БІЗДІҢ АРТИСТЕР »

 
АРТИСТЕР ҚҰРАМЫ

 
 




Құттыбаев Сержан Құрманәліұлы

Туған күні, айы, жылы, жері: 15.08.1983 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Ақбастау елді мекені

Білімі: кәсіби жоғары - 2000-2004 жылы Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті «Педагогика және өнер» факультетін «Актер шеберлігі» мамандығы бойынша бітірді.

Мемлекеттік наградалары, құрмет атағы: Облыс әкімі, Шымкент қала әкімі, ОҚО Мәдениет басқармасы, Театр Қайраткерлер одағы, театр директоры және кәсіподақ комитетінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Жұмыс орны, қызметі: 2003 жылдан ОҚО Ж. Шанин атындағы қазақ драма театрында актер.

анықтама телефоны: 8 701 384 62 66

e-mail Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ драма театры

 

 


Ойнаған ролдері:

Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» - Батыр,

В. Шекспир «Дуалы түнгі думан» - Деметрий,

Д. Исабеков «Құстар фестивалі» - Әтеш,

Ш. Айтматов «Жанпида» - Жанкешті,

Ә. Ақпанбет «Түнгі көбелектер» - Арманай,

Ә. Файзуллаев «Тастанды» - Айғали,

М. Байғұт «Бозторғайдың ұясы» - Жартыбай,

М, Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» - Есет,

Д. Киносито «Тырна ұлпалары» - Иохио,

А. П. Чехов «Шие бау» - Маскүнем,

Т. Джудженоглу «Көшкін» - Күзетші,

Е. Тұрысов «Ұлы көш» - Науан батыр,

Б. Есеналиев «Мұхаммед Хайдар Дулати» - Абдолла,

Ә. Аймақ «Шәмшінің сағынышы» - Толық кісі,

Е. Жуасбек «Үйлену» - Бөлек,

М. Байғұт, Ш. Орынбай «Қарлығаш әулие Төле би» - Әнәпкел ақын,

М. Байғұт «Желтоқсан қасіреті» - Жұрнақ,

Д. Исабеков «Енді қайттік?!» - Ақын жігіт,

Е. Қойбағаров «Қасірет қақпаны» - Бала,

Т. Нұрмағамбетов «Бес бойдаққа бір той» - Нарбол,

М. Байғұт «Көксу комедиясы» - Қаубас, Маубас


Балаларға арналған ертегілерде:

Ә. Файзуллаев «Үй таңдаған лақ» - Қасқыр,

Ө. Боранбаев «Қорқақ көжек» - Қасқыр,

А. Бөпежанова «Али баба және қырық қарақшы» - Ахмет,

С. Омаров «Ақымақ арыстан» - Арыстан,

Қ. Жанмұратова «Тапқыр бұзау» - Қасқыр,

В. Орлов «Алтын шөжек» - Қасқыр,

Т. Ахметжан «Тазша бала» - Көкжал батыр

С. Балғабаев «Жымбала, Мико және Қасқыр» - Мультик,

М. Ахмадиев «Алдар көсенің айласы» - Шайтан және т.б.