Ілиясқар Мәжіт

__

Ілиясқар Мәжіт
Ілиясқар Мәжіт Жамбылұлы
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері

Туған күні айы жылы: 1937 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген.
Білімі:1957-1961 Алматы қаласы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның театр бөлімі актер факультетін бітірген.
Жұмыс орны қызметі:1961-1962 жылы Тараз қаласы Жамбыл облыстық Абай атындағы драма театрында қызмет еткен.
1962 жылдан бастап Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында актер.
Мемлекеттік наградалары мен оның уақыты: Қазақ ССР-нің жоғарғы кеңесінің «Құрмет грамотасы» – 20 маусым 1980 жыл;
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Құрмет грамотасы»;
Қазақстанның өкіметке жатпайтын ұйымдар конфердерациясының «Құрмет грамотасы» Астана қаласы 2002 жыл;
Оңтүстік Қазақстан жастарын әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі үшін және «Ауғаныстан соғыс ардагерлер одағына» 20 жыл толу құрметіне орай берілген «Грамота» Шымкент қаласы 2007 жыл;
ҚР Юнеско істері жөніндегі ұлттық комиссиясы Юнесконың ҚР-ғы өкілеттігімен бірге тағайындалған «Түркістан-1500» атты марапаты 22 қазан 2000 жыл;
СОКП орталық комитеті СССР министрлер кеңесі Кәсіподақтардың бүкілодақтық орталық кеңесі Бүкілодақтық Лениншіл комунистер жастар одағы орталық комитеті құрған «1975 жылғы социалистік жарыстың жеңімпазы» белгісімен марапатталған 15 қаңтар 1976 жыл;
«ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталды 4 ақпан 2002 жыл;
ҚР Мәдениет министрлігінің «Құрмет грамотасы» 1994 жыл Алматы; «Қазастанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы 25 желтоқсан 2005 жыл;
«Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі 29 қазан 2012 жыл.
Ойнаған рольдері:
Шымкент қаласы Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры1962-1970 жыл:
Ә.Тәжібаев «Той боларда» Қалабай режиссер: Виктор Иванович Дьяков
Т.Ахтанов «Сәуле» – Әділқазы Тайпақов режиссер: ҚасымқанШанин
Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Әділ режиссер: Қасымқан Шанин
Ғ.Мүсірепов «Амангелді» -Әрелдік режиссер: Әбубәкір Ордабаев
Б.Майлин «Шұға» – Шоқпарбай режиссер: Қасымқан Шанин
Ш.Айтматов«Жәмиля» – Оспан режиссер: Қадір Жетпісбаев
Ш.Айтматов «Жәмиля» – Оразмат режиссер: Қадір Жетпісбаев
З.Ақышев «Жаяу Мұса» -Байғабыл режиссер Қасымқан Шанин
М.Әуезов «Қаракөз» -Жарылғап режиссер: Әбубәкір Ордабаев
М.Әуезов «Еңлік-Кебек» -Кеңгірбай, режиссер: Тастан Өтебаев
С.Адамбеков «Біздің үйдің жұлдыздары» – Мырзатай, режиссер:ҚасымқанШанин
У.Шекспир «Асауға тұсау» -Тігінші, режиссер: Гасюк ӘбубәкірОрдабаев
Қ.Мұқамеджанов «Жат елде» – Фон Штаубе, режиссер:Ә.Мәмбетов Ә.Ордабаев
Ж.Еділбаев «Сезікті секіреді» – Аққозы, режиссер: Тастан Өтебаев
