АҢДАТПАЛАР

  Жаңалықтар біздің сайтымызда:
 
 

26-28.05.2016 - Репертуар  27.05.2016



26 мамыр сағ.19.00-де «Тозақ шеңбері»,
27 мамыр сағ.15.00, 19.00-де М.Байжиевтің «Тіл табысқандар»,
28 мамыр сағ.11.00-де Ж.Омаровтың «Құлыншақ» (ертегі),
28 мамыр сағ.19.00-де Ш.Башбековтың «Темір қатын» қойылымдарына шақырады.

М/ж. Нұрсәт м/а. Астана даңғ. 6. Анықтама тел. 29-38-58, 27-91-82. 8701 462 4566



26.05.2016 - «Тозақ шеңбері» - трагедия  25.05.2016



ОҚО Ж.Шанин атындағы Академиялық қазақ драма театры

Сәбит Досанов «Тозақ шеңбері» - трагедия

Ұлт басынан кешкен сәттер – тарихтың қойнауынан өшпейтін даңқты кезеңдерге айналары сөзсіз...Халқымыздың айбынын асқақтататын қайраты қажырлы, намысы туын жыққызбаған ұл-қыздарымыздың өрмінез қаракеті бүгінгі ұрпаққа ұмытылмас өнегеге айналған ХХ-шы ғасырдың аяғы - қазақ халқының тарихында ерлік пен қайсарлықтың, Тәуелсіздік жолында күрескерліктің айнымас айбынын арттырған ғасыр боп мәңгілікке жол тартты...

Автор: «БҰЛ ЕҢБЕГІМДІ тағдырдың барлық тауқыметін халқымызбен бірге көтеріп келе жатқан қаракөз қарындастарым мен інілеріме, желтоқсанда ықпаған, ерлік туын жықпаған батыр да парасатты ұрпаққа арнадым» - деген аманатын бүгінгі жас ұрпаққа арнап отыр.
Қойылым – қатерлі желтоқсан оқиғасын әлемдік қақтығыстармен салыстыра отырып, психалогиялық терең мағынада талданған.
Қоюшы-режиссер – Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері, театрдың көркемдік жетекшісі Қуандық Қасымов.
Қоюшы-суретшісі – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов

26 мамыр сағат 19.00 де

М/ж. Нұрсәт м/а. Астана даңғ. 6. Анықтама
тел. 29-38-58, 27-91-82. 8701 462 4566





21.05.2016 - Халық артисі – Айша Абдуллина  19.05.2016



«ҒАСЫРҒА ҰЛАСҚАН ҒҰМЫР»
Өмірі өнермен өрілген Қазақстанның Халық артисі – Айша Абдуллина.
21 мамыр күні сағат 11.00 де Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының сахнасында өтетін ҚР Халық артисі Айша Абдуллинаның 100 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кешінің
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ.

Қазақстанның халық артисі, «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» Айша Абдуллина биыл 100 жасқа толып отыр. Иісі қазаққа жанашыр тұлғаның мерейтойы аясында өңірімізде «Айша Абдуллина апталығы» ұйымдастырылуда.

Оңтүстік Қазақстан облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылатын мерейлі мерекеге еліміздің кәсіби театрларымен бірге, Ғасыр құрдасы Айша Абдуллина апайымыз да көрермендерге өз тартуын дайындауда.

Айша Абдуллина 1916 жылы 26 желтоқсанда Алматы қаласындағы орта шаруа отбасында дүниеге келді. 1923-1933 жылдары Ахмет Байтұрсынов атындағы №18 қазақ орта мектебінде білім алды.
1933 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры жанындағы екі жылдық актерлер дайындайтын студияға түсіп, сол жылы қараша айының 13-і күні театрға әртіс болып қабылданды.
1936 жылы Москвада өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан.
1941 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен «За трудовую доблесть» медалімен марапатталды.
1942 жылы екінші Беларусь майданында, 1943 жылы Қиыр Шығыс майданында концерттік бригада құрамында алдыңғы шептерде коцерт берген.
1943 жылы «Қазақ ССР-ның Еңбек сіңірген артисі» атағын алды.
1947 жылы М.Әуезов театрынан Оңтүстік Қазақстан облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрына ауысып. сахнада 200-ден аса сүбелі рольдер сомдады. К.Гальдони «Екі мырзаға бір қызметші» - Биатриче, О.Бальзак «Өгей шеше» - Гертруда, А.Островский «Жазықсыз айыптылар»- Гольчиха, Шекспир «Ромео-Джульетта» - Леди Капулетти, М.Әуезов «Қобыланды»- Құртқа секілді тарихи тұлғалармен қоса заманауи рольдерімен көрермен жадында сақталып қалған ерен актриса.
Айша Абдулина 14 рет Кеңес Одағы медальдарымен наградталды. 1958 жылы «Қазақ ССР-нің халық артисі» құрметті атағын алып, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысады. Оңтүстік Қазақстан облыстық кеңесіне және екі дүркін Шымкент қалалық кеңесіне депутаттыққа сайланып, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың екі рет «Алғыс хатын» алған тарлан, 1996 жылы Президент стипендияасының иегері атанады.
КСРО, Қазақ ССР Жоғары Советі Президумының Құрмет Грамотасымен, «Құрмет белгісі» орденімен наградталған.
«Парасат» орденінің иегері.
2004 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» атанды.



