Мұсабеков Олжас

___

Мұсабеков Олжас Сайдуллаұлы

Туған күні, айы, жылы: 29.03.1987 жылы Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы, Түлкібас ауданы, Мақталы ауылында дүниеге келген.
Білімі: 2004-2008 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті «Педагогика және Өнер» институтының «Актер» мамандығын тәмәмдаған.
Мемлекеттік наградалары, құрмет атағы: 2011ж ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Алғыс хат», 2013 жылы Облыстық «Жігер» оригиналдық жанр және сатира саңлақтарының байқауында «ІІ-ші орын» алғаны үшін диплом, 2014 Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хаты».
Жұмыс орны, қызметі: 2009-2010 жылдары Түркістан сазды-драма театрында,
2011-2012 жылдары ОҚО «Қуыршақ театрында»,
2012-2013 жылдары ОҚО Оңтүстік циркте,
2013 жылдан бастап Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында актер.
Ойнаған рольдері:
Түркістан сазды-драма театры:
Д.Исабеков «Құстар фестивалі» – сауысқан
М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!» – Бекзат
Т.Нұрмағанбетов «Ақ босағаң – арың» – Сағынтай, Шеген
Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры:
М.Байғұт, Шойынбеков «Қарлығаш әулие- Төле би» – Жолан
Б.Әлімжанов «Ойран» – Арман
Е.Қойбағарұлы «Қасірет қақпаны» – бала
Ә. Тарази «Әлия» – Адъютант
Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» – Мүнәсіп
М.Байжиев «Тіл табысқандар» – Асқар
Е.Қойбағаров «Бала мен қайыршы» – Көшкін
О.Богаев «Ылдиға жол» – Салпаң құлақ
Қ.Байсеитов «Беу, қыздар-ай» – Серке
Т.Джудженоглу «Көшкін» – Еркек
Ж.Шанин «Арқалық батыр» – Қарашешен
С.Досанов «Тозақ шеңбері» – Қайрат
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Мамыр
Д.Исабеков «Әпке» -Тимур
М.Байғұт «Асқаровтың аққайыңдары» – Жандайша
Ф.Буляков «Бақ іздеген бейбақтар» – бастық
З.Қыстаубайұлы «Аспиранттың ақ шымылдығы» – Жұбантөре
И.Оразбаев «Мен ішпеген у бар ма?» – Көпбай
М.Әуезов «Қарагөз» – Матай
У.Шекспир «Гамлет» – Шут
Р.Отарбаев «Шырмауық» – Жалқытай
Балаларға арналған ертегілерде:
Түркістан сазды-драма театры:
«Күміс кекілік» – жас бала
С.Омаров «Ақымақ арыстан» – қоян және т.б.
Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры:
С. Балғабаев «Жымбала, Мико және Қасқыр» – Ақтөс күшік
А.Атымтаева «Кім патша?» – қоян
Л. Корсунский «Шиебөрінің айласы» – Шағал
Б.Бекжанов «Торға түскен түлкі» түлкі
Ж.Омаров «Құлыншақ пен бөлтірік» – бөлтірік
Түскен фильмдері:
«Тұрардың тура жолы» деректі фильмі – бала Тұрар,
«Көке» телесериалы – Жалғас,
«Бәсеке» телесериал – хатшы,
«Үлкен үй» телесериал – көмекші,
«Төле би» телесериал – аңшы,
«Өзіңді өзіңнен ізде» қысқаметражды фильм – жас әке,
«Әмиян» қысқаметражды фильм – бастықтың орынбасары,
«Жұмақтың кілті» телесериал – Мәулен