С.Мұқанов «Мөлдір махаббат» -Мауытбаев режиссер: ӘбубәкірОрдабаев
С.Мұқанов «Шоқан Уалиханов» – II Александр патша режиссер:Әбубәкір Ордабаев
Бексұлтан Жақиев «Әке тағдыры» -Сопай режиссер: ӘбубәкірОрдабаев
Бәкір Тәжібаев «Қарагөз қарындасым» – Көзілдірікті жігіт, режиссер: Алтынбек Оңалбаев
Расул Ғамзатов «Тау қызы» -Лабазан, режиссер Қ.Шанин
Мұстай Кәрім «Ай тұтылған түн» -Екінші ақсақал, режиссер: Жақып Омаров (дипломдық жұмыс)
Мұстай Кәрім «Ай тұтылған түн» -Дәруіш, режиссер:Жақып Омаров (дипломдық жұмыс)
Сәкен Жүнісов «Ажар мен ажал» – Қатай, режиссер Тастан Өтебаев(дипломдық жұмыс)
Ф.Шиллер «Зұлымдық пен махаббат» Гоф Маршал Фон Кальб режиссер: Ә.Ордабаев
1970-1980 жылдар:
Ғ.Мүсірепов «Ақан Сері-Ақтоқты» -Жылкелді, режиссерлері: Ж.Тұрсынов, С.Досмағамбетов
Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» -Қодар режиссер: Ә.Ордабаев
Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» -Қарабай режиссер: Ә.Ордабаев
Қ.Шаңғытбаев Қ.Байсеитов «Беу қыздар-ай» – Сұлтан, режиссер: Ә.Ордабаев
Қ.Шаңғытбаев Қ.Байсеитов «Беу қыздар-ай» -Әбдіқадыр, режиссер: Ә.Ордабаев
Қ.Шаңғытбаев Қ.Байсеитов «Ой жігіттер-ай» Сұлтан, режиссер: Тастан Өтебаев
М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды» -Көбікті хан, режиссер: Ә.Ордабаев
М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды» -Алшағыр, режиссер: Ә.Ордабаев
М.Әуезов Л.Соболев «Абай» -Долгов, режиссер: Ә.Ордабаев
М.Әуезов «Аймен-Шолпан» – Көтібар, режиссерлері: Ә.ОрдабаевТ.Өтебаев
М.Әуезов «Қарагөз» -Дулат, режиссері: Ә.Ордабаев
М.Әуезов «Қилы заман» – Хлыновский, режиссері: Тастан Өтебаев
Бәкір Тәжібаев «Ана жүрегі» – Сәлім, режиссер: Т.Өтебаев
Бәкір Тәжібаев «Ана жүрегі» – Әзілхан, режиссер: Т.Өтебаев
Бәкір Тәжібаев «Ана жүрегі» -Бағлан, режиссер: Т.Өтебаев
Бәкір Тәжібаев «Түрмеден қашқан» -«Мысықмұрт» түрме бастығы режиссер: Т.Өтебаев
Н.В.Гоголь «Үйлену» – Балтазар Балтазарович Жевакин режиссер:Т.Өтебаев
Ж.Еділбаев «Әке мен бала» – Көжек режиссер: Мұқтар Найманбаев
Ж.Еділбаев «Әке мен бала» -Әбжіл, режиссер: Мұқтар Найманбаев
Ш.Айтматов «Қашқын» – Барпы, режиссер: Сейіт Досмағамбетов
Ш.Айтматов «Арманым Әселім» -Петя, режиссер: М.Қамбаров
С.Адамбеков «Аюбайдың ажалы» Айтақ Шоқшашаров, режиссері:Ә.Ордабаев
Берқайыр Аманшин «Жақия» Қабыланбай, режиссер: Ә.Ордабаев
Берқайыр Аманшин «Жақия» – Үбі, режиссер: Ә.Ордабаев
Сопы Сматаев «Тағдырлар» – Әскен, режиссер: Тастан Өтебаев
Қорқытов «Жайық таңы» -Кельберг, режиссер: Ә.Ордабаев
Д.Исабеков «Ректордың қабылдау күндері» – ГОРОНО бастығы режиссер: Ә.Ордабаев
Шамқалов «Қайын ене мен келін» – Әли, режиссер: Т.Өтебаев
Саид Ахмад «Келіндер көтерілісі» -Орынбай, режиссер: Т.Өтебаев
Баққожа Мұқаев «Қош бол, менің ертегім» – Әли қарт, режиссер:
