Досқараева Женни

___

Досқараева Женни Пернебекқызы

Туған күні, айы, жылы: 10.12.1984 жылы Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген.
Білімі: 2000-2004ж. ОҚО Шымкент №4 кәсіптік мектепте «хатшы-референт», 2004-2009 ж Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Педагогика және өнер» факультетін «Актер шеберлігі» мамандығы бойынша бітірді.
Жұмыс орны, қызметі: 2009-2011 жылдары Түркістан сазды-драма театрында, 2011-2012 жылдары ОҚО «Қуыршақ театрында»,
2013 жылдан бастап Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында актриса болып қызмет атқаруда.
Ойнаған рольдері:
Түркістан сазды-драма театры:
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Нигора
С.Оспанов «Мұңлық-Зарлық» – Мұңлық, мыстан
Д.Исабеков «Құстар фестивалі» – сауысқан
Ш.Мұртаза «Домалақ ана» – Нүрилә
А.Гайджибеков «Аршын Малалан» – Телли
Б.Вахапзаде «Көк-Түріктер» – Сияңшы
Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры:
М.Байғұт,Ш.Орынбай «Қарлығаш әулие – Төле би» – Гөзәл
М.Байжиев «Тіл табысқандар» – Дездемона
Қ.Шаңғытбаев,Қ.Байсейтов «Беу қыздар-ай» – Жансұлу
О.Богаев «Ылдиға жол» – қалыңдық
Ж.Шанин «Арқалық батыр» – құмалақшы
С.Досанов « Тозақ шеңбері» – Фатима
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Мехри
Сонымен қатар театр қойылымдарының барлығының көпшілік сахнасында.
Балаларға арналған ертегілерде:
Түркістан сазды-драма театры:
Д. Исабеков «Алладиннің сиқырлы шамы» – мыстан, Ханшайым
Л.Корсунский «Әбжіланға арналған үйшік» – Мішім
Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры:
С.Балғабаев. «Жымбала, Мико және қасқыр» – Мішім
В.Орлов «Алтын шөжек» – шөжек
Ж.Омаров «Құлыншақ пен Бөлтірік» – Ақшулан
А.Атымтаева «Кім патша?» – Ақтиын
Б.Бекжанов «Торға түскен түлкі» – тышқан
Л. Корсунский «Шиебөрінің айласы» – Мішім