Баимбетова Қапиза

___

Баимбетова Қапиза Маханқызы

Баимбетова Қапиза Маханқызы

Туған күні айы жылы: 06.05.1964 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
Білімі: 1983-1985 жылдары Алматы қаласындағы эстрада цирк өнері студиясын, 1985-1989 жылдары Алматы Мемлекеттік театр және сурет өнері институтының «Театр және кино әртісі» мамандығы бойынша бітірді.
Мемлекеттік наградалары құрмет атағы: ҚР мәдениет ақпарат және спорт министрлігінің «Құрмет Грамотасы» 2004 жылы.
ҚР мәдениет қызметкерлері кәсіптік одағының қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан филиалы Кәсіподақ комитетінің «Алғыс Хаты»,
ОҚО Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрының директоры Б. Пірімбетовтың «Алғыс хаты»,
ОҚО «Нұр Отан» филиалының «Алғыс Хаты».
Жұмыс орны, қызметі: 1997 жылдан бастап Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында актриса.
Ойнаған рольдері:
Қ. Төлеметов «Өткендер мен өткелдердегі» – Ана
Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» – Мақпал
Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» – Күнікей
М. Шаханов Ш. Айтматов «Сократ түні» – Айсұлу
А. П. Чехов «Шие бау» – Шарлотта
Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» – Батсай жеңге
Б. Брехт «Кавказдың бор шеңбері» – Жыршы
Д. Исабеков «Енді қайттік» – ІІ-орынбасар
И. Сапарбай «Сыған серенадасы» – Биші
Ә. Аймақ «Шәмшінің сағынышы» – Ана
Ә. Ақпанбет «Түнгі көбелектер» – Арманайдың анасы
С. Балғабаев «Ең әдемі келіншек» – Зухра
Е. Қойбағаров «Қасірет қақпаны» – Ана
Т. Нұрмағамбетов «Бес бойдаққа бір той» – Кемпір
Ә. Файзуллаев «Тастанды» – Гүлшат Мағрипа
С. Қасымбек «Палата» – бизнесмен Дана
Ф. Буляков «Бақ іздеген бейбақтар» – Батима
Е. Жуасбек «Үйлену» – Зерек
Балаларға арналған ертегілерде:
Т. Ахметжан «Тазша бала» – Апа
В. Орлов «Алтын шөжек» – Түлкі
Ө. Боранбаев «Қорқақ көжек» – Түлкі
Ғ. Арысов «Жаманшылық деген не?» – Әтеш
Д. Исабеков «Құстар фестивалі» – Көкек
Д. Исабеков «Мұңлық – Зарлық» – Шекер тоқал