Жан Батист Мольер «Сараң» – Гарпогон, режиссер: Т.Өтебаев
Тахауи Ахтанов «Ант» – Барақ Сұлтан, режиссер: Т.Өтебаев
Сафуан Шаймерденов «Дөкей келе жатыр» – Көпей, режиссер:Ә.Ордабаев
Бердібек Соқпақбаев «Өлгендер қайтіп келмейді» – Жүніс, режиссер: Ә.Ордабаев
Сәкен Жүнісов «Қапастағылар» -Капеллан, режиссер: Маман Байсеркенов
Сәкен Жүнісов «Қысылғаннан қыз болдық» – Жұмат, режиссер:Әскер Құлданов
Сәкен Жүнісов «Қысылғаннан қыз болдық» – Лис – режиссер:Әскер Құлданов
С.Жүнісов «Ажар мен ажал» -Дүйсен, режиссер: Т.Өтебаев
С.Жүнісов «Ажар мен ажал» – Көсе шал, режиссер: Т.Өтебаев
Оразбек Бодықов «Үйленгім келмейді» – Малдыбай, режиссерлері: Тұрсынов, Досмағамбетов
Оразбек Бодықов «Үйленгім келмейді» – Абыл, режиссерлері:Тұрсынов, Досмағамбетов
Әлжаппар Әбішов «Мансап пен ұждан» – Малтабай, режиссер:Әскер Құлданов
Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» – Сайлаубек, режиссер: Ә.Ордабаев
Қ.Мұқышев «Таң атып келеді» -Желбуаз, режиссер: Ә.Ордабаев
Шахмет Құсаинов «Сертке серт» – Барақбаев, режиссер: Ә.Ордабаев
Шахмет Құсаинов «Сертке серт» – Сарымолда режиссер: Ә.Ордабаев
Бақытжан Момышұлы «Қорғасын дауылы» – Эсэс офицері, режиссер: Мұқтар Қамбаров
Р.Досматов «Нарғыз» – Сейіт, режиссер: Х.Салықов
Ө.Боранбаев «Оңжамбас немесе Кинго» – Арслан, режиссер: Т.Өтебаев
Пьер Сент Экзюпери «Жиһангез Шахзада» – Жұлдызшы, режиссер: Т.Өтебаев
Пьер Сент Экзюпери «Жиһангез Шахзада» – Жылнамашы Абыз, режиссер: Т.Өтебаев
Бейімбет Майлин «Шұға» – Айнабай, режиссер: Қ.Шанин
1980-1990 жылдар
Қалижан Бекхожин «Гималай сарыны» – Джек, режиссер: Серік Елеусізов
У.Шекспир «Ромео-Джульетто» -Меркуцио, режиссер: Ә.Құлданов
Асқар Сүлейменов «Кек» – Сақау шал, режиссер: Қадір Жетпісбаев
А.Жағанова Ә.Сариев «Қу тасша» -Бас Уәзір, режиссер:Х.Салықов
Ғ.Мүсірепов «Ақан Сері-Ақтоқты» – Қоңқай, режиссер: Ж.Омаров
Әлжаппар Әбішов «Мәди» -Залин, режиссер: Жақып Омаров
Кәрішал Асанов «Құдаша» – Үмітбек реж. :Т.Өтебаев
Қ.Бекқожин «Ұлан асу» – Әбілмәмбет хан, режиссер: Ж.Омаров
Жақыпов Сәрсеков «Бажалар мен балдыздар» -Жанай, режиссер: Ж.Омаров
Сафуан Шаймерденов «Марғау үні» – Айырқалпақ, режиссер:Ж.Омаров
У.Шекспир «Юлий Цезарь» – Кассий, режиссер: Ж.Омаров
Сәкен Жүнісов «Қос Анар» -Алагөзов, режиссер: Ж.Омаров
Қ.Мұқамеджанов «Жат елде» – Сайып мырза, режиссер: Ж.Омаров
Қ.Тұрсынқұлов «Аяқталмаған ән» Павел Алексеевич Иванов, режиссер: Ж.Омаров
Қ.Тоқаев «Қызыл комиссар» -Сергей Богданов, режиссер: Ә.Құлданов
С.Мұқанов «Шоқан Уалиханов» – Барон Фон Фредерикс, режиссер: Ж.Омаров
О.Бодықов «Ойбай күйеу керек» – Ерман, режиссер: Салима Тасеменова
А.Н.Островский «Найзағай» -Тихон, режиссер:Серік Елеусізов
Т.Нұрмағамбетов «Бақалар шулаған түн» -Төленбай, режиссер: Қ.Теміров
