Сарыпбекова Жәудір

___

Сарыпбекова Жаудир Балтабайқызы

Туған күні, айы, жылы: 27 маусым 1987 жылы Оңтүстік Қазақстан (қазірігі Түркістан) облысы, Арыс қаласында дүниеге келген.
Білімі: жоғары, 2005 – 2009 жылдары Түркістан қаласы Халықаралық қазақ түрік университеті, Өнер факультетінің «Актерлік өнер» мамандығын бітірген.
Жұмыс орны, қызметі: 2009 жылдан бастап Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында актриса.
Мемлекеттік наградалары, құрмет атағы:
Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты.
Ойнаған рольдері:
Б. Есеналиев «Мұхаммед Хайдар Дулати» – Ханыша
Е. Жуасбек «Үйлену» – Зере
З. Қыстаубайұлы «Аспиранттың ақ шымылдығы» – Күнікей
Е. Тұрысов «Ұлы көш» – Домалақ ана
М. Хасенов «Пай, пай жас жұбайлар-ай» – Зәуреш
Ә. Аймақ «Шәмшінің сағынышы» – Раушан
Ә. Тарази «Әлия» – Әлия
С. Балғабаев «Біз де ғашық болғанбыз» – Зияда
Е. Қойбағаров «Бала мен қайыршы» – Медбике
Е. Қойбағаров «Қасірет қақпаны» – Сора
М. Байғұт, Ш. Орынбай «Қарлығаш әулие – Төлеби» – Гөзәл
М. Байғұт «Желтоқсан қасіреті» – Алма
Т. Нұрмағамбетов «Бес бойдаққа бір той» – Мара
М.Байғұт «Жоғалған жұрнақ» – Алма
Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» – Топыш
С.Досанов «Тозақ шеңбері» – Фатима
А.Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай» – Айгерім
Ш.Башбеков «Темір қатын» – Ғаламат
Қ.Шаңғытбаев,Қ.Байсеитов «Беу, қыздар –ай!» – Нұрсұлу
Е.Қойбағаров «Бала мен қайыршы» – Медбике
Т.Нұрмағамбетов «Бес бойдаққа бір той» – Мара және т.б
У.Шекспир «Гамлет» – Офелия
Балаларға арналған ертегілерде:
Қ. Жанмұратова «Тапқыр бұзау» – Түлкі
С. Омаров «Ақымақ арыстан» – Түлкі, Мысық
В. Орлов «Алтын шөжек» – Түлкі
М. Ахмадиев «Алдар көсенің айласы» – Ай
М.Ахманов «Алдар көсенің айласы» – Ай
Ж.Омаров «Құлыншақ пен бөлтірік» – Ақазу
Түскен фильмдері:
«Көке»
«Өмірдің өзі новелла»
«Бәсеке»
«Табиғат»
«Үлкен үй»
«Әке»
«Гарантия»
Қысқа метражды фильмдер:
«Әйел болу оңай», «Алғаның жаман жолықса», «Әке қадірі».