Ильясова Гүлжайна

___

Ильясова Гүлжайна Мұғалбекқызы

Туған күні, айы, жылы: 10 шілде 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы Ордабасы ауданы, Қараспан елді мекенінде дүниеге келді.
Білімі: 2007 жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Мәдени – тынығу жұмысы» факультетіне оқуға түсіп, 2011 жылы аталмыш оқу орнын «Театр ұжымының меңгерушісі» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шықты.
Жұмыс орны, қызметі: 2011 жылдан бастап Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық қазақ драма театрында актриса.
Ойнаған рольдері:
З. Қыстаубаев «Аспиранттың ақ шымылдығы» – Анжелика,
С. Балғабаев «Біз де ғашық болғанбыз» – Айжан,
М. Байғұт, Ш. Орынбай «Қарлығаш әулие – Төле би» – Күнекей,
Б. Әлімжанов «Ойран» – Әдемі қыз,
Е. Қойбағаров «Қасірет қақпаны» – Киік оты,
сонымен қатар балаларға арналған ертегілерде:
Л. Симонова «Алтын дәннің құпиясы» – Тышқан,
С. Балғабаев «Жымбала, Мико және қасқыр» – Тузик,
Л. Корсунский «Шибөрінің айласы» – Мішім
Ж.Шанин «Арқалық батыр» – Бикеш
М.Әуезов «Қарагөз» – Қарагөз