Құттыбаев Сержан

___

Құттыбаев Сержан Құрманәліұлы

Туған күні, айы, жылы: 15.08.1983 жылы Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы, Бәйдібек ауданы, Ақбастау елді мекенінде дүниеге келді.
Білімі: 2000-2004 жылы Шымкент қаласы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті «Педагогика және өнер» факультетін «Актер шеберлігі» мамандығы бойынша бітірді.
Мемлекеттік наградалары, құрмет атағы:
Облыс әкімі, Шымкент қаласының әкімі, ОҚО Мәдениет басқармасы, Театр Қайраткерлер одағы, театр директоры және кәсіподақ комитетінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Жұмыс орны, қызметі: 2003 жылдан бастап Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында актер.
Ойнаған рөлдері:
Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» – Батыр,
В. Шекспир «Дуалы түнгі думан» – Деметрий,
Д. Исабеков «Құстар фестивалі» – Әтеш,
Ш. Айтматов «Жанпида» – Жанкешті,
Ә. Ақпанбет «Түнгі көбелектер» – Арманай,
Ә. Файзуллаев «Тастанды» – Айғали,
Е.Қойбағаров «Бала мен қайыршы» -Мәңгүрт,
М. Байғұт «Бозторғайдың ұясы» – Жартыбай,
М, Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» – Есет,
Д. Киносито «Тырна ұлпалары» – Иохио,
А. П. Чехов «Шие бау» – Маскүнем,
Т. Джудженоглу «Көшкін» – Күзетші,
Е. Тұрысов «Ұлы көш» – Науан батыр,
Б. Есеналиев «Мұхаммед Хайдар Дулати» – Абдолла,
Ә. Аймақ «Шәмшінің сағынышы» – Толық кісі,
Е. Жуасбек «Үйлену» – Бөлек,
М. Байғұт, Ш. Орынбай «Қарлығаш әулие Төле би» – Әнәпкел ақын,
М. Байғұт «Желтоқсан қасіреті» – Жұрнақ,
Д. Исабеков «Енді қайттік?!» – Ақын жігіт,
Е. Қойбағаров «Қасірет қақпаны» – Бала,
Т. Нұрмағамбетов «Бес бойдаққа бір той» – Нарбол,
М. Байғұт «Көксу комедиясы» – Қаубас, Маубас
Д.Исабеков «Әпке» -Тимур,
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Мекемтас
С.Досанов «Тозақ шеңбері» – Шежіре
М.Байғұт «Асқаровтың аққайыңдары» – Шерхан Мұртаза,
Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» – Бөгенбай
Қ.Шаңғытбев, Қ.Байсеитов «Беу, қыздар –ай» -Абубакір
Ж.Шанин «Арқалық батыр» – Жұбай батыр,
О.Богаев «Ылдиға жол» – Ашына еркек,
М.Ауезов «Қарагөз» – Асан,
У.Шекспир «Гамлет» – Полоний,
Р.Отарбаев «Шырмауық» – Күзет.
Балаларға арналған ертегілерде:
Ә. Файзуллаев «Үй таңдаған лақ» – Қасқыр,
Ө. Боранбаев «Қорқақ көжек» – Қасқыр,
А. Бөпежанова «Али баба және қырық қарақшы» – Ахмет,
С. Омаров «Ақымақ арыстан» – Арыстан,
Қ. Жанмұратова «Тапқыр бұзау» – Қасқыр,
В. Орлов «Алтын шөжек» – Қасқыр,
Т. Ахметжан «Тазша бала» – Көкжал батыр
С. Балғабаев «Жымбала, Мико және Қасқыр» – Мультик,
М. Ахмадиев «Алдар көсенің айласы» – Шайтан және
Түскен кинолары: «Алтын тақ», «Соқыр ана» кинофильмдерінің басты рольдерін сомдаған.