АҢДАТПАЛАР

  Жаңалықтар біздің сайтымызда:
 
 

03.03.2015 - Жаңа басшы тағайындалды.   03.03.2015



Бүгін Облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрына жаңа басшы тағайындалды.

Театр ұжымы үшін ең үлкен қуаныш - шығармашылық жолда үзеңгілес жүрген суреткердің тағайындалуы. Театрға ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмағұлов директор болып тағайындалды.



15.12.2014 - Ж.Шанин театрының шымылдығы...  15.12.2014



Ж.Шанин театрының шымылдығы марапаттармен ашылды.

2014 жылдың желтоқсаны айы - Ж.Шаниндықтар үшін ерекше кезең болып тарихи мәртебеге ие болды десек артық болмас.
4 желтоқсан күні Елбасымыз Н.Назарбаевтың қатысуымен салтанатты тұсаукесері болған театр ұжымы, Тәуелсіздігіміздің көк байрағы желбіреген күні тағы бір қуанышқа кенелді.
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Елбасымыздың жарлығымен Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әртіс Ошат Рахимов – «Құрмет» орденімен наградталды.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, қоюшы-режиссер Иманалі Сапаров пен «ҚР Мәдениет қайраткері», труппа меңгерушісі Сансызбай Сытышев – «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен наградталды.
Жаңа ғимаратқа қоныс аударған театр ұжымының өкімет тарапынан айтулы құрметке ие болғаны - барша театр ұжымына мақтаныш!
Шымылдығын Иран Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» драмалық дастанымен айқара ашқан Шаниндіктер, өз көрермендерін асыға күтіп, қуанышпен қарсы алуға дайын екендіктерін білдіреді.



14.09.2014 - Театр ұжымы Қазақстан Республикасы Мәдениет және...  14.09.2014


Театр ұжымы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігі мен Қызылорда облысының әкімдігі бірлестікте ұйымдастырған Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХІІ Республикалық фестиваліне Ф.Буляковтың «Бақ іздеген бейбақтар» трагикомедиясымен (қоюшы реж.Сая Қасымбек, қоюшы сур. Қалтөре Жұмағұлов, муз.көркем.Жұмабек Есимов) қатысып, «Актерлік тұтастығы үшін» арнайы жүлдесін иеленіп қайтты.



05.09.2014 - «Бес бойдаққа бір той»(комедия)  30.08.2014



5 қыркүйек - Т.Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той»(комедия)

Қоюшы режиссер – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ә.Рахимов
Қоюшы суретші - ҚР Мәдениет қайраткері – Қ.Жұмағұлов
Музыкамен көркемдеуші Ж.Есимов
Басталу уақыты: сағат 19.00

Қойылым төрт бойдағын үйлендіруді армандаған Қырманбай шалдың түсіне кірмеген жайт – бір күнде төрт бойдағымен қоса өзінің де үйленіп, бақытқа кенелуі жайындағы күлкілі оқиғаларға толы комедия.

Билеттер театр кассасында сатылуда.
анықтама сымтетігі: 53-04-79; 53-91-44



04.09.2014 - 81-ші шымылдықтың ашылуы  30.08.2014



4 қыркүйек - Е.Тұрысов «Ұлы көш» (тарихи драма)

Қоюшы режиссер: ҚР Мәдениет қайраткері - Ә.Құлданов
Коюшы суретші: ҚР Мәдениет қайраткері – Қ.Жұмағұлов
Музыкамен көркемдеуші Ж.Есимов

Басталу уақыты: сағат 19.00

Қойылым ұлан байтақ атырапты мекен еткен Қазақ елінің ұлыстық мемлекет жүйесінің негізін салуда, елдіктің іргетасын қалауда қажырлы қайрат көрсеткен дара тұлғалардың бірі - Бәйдібек Қарашаұлының өмірі жайлы тарихи драма.

Билеттер театр кассасында сатылуда.
анықтама сымтетігі: 53-04-79; 53-91-44



Жаңа ғимаратқа – жарқын жол  20.08.2014


Өзінің 80-жылдық мерейлі тойына М.Әуезовтың «Қарагөз» драмасымен қызу дайындалып жатқан театр ұжымы заманауи үлгіде салынып жатқан жаңа ғимаратқа көшуді жоспарлап отыр.




[1-10]  ...  [31-40]  [41-50]  [51-60]  [61-70]  [71-76] 

 
 
 
  « Қайт- кейін...