Дәрменшиева Ұлжалғас

___

Дәрменшиева Ұлжалғас

Дәрменшиева Ұлжалғас Анарбекқызы

Туған күні, айы, жылы: 20.11.1963 жылы Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы, Жетісай ауданы, Ленин колхозы, Ленин ауылында дүниеге келген.
Білімі: 1983-1985 жылдары Жетісай Мәдени-ағарту училищесін,
1995-1998 жылы Т. Жүргенов атындағы өнер академиясынның «Театр және кино» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Мемлекеттік наградалары, құрмет атағы: 2004 жылы ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрі Е.Қосыбаев атынан «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Жұмыс орны, қызметі: 1985 жылы Жетісай қаласындағы Қ.Жандарбеков атындағы қазақ музыкалық драма театрында қызмет атқарды. 1995 жылдан бастап Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында актриса.
Ойнаған рольдері:
Қ.Жандарбеков атындағы Жетысай драма театрында:
Ш. Айтматов «Алғашқы мұғалім» – Алтынай
«Алдар көсе» – Шайтан
«Сүймегенге сүйкенбе» – Айсенем
М. Әуезов «Абай» – Тоғжан
И. Оразбаев «Желжуан» – Сұлу
С. Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» – Жібек
С. Балғабаев «Біз де ғашық болғанбыз» – Айжан
С. Балғабаев «Әйелдер әлемі» – Күлімкөз
Т. Ақтанов «Күтпеген кездесу» – Ғалия
Г.Хугаев «Қайын ене» – Зареше
О.Боранбаев «Дымың ішіңде болсын» Зияш
С. Адамбеков «Аюбайдың ажалы» – Жанар
И. Иманқұлов «Бір қазаққа бір қатын» – Шура
Ы.Иманқұлов «Аттастықтың әлегі» Бақыткүл
О.Рахманқұлов «Рақмет, Келін!» Келін
Т. Молдағалиев «Ана көз жасы» Бақыт
Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрыында:
Б. Римова «Қос мұңлық» – Гүлбарам
Д. Исабеков «Мұңлық-Зарлық» Мыстан
Ә. Ақпанбет «Түнгі көбелектер» – Рита
Т. Молдағалиев «Тағдырмен тайталасқан әйел» – Көбей
Д. Исабеков «Енді қайттік?» – Хатшы
И. Сапарбаев «Әмір-Темір» – Қара періште
Ф. Буляков «Мұңлықтар» – Фатима
Е. Қойбағаров «Қасірет қақпаны» – Киікоты
М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!» – Қыз
З. Қыстаубайұлы «Аспиранттың ақ шымылдығы» – 1-ші Келіншек
М.Байғұт «Маслихатшының зайыбы» – Зайыбы
Д. Исабеков «Әпке» – Гаухар
Қ.Шаңғытбаев,Қ.Байсеитов «Беу, қыздар-ай!» – Күнсұлу
Ә. Ақпанбет «Түнгі көбелектер» – Аймандай
Ә. Ақпанбет «Түнгі көбелектер» – Көрші әйел
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Бустан
М.Әуезов «Қарагөз» – Өсекші әйел
Балаларға арналған ертегілерде:
Ө. Боранбаев «Қаңбақ шал» – Сотқар
Ө. Боранбаев «Бәріненде күшті қорқақ көжек» – Түлкі
Д. Исабеков «Құстар фестивалі» – Тауық
С. Омаров «Ақымақ арыстан» – Қоян
Л. Корсунский «Шибөрінің айласы» – Тауық
Ж.Орынбаев «Құлыншақ пен бөлтірік» – Анабие
Б.Бекжанов «Торға түскен түлкі» – Шеңгел
Түскен фильмдері:
«Тағдыр тәлкегі» қысқаметражды фильм – Ана
«Бастаңғы» қысқаметражды фильм – Келіншек