаққабір той» – әкесі
И.Оразбаев «Мен ішпеген у бар ма?» – Абай
Ш.Башбеков «Темір қатын» – Қошқар
С.Балғабаев «Жымбала, Мико, және Қасқыр» – Жымбала
Т.Ахметжанов «Тазша бала» – Хан
О.Богаев «Ылдиға жол» – Молда
Ж.Шанин «Арқалық батыр» – Ду-ду хан
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Етікші
С.Досанов «Тозақ шеңбері» – Зиялы қауым мүшесі
Р.Отарбаев «Шырмауық» – әкесі