Оразова Батима

___

Оразова Батима Матжанқызы

Туған күні, айы, жылы: 1975 жылы Шымкент облысы, Арыс ауданы, Байырқұм совхозында дүниеге келген.
Білімі: 1993 жылы Әл-Фараби атындағы «Педагогика мәдениет» институтына түсіп, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік гуманитарлық университетін «Мәдени тынығу жұмысы және көркемдік шығармашылықты ұйымдастыру» мамандығы бойынша 1997 жылы бітіріп шықты.
Жұмыс орны, қызметі: 1997 жылдан бастап Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында актриса болып қызмет атқаруда.
Мемлекеттік наградалары, құрмет атағы:
Қазақстанның халық артисі Айша Абдуллина атындағы «Ең үздік эпизодтық әйел» номинациясы.
Ойнаған рөлдері:
Д. Исабеков «Мұңлық – Зарлық» – Мұңлық
Ә. Аймақ «Шәмшінің сағынышы» – Фарида
Т. Минуллин «Іздеп таптым сені» – Нурсина
Д. Исабеков «Енді қайттік?!» – Сусар
Е. Төлеубай «Жеңгетай» – Жанұя
М. Байғұт «Желтоқсан қасіреті» – Жас қыз
Ә. Оразбеков «Бір түп алма ағаш» – Ләйла
А. П. Чехов «Шие бау» – Аня
Ш. Айтматов, М. Шаханов «Миғула терісі үстіндегі сот» – Қытай қызы
М. Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» – Ляззат
Ш. Айтматов «Жанпида» – Аққұртқа
Е. Жуасбек «Үйлену» – Зерек
Ә. Файзуллаев «Үй таңдаған лақ» – Түлкішек
Б. Әлімжанов «Ойран» – Жас қыз
Е. Қойбағаров «Бала мен қайыршы» – Медбике
Ш.Башбеков «Темір қатын» – Көрші қатын
Қ.Шаңғытбаев,Қ.Байсеитов «Беу, қыздар-ай» – Айсұлу
О.Богаев «Ылдиға жол» – Зағип әйел
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Луфти
М.Әуезов «Қарагөз» – Өсекші әйел
Балаларға арналған ертегілерде:
Ж.Омаров «Құлыншақ пен бөлтірік» – Жас бие
Ә. Боранбаев «Бәріненде күшті қорқақ көжек» – Ит
В. Орлов «Алтын шөжек» – Шөжек
Қ. Жанмұратова «Тапқыр бұзау» – Түлкі
Л. Симонова «Алтын дәннің құпиясы» – Маша
Т. Ахметжан «Тазша бала» – Күнсұлу
С. Омаров «Ақымақ арыстан» – Мысық

Батима Оразова