Мадалиева Бибігүл

___

Мадалиева Бибігүл

Мадалиева Бибігүл Ерғалиқызы

Туған күні, айы, жылы: 19.09.1978 жылыОңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы, Арыс қаласында дүниеге келген.
Білімі: Түркістан қаласы, Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің «Өнер» факультетіне түсіп, «Кино және драма актері» мамандығын бітірді.
Жұмыс орны, қызметі: 1999 жылдан бастапЖұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында актриса.
Ойнаған рөлдері:
Б. Брехт «Волоколам тас жолы» – Варя,
Д. Исабеков «Аққу Жібек» – Әже,
А. П. Чехов «Шие бау» – Дуняша,
Б. Брехт «Кавказдың бор шеңбері» – Тамара,
И. Сапарбай «Сыған серенадасы» – Буфетші әйел,
Ә. Ақпанбет «Түнгі көбелектер» – Катя
Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» – Дүрия,
Ә. Аймақ «Шәмшінің сағынышы» – Кезекші әйел,
Б. Есенәлі «Мұхаммед Хайдар Дулати» – Гауһар Шад Бегім,
Е. Қойбағаров «Бала мен қайыршы» – 1-медбике,
А.Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай»
Д. Исабеков «Мұңлық – Зарлық» – Зарипа,
Д. Исабеков «Енді қайттік» – Ақын қыз,
Т. Нұрмағамбетов «Бес бойдаққа бір той» – Күйкентай,
Е. Қойбағаров «Қасірет қақпаны» – Итмұрын,
Д. Исабеков «Құстар фестивалі» – Бас мекиен
О.Богаев «Ылдиға жол» – Мейірбике
М.Байғұт «Асқаровтың ақ қайыңдары» – Сот
М. Байжиев « Тіл табысқандар» – Сүйімхан
Т. Джудженоглы «Көшкін» – Үлкен бәйбіше
Р.Отарбаев «Шырмауық» – Ана
Балаларға арналған ертегілерде:
Ә. Боранбаев «Қорқақ көжек» – Мұғалім әтеш,
С. Омаров «Ақымақ арыстан» – Әнші қораз,
Қ. Жанмұратова «Тапқыр бұзау» – Тышқан кемпір,
Б. Әлімжанов «Тазша бала» – Гүрбесу ханша,
Н. Оразалин «Аққұс туралы аңыз» – Қарақұс және т.б.
С. Балғабаев «Жымбала, Мико және Қасқыр» – Ит
Ғ. Арысов «Жаманшылық деген не?» – Әтеш
Түскен фильмдері:
«Чимкент из Табуна», «Қызы бар үй»
«Президенттің жас шағы»
«Матриархат»
«Кешіккен махаббат»
«Өмірдің өзі новелла» – Ене
«Балалық шағымның аспаны»