Қаламбаева Нұржамал

___

Қаламбаева Нұржамал Дүйсенбайқызы

Туған күні, айы, жылы: 04.02.1973 жылы Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы, Сайрам ауданы, Көмешбұлақ ауылында дүниеге келген.
Білімі: 1992-1997 жылдары Әл-Фараби атындағы Мәдениет институтын «Театр ұжымын ұйымдастыру, режиссура» мамандығы бойынша бітірген.
Мемлекеттік наградалары, құрмет атағы: Халықаралық «Д.Исабеков әлемі» Халықаралық театр фестивалінде «Енді қайттік?!» – Мәрзия ролімен «Ең үздік актриса» номинациясын иеленді. Облыс әкімі, қала әкімі «Алғыс хаттары» мен «Мақтау қағаздарымен» марапатталған.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталған. ҚР Халық әртісі Жұмабике Серікбаева атындағы дипломмен, 2016 жылы М. Байжиев «Тіл табысқандар» қойылымындағы Болдуқан рөлі үшін «Ең үздік» эпизодтық роль номинациясымен марапатталды.
Жұмыс орны, қызметі: 1997 жылдан бастап Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында актриса.
Ойнаған рольдері:
Ш.Айтматов, М.Шаханов «Миғұла үстіндегі сот» – Чан
А.П.Чехов «Шие бау» – Дуняша
Б.Брехт «Кавказдың бор шеңбері» – Тамара
В.Смехов «Әли баба және қырық қарақшы» – Фатима
Д.Исабеков «Құстар фестивалі» – Шымшық
Е.Қойбағаров «Бала мен қайыршы» – Медбике
С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» – Зухра
С.Қасымбек «Палата» – Айша
Д.Исабеков «Енді қайттік?!» – Мәрзия
Т.Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» – Күйкентай
Е.Тұрысов «Ұлы көш» – Домалақ ана
И.Сапарбаев «Сыған серенадасы» – Буфетші әйел
Ф.Буляков «Бақ іздеген бейбақтар» – Ақлима
М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» – Ғазиза
Е.Қойбағарұлы «Қасірет қақпаны» – Итмұрын
Ә.Аймақ «Шәмшінің сағынышы» – вахтер әйел
М.Байғұт «Желтоқсан қасіреті» – құрылысшы әйел
Д. Исабеков «Әпке» – Сұлухан және т.б.
М. Байжиев « Тіл табысқандар» – Болдуқан
Е.Төлеубай «Жеңгетай» – Күлқайша
Б.Абдураззақов «Әйел сыры» – Бірінші әйел
Қ.Шаңғытбаев «Беу, қыздар-ай» – «Милиционер әйел
Т.Нұрмағмбетов «Бес бойдаққа бір той» – Күйкетай
Д.Исабеков «Әпке» – Света
О.Богаев «Ылдиға жол» – Мейірбике
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Сатты
М.Байғұт «Асқаровтың ақ қайыңдары» – Сот
М.Әуезов «Қарагөз» – Мөржан
Балаларға арналған ертегілерде:
С.Омаров «Ақымақ арыстан» – Мысық
Ғ.Арынов «Жаманшылық деген не?» – Қаз
Т.Ахметжанов «Тазша бала» – Жезтырнақ
Ө.Боранбаев «Қорқақ көжек» – Көжек
«Жыландар ханшасы» – Хасіб
С.Балғабаев «Жымбала, Мико және Қасқыр» – Мішім, Тузик
Ә.Файзуллаев «Үй таңдаған лақ» – Қозы
А.Лингрид «Балақай мен Карлосон» – Балақай
Түскен фильмдері:
«Бәсеке» телесериял – әйелдер
«Знакомтесь, Ибалы!» – әйел
«Гарантия» – Психолог
«Төле би» телесериял – Кемпір
«Түркістан жүрегімде» фильм – Көрші әйел
«ОрыStar в Шымкенте» – Балгер
«Бойжеткен» – пәтер иесі
«Өмірдің өзі новелла» – Апа
«Қортықтың махаббаты» – Ана

Қаламбаева Нұржамал