Касенова Хазиза

___

Касенова Хазиза Оңғарбайқызы

Касенова Хазиза Оңғарбайқызы

Туған күні, айы, жылы: 10 шілде 1957 жылы, Қырғызстан Республикасы, Шохулук ауданы, Жаңа жер совхозында дүниеге келген.
Білімі: 1976 – 1980 жылдары Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы театр көркем өнер институтының театр және кино актерін бітірген.
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, мемлекеттік наградалары, құрмет атағы: 1985 жылы А. Таразидің «Әлия» қойылымындағы Әлия ролімен Алматыда өткен «Жігер» фестивалінің дипломанты. 1987 жылы Петропавл қаласында өткен Республикалық театрлар фестивалінде М. Шатровтың «Сонда ғана жеңеміз» қойылымы үшін естелік сияпат, мақтау қағазымен марапатталды. Бірнеше рет облыстық кәсіподақ ұйымының, ОҚО мәдениет басқармасының, облыстық мәслихаттың, ҚР мәдениет министрлігінің «Құрмет» грамоталарымен марапатталды.
2005 жылыҚазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» атағын алды.
«Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Жұмыс орны, қызметі: 1980 жылдан Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында актриса.
Ойнаған рольдері:
Ә. Тарази «Әлия» – Әлия
Қ. Бекхожин «Ұлан асу» – Сүжде,
Ә. Әбішев «Мәди» – Наталья Александровна,
Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Баян
М. Шатров «Сонда ғана жеңеміз» – Володичева
С.Сматаев «Далам-ай панам-ай» – Ажар
С. Мұқанов «Шоқан» – Катерина Карловна
Н. Островский «Найзағай» – Варвара
Д. Исабеков «Анасын аңсаған қыз» – Сарсенова
Д. Исабеков «Әпке» – Сұлухан
Д. Исабеков «Мұрагерлер» – Сызғанова
Қ. Төлеметов «Өткендер мен өткелдер» – Журналист
С. Ваннус «Сұлтан да өтер дүниеден» -Ум Аза
М. Әуезов «Абай» – Ажар
М. Мақатаев «Қос қарлығаш» – Зияш
С. Балғабаев «Ең әдемі келіншек» – Гүлбаршын
Ө.Боранбаев «Қаңбақ шал» – Кемпір
А. П. Чехов «Шие бау» – Варя
Ә. Ақпанбет «Түнгі көбелектер» – Жын падишасы
Ә. Ақпанбет «Түнгі көбелектер» – Арманай
И. Ғайып «Абай» – Хадиша
Т. Молдағалиев «Ана көз жасы» – Анар
Ш. Айтматов «Жанпида» – Көктұрсын
Ы. Сапарбай «Сыған серенадасы» – Ана
Б. Римова «Қос мұңлық» – Самал
Ә.Бөпежанова «Али баба және қырық қарақшы» – Шахеризада
Н.Оразалин «Аққұстуралыаңыз» – Аққұс
Н.Оразалин «Аққұстуралыаңыз» – Мыстан
Д.Исабеков «Құстар фестивалі» – Қарға
Ө.Бөранбаев «Қорқақ көжек» – Түлкі
Ө.Бөранбаев «Қорқақ көжек» – Әтеш
Е. Жуасбек «Үйлену» – Дерек шешей
М. Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!» – Ләззаттың
Е. Қойбағарұлы «Қасірет қақпаны» – Қарандыз
С. Қасымбек «Бақ іздеген бейбақтар» – Сәлима
Д.Исабеков «Әпке»- Көрші әйел
Б.Абдураззақов «Әйел сыры» – Әйел
М.Әуезов «Қарагөз» – Мөржан
Түскен фильмдері:
«Қызы бар үй»
«Көке»
«Потому что шымкентский»
«Өмірдің өзі новелла»
«Жетім»
«Оралу»
«Бәсеке»
«Әпке»
«Шатыр астындағы екеу»