АҢДАТПАЛАР

  Жаңалықтар біздің сайтымызда:
 
 

01.03.2016-НАУРЫЗ айына арналған РЕПЕРТУАРЫ   01.03.2016



Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының

НАУРЫЗ айына арналған РЕПЕРТУАРЫ

ПРЕМЬЕРА

М.Байжиев «ТІЛ ТАБЫСҚАНДАР» комедия

Реж. Ж.Есімов


ПРЕМЬЕРА

Ш.Башбеков «ТЕМІР ҚАТЫН» комедия

Реж. Қ.Қасымов








толық...




18.12.2015 - Театрымыздағы жағымды жаңалық...  18.12.2015



Театрымыздағы жағымды жаңалық - ҚР Мәдениет қайраткері Мұхан Шакиров ағамызды ұжым директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұловпен бірге қарияларымыз қуаныштарын бөлісе құттықтады.


























01.12.2015 - Жәудір Сарыпбекова  01.12.2015



Жұмат Шанин театрының белді жас актрисасы
Жәудір Сарыпбекова Республикалық "Серпер"
Жастар сыйлығының иегері атанды.


























20.11.2015 - "Кім патша?"  20.11.2015



"Кім патша?" ертегісінде "өзіміз өмір сүретін орманды ластамайық" дескен аңдар қоқыстарын ормандағы қоқыссалғышқа тастағанын көрген бүлдіршіндер, қойылымнан соң сахнаға жүгіріп шығып, қолдарындағы қоқыстарын аңдардың қоқыссалғышына салғанын көргенде; "тәлімді қойылымның текке кетпегеніне" қуандық. Қоюшы режиссері Мейрам Хабибуллин.







23.10.2015-КӨРЕРМЕНІ ЖОҚ ҚОЙЫЛЫМ  23.10.2015



Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры „Әйел сыры„ қойылымының тұсауын кесті. Шығарма нәзік жандылардың жан айқайын, ішкі күрсінісін суреттейді. Әр әйелдің ішінде түйіндей мұң барын көрсетіп, қоғамның ащы шындығын еш бүкпесіз баяндайды. Ерекше форматтағы қойылымды облыс әкімі Бейбіт Атақұловпен шаһар шенділері, зиялы қауым өкілдері тамашалады. Ал, нағыз әйел бақыты деген не?

Таңшолпан НЫШАНБАЙ



Видеогалерея...




21.10.2015 - ПРЕМЬЕРА!!!  21.10.2015



Б. Абдураззаков «ӘЙЕЛ СЫРЫ»

(сахналық новелла)

Әйел сөзін естігенде көз алдыңызға нәзіктік, іңкәрлік, сұлулықпен қатар – қайсарлық, беріктік, төзімділік, адалдық, мейірімділікті бойына жинаған Хауа ананың ұрпағы келері сөзсіз. «Әйелсіз өмір – айсыз түн...» демекші, сұлулық пен ұлылықтың символына айналған әйелдеріміздің бүгінде күйі қандай? Әйелдерімізді қадірлеп жүрміз бе?..

Әйел бейнесі бүгінгі қоғамда қаншалықты өзгеріске ұшырады?! Заманауи әйел қауымының өмірге деген көзқарасы, күрес жолдары қандай соқпақтармен жүзеге асып жатыр?..

Міне, әйел жаны сан-алуан апаттардан жанталаса күреспен қайта жанданып, қиындықтан арпалыса шығатынына куәгер болғыңыз келсе - Ж.Шанин атындағы облыстық Академиялық қазақ драма театрында қазан айының соңына премьерасы белгіленіп отырған Б.Абдураззаковтың «Әйел сыры» сахналық новелласынан сан-алуан сұрақтың жауабын бірге іздейсіз. Қойылымның бір ерекешелігі оны тамашалаудың көрермендерге жаңаша формасы ұсынылмақ.

Қоюшы режиссер – театрдың көркемдік жетекшісі, Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері Қуандық Қасымов.

Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов



09.10.2015 - ПОЭЗИЯ ӘЛЕМІ...  08.10.2015



Қазақ поэззиясының биік шыңы Абай өлеңдерін оқымаған, тәнті болмаған қазақ жоқ болар... Абай мен Тоғжанның сезім күйзелісіне тебіренбеген, бейтарап қалған жан бар дегенге сенер ма едіңіз?! Абай әлемінен рухыңызға нәр алғыңыз келсе, Ж.Шанин атындағы облыстық Академиялық қазақ драма театрына келіңіз!

Босана алмай қасіретінен қамыттың,
Қаша да алмай қазанынан тамұқтың.
Өртке амал, дертке дауа таба алмай,
Жан жүрегі жараланған ғаріппін.

