Орынбек Нүркен

___

Орынбек Нүркен Оразханұлы

Туған күні, айы, жылы: 28.07.1993 жылы Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданында дүниеге келген.
Білімі: 2011-2015 жылы Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының театр факультетін бітірген.
Жұмыс орны, қызметі: 2015 жылдан бастап Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында актер.
Ойнаған рольдері:
Е.Төлеубай «Жеңгетай» – Керімсал
Р.Отарбаев «Бас» – Дәурен
Т.Джудженоглу «Көшкін» – Жас еркек
С.Досанов «Тозақ шеңбері» – Ербол
Ж.Шанин «Арқалық батыр» – Егіл батыр
О.Богаев «Ылдиға жол» -Жігіт
М.Байғұт «Асқаровтың аққайыңдары» – Надзиратель
М.Әуезов «Қарагөз» – Сырым
У.Шекспир «Гамлет» – Лаэрт
Р.Отарбаев «Шырмауық» – Жалқытай
Балаларға арналған ертегілерде:
А.Атымтаева «Кім патша?» – Қасқыр
Ж.Омаров «Құлыншақ пен бөлтірік» – Қаражал
Б.Бекжанов «Торға түскен түлкі» – Қасқыр
Түскен фильмдері:
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасы бойынша түсірілген «Сақ» киностудиясының «Ерлік» – толық метраждық филімінде басты рөлде Ербол рөлін сомдаған.
«Жанұя» филімінде Абзал рөлі
«Орыстар Шымкентте» филімінде – Жандос рөлі.
«Өмірдің өзі – новелла» жас жігіт рөлі.
«Ғайша» қысқаметражды филім – күйеу рөлін сомдаған.