Жұмабекова Айжан

___

Жұмабекова Айжан Жұмабекқызы

Жұмабекова Айжан Жұмабекқызы

Туған күні, айы, жылы: 29.07.1946 жылы Шымкент облысы, Мақтарал ауданы, Коммунизм кеңшарында дүниеге келген.
Білімі: 1979 жылы Әл-Фараби атындағы Мәдени-ағарту институтын тәмәмдаған.
Мемлекеттік наградалар, құрмет атағы:Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», 1980 жылы Қазақ Жоғары Кеңесінің «Құрмет»грамотасымен, 1994 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің «Құрмет» грамотасымен, 2001 жылы Қазақстан Республикасының ақпарат және келісім министрлігі мәдениет комитетінің «Құрмет» грамотасымен, 2004 жылы ҚР «Мәдениет қайраткері» төс белгісімен, 2006 жылы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды. 2012 жылы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Жұмысорны, қызметі: 1966 жылдан бастап Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында актриса.
Ойнаған рольдері:
Н.Ғабдуллин «Ойлан отағасы» – Шәмсия
Ұ.Ғаджібеков «Аршын малалан» Гүлшаноро
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Башорат
М.Шатров «Сонда ғана жеңеміз» – Варвара Михайловна
А.Ордабаев, Қ.Шанин «Сенім күші» – Құралай
Б.Жәкиев «Әке тағдыры» – Майраш
Ж.Еділбаев «Сезікті секіреді» Дариға
М.Байжиев «Жекпе-жек» – Назы
М.Әуезов «Қара қыпшақ Қобыланды» – Қарлыға
Б.Тәжібаев «Ана жүрегі» – Гүлжан
Ш.Айтматов, М.Шаханов «Миғула терісі үстіндегі сот» – Айдай
М.Әуезов «Айман – Шолпан» – Теңге
М.Әуезов «Айман – Шолпан» – Айман
Қ.Төлеметов «Өткендер мен өткелдер» – Сатушы әйел
С.Исабаев «Далам-ай-Панам-ай» – Бибіше
Ш.Мұртаза «Сталинге хат» – Әлифа
М.Әуезов, Е.Соболев «Абай» – Қанакей
М.Әуезов, Е.Соболев «Абай» – Ажар
И.Сапарбаев «Сыған серенадасы» – Буфетші
А.Н.Островский «Найзағай» – Варвара
Ш.Хусаинов «Алдар көсе» – Меңсұлу
Ш.Хусаинов «Алдар көсе» – Дәметкен
Ш.Хусаинов «Алдар көсе» – Қарашаш
Б.Жәкиев «Әке тағдыры» – Майраш
Ж.Еділбаев «Әке мен бала» – Роза
Ш.Шаймерденов, Омаров «Аруана дүние» – Сәлима
Ж.Б.Мольер «Сарақ» – Элиза
Р.Ғамзатов «Тау қызы» – Әсият
А.Балақаев «Аңыратпашы ананы» – Шарка
Ә.Әбішев «Жұмбақ адам» – Самал
С.Мұқанов «Шоқан Уәлиханов» – Катерина
С.Мұқанов «Шоқан Уәлиханов» – Панаева
Ә.Рахманов «Ақын аманаты» – Балқыз
Қ.Бекхожин «Гималай сарыны» – Эльза
Ә.Әбішев «Мәди» – Ана
Байтанаев «Қара кемпір» – Қара кемпір
М.Әуезов «Қарагөз» – Қарагөз
Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Баян
Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Күнікей
Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Мақпал
А.Сүлейменов «Кек» – Кежім
Ғ.Мүсірепов «Ақан сері- Ақтоқты» – Ақтоқты
Ц.Шагжин «Сандықтан шыққан сайтан» – Цэрэгма
В. Шекспир «Асауға -тұсау» – Катарина
Ф.Шиллер «Зұлымдық пен махаббат » – Леди Мильфорд
У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» – Леди Монтеки
М.Кәрім «Ай тұтылған түн» – Шафақ
З.Қыстаубаев «Аспиранттың ақ шымылдығы» – Көрші әйел
Е.Төлебаев «Жеңгетай» – Толым
Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» – Ана
Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» – әнші
Ф.Буляков «Бақ іздеген бейбақтар» – Фатима
Ж.Еділбаев «Әке мен бала» – Шолпан
Б.Майлин «Шұға» – Шұға
С.Адамбеков «Жесірлер» – Айтолқын
Д.Исабеков «Тыныштық күзетшісі» – Мәнсия
Т.Ахтанов «Ант» – Бәтимаханым
Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Батсайы
Ж.Сәрсеков, З.Жақыпов «Бажалар мен балдыздар» – Разия
«Абайдың әндері» – Әнші ана
А.Бек «Бауыржан Момышұлы» – Қожайын әйел
Д.Исабеков «Әпке» – Әпке
Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» – Көрші әйел
С.Жүнісов «Қос анар» – Райхан
«Мұқағали Мақатаевтің реквиемі» Вольфганг Амадей Моцарт – Отан
Т.Молдағалиев «Тағдырмен тайталасқан әйел» -Ана
Б.Римова «Қос Мұңлық» – Күнзипа
Д.Исабеков «Ескі үйдегі екі кездесу» – Зейнеп
Б. Әбілтаев «Айша бибі» – Ануар бибі
С.Қасымбек «Қағынған қарттар» – Қатипаш
Ш.Айтматовтың «Жанпида» – Көктұрсын
Ш.Айтматов «Қашқын» – Сейде
А.Дударев «Қатардағы жауынгерлер» – Жауынгер әйел
Д.Исабеков «Аққу-Жібек» – Әже
Иовлево «Ғажайып құс» – Ғажайып құс
А.Бек «Волоколам тас жолы» – Қожайын әйел
Б.Ережепов «Көксеп жүріп білікті, бір бәлеге килікті» – Күнде қыз
Б.Ережепов «Некесіз той» – Шолпан
Бодыков «Үйленгім келмейді» – Ләйлә
М.Әуезов «Қараш-қараш оқиғасы» – Болыстың бәйбішесі
Қ.Мұқашев «Таң атып келеді» – Мақпал
Ш.Шаймерденов «Марғау үні» – Айған
Ә.Рахманов «Ақын аманаты» – Балқыз
Ә.Әбішев «Жұмбақ адам» – Самал
Д.Исабеков «Мұрагерлер» – Комиссия мүшесі
Қ.Мұхамеджанов «Жат елде» – Ева Броер
С.Ванус «Султан да өтер дүниеден» – Умана
Ә.Әбішев «Мансап пен ұждан» – Сағила
Д.Исабеков «Мұңлық – Зарлық» – Зағипа
Ш.Хусаинов «Есірткең еркесінде» – Наскен

Жұмабекова Айжан