Артықбаев Ұлықбек

___

Артықбаев Ұлықбек

Артықбаев Ұлықбек Қалмырзаұлы

Туған күні, айы, жылы: 03.02.1972 жылы Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы, Төлеби ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген.
Білімі: 1994-1998 жылдары М. Әуезов атындағы Мемлекеттік университеті «Театр факультетін» «Режиссура» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Жұмыс орны, қызметі: 1998 жылдан бастап Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында актер болып қызмет атқарады.
Мемлекеттік наградалары, құрмет атағы:Облыстық мәдениет басқармасының, қала әкімінің, ҚР Мәдениет министрлігінің «Құрмет грамотасы» және Театр директорының марапаттарына ие болды.
Ойнаған рольдері:
Ә. Файзуллаев «Тастанды» – Бағлан
Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Қозы
М. Әуезов «Еңлік – Кебек» – Жәуетай
Е. Қойбағаров «Бала мен қайыршы» – Қайыршы
С. Балғабаев «Ең әдемі келіншек» – Алтай
А. П. Чехов «Шие бау» – Фирс, Яша
З. Қыстаубаев «Аспиранттың ақ шымылдығы» – профессор Бек
М. Байғұт, Ш. Орынбай «Қарлығаш әулие – Төле би» – Айтеке би
Е. Тұрысов «Ұлы көш» – Байтулы батыр
Б. Есеналиев «Мұхамед Хайдар Дулати» – Занги чак
Ш.Башбеков «Шойын қатын» – Әлімжан
Т. Нұрмағамбетов «Бес бойдаққа бір той» – Барбол
М. Байғұт «Желтоқсан қасіреті» – Бастық
Е. Қойбағаров «Қасірет қақпаны» – Полиция
Ә. Аймақ «Шәмшінің сағынышы» – Сабырхан
Ш. Айтматов «Жанпида» – Петруха
Д. Исабеков «Енді қайттік?» – Пашат
Д. Исабеков «Әпке» – Қабен
Ә. Тарази «Әлия» – полковник Соловьев
Ш.Башбеков «Темір қатын» – Суан молда
М.Әуезов «Қарагөз» – Жарылғап
У.Шекспир «Гамлет» – Қабірші
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Орынбай
Р.Отарбаев «Шырмауық» – Әкесі
Түскен фильмдері:
«Бәсеке»