Қарғабаев Қайрат Жайлауұлы

 

Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма  театрының директоры

Қарғабаев Қайрат Жайлауұлы

Қарғабаев Қайрат Жайлауұлы 1965 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, 1 мамыр ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Білімі – жоғары, ұлты қазақ.

Жоғары оқу орнына түскенге дейін Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай қазақ музыкалық драма театрында  хор әртісі қызметін атқарған. 1987 жылы әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтына түсіп, 1991 жылы «Мәдениет ағарту жұмысы» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Жоғары оқу орнына түскенге дейін Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай қазақ музыкалық драма театрында  хор әртісі қызметін атқарған. 1987 жылы әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтына түсіп, 1991 жылы «Мәдениет ағарту жұмысы» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

 Оқу орын бітірген соң мәдениет саласында ұзақ жылдар бойы нәтижелі еңбек етіп, мәдениет мекемелерінде лауазымдық  қызметтерді абыроймен атқаруда.  1991-1998 ж.ж. облыстық ғылыми-әдістемелік орталығында әдіскер, жетекші маман болып қызмет етті, білімі мен еңбекқорлығының арқасында директордың орынбасары қызметінде атқарды. 1998-2000 ж.ж. ОҚО «Өнер ордасы» мемлекеттік мекемесінде көркемдік жетекші. 2000 жылы С.Сейфуллин атындағы ОҚО Халықтар достығы үйінің жетекші маман – көркемдік жетекші. 2001-2003 ж.ж. ОҚО мәдениет және жастар ісі жөніндегі басқармасының бас маманы. 2003-2007 ж.ж. ОҚО мәдениет басқармасының өнер және тарихи – мәдени мұра құндылықтарын сақтау бөлімінің бастығы. 2007-2009 ж.ж. басқарма бастығының орынбасары. 2009-2012 ж.ж.  басқарманың мәдениет және мәдени іс-шаралар ұйымдастыру бөлімінің бастығы. 2012-2019 ж.ж. Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының директоры. 2019 жылдың 3 шілдесінен Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының директоры.

Өткізілген облыстық, республикалық, халықаралық байқау-фестивальдер мен  мәдени  іс-шараларды  ұйымдастырушыларының бірі.

Лауазымды қызметте болу кәсіби маман болуды талап етеді, сондықтан Қайрат Жайлауұлы өзіне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарайды, әрдайым ізденісте жүріп, қызметкерлерге жақсы жағдай жасауды, ұжымда ынтымақ-бірлік болуын басты назарда ұстайды.

Осы саладағы нәтижелі еңбектері үшін 2011 жылы «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» медалімен, 2017 жылы ҚР Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат кәсіптік одағының «Құрмет белгісі» медалімен, 2019 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталып, облыс, қала әкімдіктерінің грамота – алғыс хаттарын алған.

Қайрат Жайлауұлы перзенттер тәрбиелеп өсіріп отырған үлгілі отбасы.

Кәсіби маман, білікті қызметкер, қарапайым азамат ретінде мәдениет және өнер қызметкерлері арасында жақсы беделге ие.