Аяулысы Тоғжанға деген жүрекжарды сөзі арқылы барша адамзаттың жүрегінде бүр жарған махаббат сезімін жеткізетін Абай поэззиясының мықтылығы ғасырдан-ғасырға ұлғайып, биіктей бермек.
Қазан айының 14-15 күндері А.Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай» поэтикалық драмасы сахналанады. Басталуы: 19.00. Абай Құнанбаевтың өлеңдерінен инсценировка жасаған театрымыздың көркемдік жетекшісі – Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері Қуандық Қасымов, театрымыздың сахнасында «махаббат поэтикасын» таңғажайып режиссерлік шешімімен өз көрерменіне ұсынады. Суретшісі – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов. Қойылымның көлеңкелі сахналарын қойған Мейрам Хабибулин.

Анықтама тел. 29-38-58, 27-91-82.



ЖАҢА ПРЕМЬЕРАҒА АСЫҒЫҢЫЗДАР!!!  28.09.2015



Құрметті өнер сүйер қауым! Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры 30 қыркүйек, 1 қазан күндері С.Досановтың «Тозақ шеңбері» трагедиясының премьерасына шақырады. Басталуы: 19.00.

«Желтоқсан оқиғасы» – біздің қасиетті де қасіретті, қиын да күрделі тағдырымыз. Ол біздің елдігіміз бен ерлігіміздің жаңа тарихы.»

Ұлт басынан кешкен сәттер, тарихтың қатпарлы беттерінен - өшпейтін даңықты кезеңдерге айналары сөзсіз... ХХ-шы ғасырдың аяғы қазақ халқының тарихында ерлік пен қайсарлықтың, Тәуелсіздік жолында күрескерліктің айнымас айбынын арттырған ғасыр.

«Тозақ шеңбері» трагедиясы – адам мен қоғамдағы «ойлап тапқан» саяси жүйенің күресі жайында ой қозғайды. Демократиялық қоғамды аңсаған жастар аяусыз қаналды... «Тозақ шеңберіне» түскен жастардың сол сәттегі жан-дүниесіндегі ұлттық намысын қозғаған қандай күш екеніне қойылым арқылы зерттеуді мақсат тұттық.

"Желтоқсан оқиғасы" тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың бастауы болды. Ол жас жігіттер ар-намыс пен елдік рух жолында теңдікті талап еткен тегеурінді күш-қайнарының тоғысқан шағы. Ел мен ұлттың тәуелсіздік құқын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық жігіттер мен қыздардың бұл қадамы шын мәнінде ерлік.

«БҰЛ ЕҢБЕГІМДІ тағдырдың барлық тауқыметін халқымызбен бірге көтеріп келе жатқан қаракөз қарындастарым мен інілеріме, желтоқсанда ықпаған, ерлік туын жықпаған батыр да парасатты ұрпақ арнадым.»

А в т о р.

Бірде қайғылы, шерлі, бірде азат, айбынды, рухты тарихымыздағы әрбір оқиға, әрбір қанды шайқас – азаттыққа жасалған бір қадам...



16.09.2015 күні Д.Рамазанның "Абылайханның арманы"  24.08.2015



Ж.Шанин атындағы Академиялық қазақ драма театрына жаңа шығармашылық басшы келді. Театрдың көркемдік жетекшісі болып Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреты, майталман режиссер Қуандық Қасымов тағайындалды.

Жаңа басшы келе жаңа қойылымдарға білек сыбана кірісіп кетті. С.Досановтың "Тозақ шеңбері" драмасы, жастар еркін сілтерлік "Желсіз түнде жарық ай" поэтикалық қойылым мен Б.Абдураззаковтың "Әйел сыры" пьесасын бірден қолға алып,актерлық құрамның барша буынының шығармашылықпен айналысуына толығымен пәрменділік көрсетуде.

Театр ұжымы өзінің 82-ші театр маусымын 16.09.2015 күні Д.Рамазанның "Абылайханның арманы" тарихи драмасымен ашпақшы. Сонымен қатар, жаңа маусым Мольердің "Ақсүйек болғыш ақымақ" музыкалық комедиясымен қараша айында өз жалғасын таппақшы.

Жаңа көркемдік жетекші театр ұжымына жаңа серпін беріп, биік белестерге жетелейді деп сенеді.



ПРЕМЬЕРА!!!  25.06.2015



Құрметті театр көрермендері!

7-8 шілде 2015 күні сағат 19.00-де театрымыздың сахнасында Д.Рамазанның "Абылайханның арманы" тарихи драмасының премьерасы.

Қоюшы режиссер - бірнешедүркін Халықаралық театр фестивальдерінің жүлдегері, майталман режиссер Қуандық Қасымов.


















 [1-10]  [11-20]  [21-30]  [31-40]  [41-50]  [51-60]  [61-70]  [71-76] 

 
 
 
  « Қайт- кейін...