Cалова Раушан

___

Cалова Раушан

Салова Раушан

Туған күні айы жылы: 28.09.1953 жылы Астана қаласында дүниеге келген.
Білімі: 1972 жылы Алматы қаласында театр студиясын бітірген.
1994-1997жылы Т.Жүргенов атындағы қазақ мемлекеттік театр және кино институтын бітіріп драма және кино актеры мамандығын алған.
Мемлекеттік наградалары құрмет атағы: Қазақстан Республикасы Мәдениет Министрлігі Мәдениет Комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрмет» грамоталарымен (1994ж) (2001ж) марапатталған.
1998 жылы Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің «Зерде» стипендиясының иегері атанған.
2002 жылы «Сахна шебері» деген дәреже берілді.
2013 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Жұмыс орны қызметі: 1972 жылдан бастап Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында актриса.
Ойнаған рольдері:
Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» – Марфуға – Маро
О.Бодықов «Үйленгім келмейді» (1974 ж) – Ләйлә
Бердібек Соқпақбаев «Өлгендер қайтіп келмейді» – Майра
С.Шамхалов «Қайын ене мен келін» (1975 ж) – Афет
Н.В.Гоголь «Үйлену» (режиссері – Т.Өтебаев, 1977ж) – Агафья Тихоновна
Ж.Еділбаев «Қоштасқым келмейді» Айымкүл
А.Арбузов «Қынжылмасқа не шара» (1979 ж)
Ғ.Мүсірепов «Ақан Сері-Ақтоқты» – Мәрзия
Ә.Әбішев «Мәди» (1982 ж.) – Сашенька
Д.Исабеков «Әпке» – Нәзилә (1982 ж)
Д.Исабеков «Анасын аңсаған қыз» – Перизат (1992 ж)
Д.Исабеков «Ескі үйдегі екі кездесу» – Зейнеп (1997 ж)
Ж.Мольер «Сараң» – Марианна(1976 ж)
У.Шекспирдің «Юли Цезарь» – Кальпурния (1976 ж)
М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Айман(1997 ж.)
А.П.Чеховтың «Шие бауы» (2002 ж) – Л.А.Раневская
Б.Мұқаев «Сергелдең болған серілер» – Айжан
Б.Римова «Абай-Әйгерім» – Әйгерім
С.Мұқановтың «Шоқан Уалиханов» – Елизавета (1983ж)
С.Ахмад «Келіндер көтерлісі» (1977 ж) – Бостон
И.Сапарбаев «Әмір-Темір» – Іңкәр Бегім
М.Байджиев «Жекпе-жек» – Назы
К.Уәлиев «Түн» – Назым
Б.Брехттің «Кавказдың бор шеңбері» – Груше (2002 ж)
Ғ.Мүсірепов «Қозы Корпеш – Баян сұлу» – Мақпал
И.Ғайып «Негізгі шаруа» – Сая
Ш. Айтматов, М. Шаханов «Миғула терісі үстіндегі сот» – Ду-дау
Т.Молдағалиев «Тағдырмен тайталасқан әйел» – Анар
Қ.Ысқақов «Таңғы жаңғырық»
Ж.Шанин «Арқалық батыр » – Қаракөз (1992ж)
М.Әуезов «Қарагөз» – Ақбала(1980ж)
З.Исмагилов «Құдаша» (2004 ж.) – Шамсия
Ә.Тарази «Қаракөз жұлдыз» – Зәуре
О.Бөкеев «Құлыным менің» – Анар
С.Шәймерденов «Марғау үні» (1986-1992 ж) – Ұмсындық
Қ.Бекқожин «Ұлан асу» – Айтолқын ханша
М.Әуезов «Абай» – Қарлығаш (1995ж)
Ғ.Арынов «Қос қарлығаш» – Дариға
Б.Ережепов «Көксеп жүріп билікті» – Дәмеш
Қ. Бекхожин «Гималай сарыны» – Мэри
М.Шолохов «Көтерілген тың» – Лукерья
Ф.Буляков «Бақ іздеген бейбақтар» – Ақлима
Ә.Әбішев «Белгісіз батыр» – Зәуре
Ә. Аймақ «Шәмшінің сағынышы» – Ана
М.Резенге «Қар көшкіні» – кексе әйел
Ә. Оразбеков «Бір түп алма ағаш» – Дәметкен
Д.Исабеков «Мұңлық-Зарлық» – Зәрипа (2009ж.)
Е.Тұрысов «Ұлы көш» – Сары бәйбіше
Е.Қыстаубаев «Аспиранттың ақ шымылдығы» – Күләнда
Т.Джудженоглы «Көшкін» – Әжесі (2008 ж)
Түскен фильмдері:
«Горькая дорога»
«Родные узы»
«Кешіккен махаббат»