Ә.Әбішов «Бәріңе бәріңе!» – Ілдебай Мұзбалақов режиссер: Қ.Жетпісбаев
М.Шатров «Сонда ғана жеңеміз» – Белорус коммунисі режиссер: Ж.Омаров
М.Шатров «Сонда ғана жеңеміз» -Неміс генералы, режиссер: Ж.Омаров
М.Шатров «Сонла ғана жеңеміз» -Рязань шаруасы, режиссер: Ж.Омаров
М.Шатров «Сонда ғана жеңеміз» -Кедей, режиссер: Ж.Омаров
Д.Исабеков «Тыныштық күзетшісі» -Кәкімбек, режиссер: Ә.Құлданов
Ш.Құсаинов «Алдар Көсе» – Сырдақ, режиссер: С. Елеусізов
М.Шолохов «Көтерілген тың» -Нестеренко, режиссер: Ә.Құлданов
М.Шолохов – «Көтерілген тың» – Осетров, режиссер: Ә.Құлданов
Р.Досматов «Нарқыз» -Бірінші уәзір, режиссер: Х.Салықов
М.Әуезов «Қарагөз» – Жабай, Режиссер: Ә.Ордабаев
1990-2000 жылдар
Қ.Жетпісбаев «Тойдан кейін»- Шоқша сақал, режиссер: С.Тасеменова
С.Адамбеков «Жесірлер» -Балдақты адам, режиссер: Ж.Омаров
Ә.Рахманов «Ақын аманаты» – Ясын Тамбур, режиссер: Ж.Омаров
Ж.Шанин «Арқалық батыр» – Әжіхан, режиссері: Ә.Құлданов Т.Өтебаев
Д.Исабеков «Анасын аңсаған қыз» – Доцент Сатанов, режиссер: Т.Өтебаев
И.Сапарбаев «Ресторан» – Донжуан шал, режиссер: Ә.Құлданов
С.Сматаев «Далам ай панам-ай!» – Мақаш, режиссер: Т.Өтебаев
М.Байғұт Ш.Орынбаев «Қарлығаш Әулие-Төле би» – Қалден Церен, режиссер: Ә.Құлданов
М.Байғұт Ш.Орынбаев «Қарлығаш Әулие-Төле би» – Әйтеке би, режиссер: Ә.Құлданов
О.Бодықов «Мұқағали Мақатаевтің Реквиемі» – Вольфганг Амадей Моцарт, режиссер: Ә.Құлданов
К.Баялиев «Атаң келеді артыңда» – Прокурор, режиссер: Ә.Әбішов
К.Баялиев «Атаң келеді артыңда» – Әлжан, режиссер: Ә.Әбішов
К.Баялиев «Атаң келеді артыңда» -Кәден, режиссер: Ә.Әбішов
К.Баялиев «Атаң келеді артыңда» Келмембет, режиссер: Ә.Әбішов
Шүкіролла «Ұрыны қарақшы тонапты» – Арсылан Қари, режиссер: Р.Хамидов
К.Мәткерімов «Сұлуға сұқтанба» -Бекділдә, режиссер:Т.Өтебаев
Б.Әбілдаев «Айша бибі» -Гүрхан Ель-Юй Шу-Лю-Ку, режиссер:Ә.Құлданов
Пиорковская «Жаңа жылдық ертегі» -Наурыз ата, режиссер: Ә.Құлданов
С.Ваннус «Сұлтан да өтер дүниеден» -Сұлтан, режиссер:Ә.Әшімов
Ә.Тарази «Қорқау жұлдыз» – Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев, режиссер: Т.Өтебаев
И.Сапарбаев «Әмір Темір» – Сүлеймен Шейх, режиссер: Ә.Құлданов
Д.Исабеков «Мұрагерлер» -Проводник Сызғанов, режиссер:Арыстан Отарбаев
Д.Исабеков «Кішкентай ауыл» -Ормантай, режиссер: Ә.Құлданов
М.Әуезов «Айман-Шолпан» -Маман бай, режиссер: Ә.Құлданов
Ш.Айтматов, М.Шаханов «Сократ түні» – Тәңірқұт Айбар, режиссер: Р.Сейітметов
Ш.Айтматов, М.Шаханов «Сократ түні» – Қарашордың әкесі, режиссер: Р.Сейітметов
Ш.Мұртаза «Сталинге хат» – Уәкіл, режиссер: Р.Сейітметов
Ғ.Арынов Ә.Құлданов «Қос қарлығаш» -Әшім, режиссер: Ғ.Арынов
Колхозбек Тоғысбаев «Күйеу таңдау» – Балташ, режиссер: Салима Тасеменова
