БІЗДІҢ АРТИСТЕР »

 
АРТИСТЕР ҚҰРАМЫ

 
 


Аралбаев Дүйсебек Еркінұлы

1983жылы Шыршық ауданы, Егіз-ата аулында дүниеге келген. Сол ауылдағы Ж.Жабаев атындағы мектепті

1990-2000жылдары аяқтап Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма және кино» мамандығы бойынша 2007жылы бітірген.

Ұстаздары: Б.Құрманқожаев, Қ.Сұлтанбаев, Б.Атабаев, Д.Тұранқұлова т.б. 2007жылы Ғ.Мүсірепов атындағы жастар мен балалар театрына жұмыс істей жүріп режиссер Т.Теменовпен бірге жұмыс істеп бірнеше рольдерді сомдаған. 2007-2010жылдары «Денар» тобында әнші болған.

2010-2016жылдары Астана қаласы Мәдениет және ақпарат Министрлігінің Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру орталығының бас маманы қызметін атқарған.

2016жылдың қыркүйек айынан бастап ОҚО Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында актер болып қызмет етеді.


 

 

 

 

Ойнаған рольдері;

Д. Рамазан «Абылай хан» -Қалден Церен

Ж. Шанин «Арқалық батыр» - Арқалық

Е. Төлеубай «Жеңгетай» - Көпбай

О. Богаев «Ылдиға жол» - Ібіліс, Еркек

С. Досанов «Тозақ шеңбері» - В.Г.Колбин

З. Қыстаубаев «Аспиранттың ақ шымылдығы» - Шалабай, Нұрлыбай

«Түнгі көбелектер» - Әке

Ж. Шанин «Арқалық батыр» - Арқалық батыр

М. Әуезов «Қарагөз» - Сырым