Дәулетжанов Бақытжан

___

Дәулетжанов Бақытжан Бекжанұлы

Туған күні, айы, жылы: 1987 жылы маусым айының 22-ші жұлдызында дүниеге келген.
Білімі: 2004-2008 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің Педагогика және Өнер институтының «Режиссура және МТЖ» кафедрасында актер мамандығын тәмәмдады.
Жұмыс орны, қызметі: 2007 жылдан бастап Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында актер.
Ойнаған рольдері:
С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншегінде» – Абдолла,
Б.Есеналиевтің «Мұхаммед Хайдар Дулатында» – Әбдірашид хан, Д.Исабековтың «Мұңлық-Зарлығында» – Зарлық,
М.Хасеновтың «Пай-пай, жас жұбайларында» – Бекзат, Есет, Е.Қойбағарұлының «Бала мен қайыршысында» – Шора,
Е.Жуасбектің «Үйленуінде» – Бөлек,
М.Ахмадиевтің «Алдар көсенің айласы» ертегісінде – Алдар көсе бейнелері.