М.Әуезов, Л.Соболев «Абай» -Долгов, режиссер: Ә.Құлданов
Қ.Мұқамеджанов «Біз періштеміз бе?» – Бірінші жендет, режиссер: Ж.Омаров

2000 жылдан қазірге дейін:
Ғ.Мүсірепов Е.Брусиловский «Қыз Жібек» – Сырлыбай, режиссер: Н.Жұманьязов
Ғ.Арынов «Жаманшылық деген немене?» – Абзал ата, режиссер: Ғ.Арынов
Т.Молдағалиев «Тағдырмен тайталасқан әйел» -Военком, Режиссер: Т.Әшимов
Т.Молдағалиев «Ана көз жасы» -Еркек, режиссері: Е.С.Уразымбетов
Б.Римова «Қос мұңлық» – Ахат, режиссер: С.Тасеменова
Б.Аманшин «Аладиннің сиқырлышырағданы» Әбур-ра Шайтан Аспаһандур Мұқалай, режиссер: С.Тасеменова
Н.Оразалин «Аққұс туралы аңыз» Керуенбасы, режиссер:С.Тасеменова
Б.Брехт «Кавказдың бор шеңбері» Илло Шуболадзе, режиссері: Е.С.Уразымбетов
Б.Брехт «Кавказдың бор шеңбері» Ұлы князь (қашқын), режиссері: Е.С.Уразымбетов
Б.Брехт «Кавказдың бор шеңбері» -Қаусаған бүкір шал, режиссері: Е.С.Уразымбетов
А.П.Чехов «Шие бау» -Симеонов-Пищик, режиссері: Е.С.Уразымбетов
И.Оразбаев «Мен ішпеген у бар ма?» Көкбай, режиссері: Е.С.Уразымбетов
Ә.Ақпанбетов «Түнгі көбелектер» -Марабай, режиссері: Е.С.Уразымбетов
И.Сапарбаев «Сыған серенадасы» -Скрипкашы шал, режиссері: Е.С.Уразымбетов
З.Исмагилов «Құдаша» -Жаппар, режиссері: Е.С.Уразымбетов
М.Әуезов «Еңлік -Кебек» – Жомарт би,режиссер: И.Сапарұлы
С.Омаров «Ақымақ арыстан» -Арыстан режиссері: Е.С.Уразымбетов
Б.Момышұлы «Волокалам тас жолы» – Дорфман, режиссер:И.Сапарұлы
Ш.Башбеков «Шойын қатын» -Суан молда, режиссер: И.Сапарұлы
Д.Исабеков «Құстар фестивалі» -Әтеш, режиссері: Е.С.Уразымбетов
С.Қасымбек «Қағынған қарттар» – Қасым, режиссер: Ә.Құлданов
М.Байғұт Е.С.Уразымбетов «Бозторғайдың ұясы» – Ахмет, режиссері: Е.С.Уразымбетов
У.Шекспир «Дуалы түнгі думан» Эгей режиссері: Е.С.Уразымбетов
Ә.Бөпежанова «Али баба және қырық қарақшы» Мұстафа режиссер: Ғ.Арынов
Ш.Айтматов, Е.Уразымбетов «Жанпида» – Базарбай режиссері: Е.С.Уразымбетов
Т.Жудженоғлы «Көшкін» – Қариялар кеңесінің бірінші мүшесі, режиссер: А.К.Алтынбеков
А.Дударев «Қатардағы жауынгерлер» -Соляник, режиссер: А.К.Алтынбеков
З.Қыстаубаев «Аспиранттың ақ шымылдығы» – Профессор Әділов, режиссер: Ө.Тастанбеков
Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» -Әйтеке би, режиссер:Қ.Қасымов
Б.Әлімжанов «Ойран» – Елтай, режиссер: И.Сапаров
Р.Отарбаев «Бас» – Құрақ, режиссер: Қ.Қасымов
М.Байғұт Ш.Орынбаев «Қарлығаш Әулие-Төле би» -Түменбасы, режиссер: Ә.Құлданов
М. Байғұт «Жоғалған Жұрнақ» – Қонақбайрежиссер:
Ж.Шанин «Арқалық батыр» – Көкен би, режиссер: Асқар Алтынбеков
О.Богаев «Ылдиға жол» – Пірәдәр, режиссер: Болат Абдрахманов
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – етікші, режиссер:Жұмабек Есімов
У.Шекспир «Гамлет» – Қабірші,режиссер: Бекболат Құрманғожаев