Аралбаев Дүйсебек

___

Аралбаев Дүйсебек Еркінұлы

Туған күні, айы, жылы: 1983 жылы Шыршық ауданы, Егіз-ата аулында дүниеге келген.
Білімі: Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма және кино» мамандығы бойынша 2007 жылы бітірген.
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, мемлекеттік наградалары, құрмет атағы: «Үздік драмалық бейне» «Алғыс хат»
Жұмыс орны, қызметі: 2007 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы жастар мен балалар театрында жұмыс істеген. 2007-2010 жылдары «Денар» тобында әнші болған. 2010-2016 жылдары Астана қаласы Мәдениет және ақпарат Министрлігінің Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру орталығының бас маманы қызметін атқарған. 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында актер.
Ойнаған рольдері:
Д.Рамазан «Абылай хан» -Қалден Церен
Ж.Шанин «Арқалық батыр» – Арқалық батыр
Е.Төлеубай «Жеңгетай» – Көпбай
О.Богаев «Ылдиға жол» – Ібіліс
О.Богаев «Ылдиға жол» – Еркек
С.Досанов «Тозақ шеңбері» – В.Г.Колбин
З.Қыстаубаев «Аспиранттың ақ шымылдығы» – Шалабай
З.Қыстаубаев «Аспиранттың ақ шымылдығы» – Нұрлыбай
«Түнгі көбелектер» – Әке
М.Байғұт «Асқаровтың аққайыңдары» – Соломонцев
М.Әуезов «Қарагөз» – Нарша
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Полковник
У.«Гамлет» – Король Клавдий