Барлық жаңалықтар

07.09.2018 - М.Әуезов – «Қарагөз»

Қадірлі көрермен! Ж.Шанин атындағы...

Оқы- бұдан әрі...

 
   
     

Біздің сайтымызға қош келдіңiз!

 
 

Құрметті театр көрермендері!


Қадірлі көрермен!

Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры сіздерді

7 қыркүйек сағат 18.30 да кезекті 85- театр маусымының ашылуына шақырады.

М.Әуезов – «Қарагөз» (трагедия)

Қазақ әдебиетінің інжу-маржанына айналған «Қарагөз» трагедиясы - махаббат пен ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр тартысының таразыға түскен сәтін шебер суреттейтін, танымы мен берері мол қойылым. Махаббат үштігі; «Нарша - Қарагөз - Сырым» арасындағы тартыстың, тегеуріні мықты жеті ата заңдылығынан асып кете алмай, соңы Қарагөздің қасыретімен аяқталады. Сезім – лыпый сырғыған сынап. Мөржан – ұлттың дәстүрін бұлжытпастан бүгінгі күнге жеткізуші парасат иесі. Қай уыстың пәрмені мықты?! Үш бірдей жүректері махаббатқа толы жастарды бұлжымайтын «дала заңы», сезім шыңырауына құлатады.

Қойылым – махаббат дастанына құрылған танымдық, сұлу дүние.


М/ж. Нұрсәт м/а. Астана даңғылы 6.

Анықтама тел. 77-10-37, 77-10-43, 8 701 462 45 66