Е.Төлеубай «Жеңгетай» комедия

Е.Төлеубай «Жеңгетай» комедия

      Дөңгеленген дүниеге дер кезінде кірпіш болып қалануға әркім-ақ құштар. Күнің еңкейген сайын еншіңе тиесілі тіршілікті бақытты өткізуге ұмтыласың. Қойылым оқиғасында Толым апайдың пәтерін жалдап тұрып жатқан бойжеткен төрт қызға өмірлік серік іздеген жеңгетайдың әлегі баяндалады. Күлімкөз жеңгетай мінез-қылығы төрт түрлі бойжеткендерді төрт түрлі серілермен таныстырып, тездетіп тұрмысқа беріп құтылмақ. Себебі, үй иесі Толым апайдың өзі де Күлімкөз жеңгетайдың таныстырған Қотан ақсақалға тұрмысқа шығып бақытты өмір сүрмек. Спектакльдегі кейіпкерлердің бір-бірлерімен танысып, өмірлік серік табуындағы оқиға барысы қызықты комедиялық ситуацияларға құрылған. Қоюшы режиссері – И.Сапаров Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қ.Жұмақұлов