Дәуренбекова Ақерке

___

Дәуренбекова Ақерке Ниетқабылқызы

Туған күні, айы, жылы, жері: 14.06.1986 ж.Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы Сайрам ауданы, М.Оразалиев ауылында дүниеге келген.
Білімі: Жоғары. 2004-2009 жылдары Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Режиссура» факультетін «Режиссер» мамандығы бойынша тәмәмдады.
Жұмыс орны, қызметі: 2009 жылы Түркістан қаласындағы сазды драма театрында актриса қызметін атқарды.
2013 жылдың қазан айынан бастап Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялыққазақ драма театрында актриса болып жұмыс атқарады.
Театрда ойнаған рольдері:
Ш. Уәлиханов «Кадет Шоқан» – Ақжан
Б. Вахабзаде «Көктүріктер» – Бану Шешек
Ш. Мұртаза «Домалақ ана»- жас Нурила
С. Ахмад «Келіндер көтерілісі»- Мехри
С. Балғабаев «Біз де ғашық болғанбыз» – Зияда
М. Байғұт, Ш. Орынбай «Қарлығаш әулие – Төле би» – Ақбілек
Е. Қойбағаров «Қасірет қақпаны» – Сора
Б. Әлімжанов «Ойран» – Сиқыршы әйел
Д. Исабеков «Әпке» – Кәмилә
Д. Исабеков «Әпке» – Света
Ә. Тарази «Әлия» – Айжан
Е.Төлеубай «Жеңгетай» – Әйбәт
О.Богаев «Ылдиға жол» – Екіқабат әйел
А.Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай» – Тоғжан
Қ.Шаңғытбаев,Қ.Байсеитов «Беу, қыздар-ай» – Күнсұлу
Р.Отарбаев «Бас» – Айым
Ж.Омаров «Құлыншақ пен Бөлтірік» – Маңмаңгер
Ә.Ақпанбет «Түнгі көбелектер» – Катя
М.Әуезов «Қарагөз» – Ақбала
Р.Отарбаев «Шырмауық» – Жанна
Балаларға арналған ертегілерде:
Д. Исабеков «Құстар фестивалі – Көкек
В. Орлов «Алтын шөжек» -Түлкі
С. Балғабаев «Жымбала, Мико және Қасқыр» – Ботагөз
Л. Корсунский «Шиебөрінің айласы» – Күрке тауық
Ж.Омаров «Құлыншақ пен бөлтірік» – Маңмаңгер