18.05.2016 - Д.Исабеков – «Әпке»  17.05.2016



Д.Исабеков – «Әпке» (драма)

Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры оңтүстік көрермендері мен қала қонақтарына 18 мамыр күні Дулат Исабековтың шығармасы бойынша қойылған «Әпке» драмасын ұсынады..

"Отан - от басынан басталады" ұғымы - дөңгелек дүние тірегіне айналған Әпкелердің қарапайым ерен еңбегінің арқасында алтын діңгегін сақтап тұр. Өз ғұмырын, махаббатын соңынан ерген бауырлары үшін тәрк еткен Әпкенің тағдыры көрерменін бей-жай қалдырмайтыны кәміл. Ал, бауырлары ше?! Өздеріне өмірін арнаған Әпке тағдыры оларды толғандырады ма?!

Қойылым адамзаттық тұрғыдан ой қозғайтын сезім қақтығыстарын толғайтын драма.

18 мамыр сағат 16.00

М/ж. Нұрсәт м/а. Астана даңғ. 6. Анықтама тел. 29-38-58, 27-91-82. 8701 462 4566




14.05.2016 - «Тіл табысқандар» комедия  13.05.2016



Мар Байжиев - «Тіл табысқандар» комедия

Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры оңтүстік көрермендері мен қала қонақтарына 14 маусымда сағат 19.00 де қырғыз драматургі Мар Байжиевтің «Тіл табысқандар» (ауд. Қ.Қасымов) комедиясын ұсынады. Қойылымның режиссері – Жұмабек Есімов, қоюшы суретші – Баубек Әшірбаев. Басты рөльдерде Ұлжалғас Сафаралиева, , Женни Досқараева, Олжас Мұсабеков, Бибігүл Мадалиева, Махметәлі Дариев.

Жаһандану кезеңі белең алған ғасырда, ұлттың болмысына төнген ең үлкен қауіп – тіл тағдыры. Өркениеттің алғы сабында, тіршілік нөпірінде өмір сүріп жатқан қала тұрғындары күнделікті ағыммен тыстағы тіршілікті қойып, отбасылық қарым-қатынаста өзге тілді қолдауының салдарынан «мәңгүрт ұрпақ» қаулап келе жатқаны, қоғамда алаңдатушылық үрейін туғызып отырғаны жасырын емес. Отан – от басынан басталады десек, бір отбасының өз тілінде тілдесе алмай, өзге тілде шүлдіреуі неткен қасірет?!

«Тіл табысқандар» - ауылдан келген Әпкенің, сан-алуан күлкілі жайттарға тап бола отырып, ұлт болашағының бесігін тербеткелі отырған жас қыздың шұбарланған тілін ана тіліне бұруы жайлы көңілді комедияда махаббат та басты назарда. Ауыл жігіті мен қала қызы өз сезімдерін ана тілдерінде білдіреді.

Баршаларыңызды көңілді комедия көруге шақырамыз.
14 мамыр сағат 19.00



11,12,13 мамыр - Премьера!!!  03.05.2016



ҚҰЛЫНШАҚ ПЕН БӨЛТІРІК

Ертегі – фантазия
Тіршіліктің тіреуіне айналған – достық әлемі болмағанда, аспан мен жердің арасын қатыгездік пен мейрімсіздік жайлап кетер ма еді?!.
Ертегі – баршамыздың жер анамыз – Ана-Дала мен үйірлі жылқының анасы Боз биенің арасындағы аналық тебіреніс, аналық махаббат сахнасы арқылы өрбиді. Екі топ – жылқылар мен қасқырлар арасындағы тайталас, өмірге жаңа келген Бөлтірік пен Құлыншаққа жат. Екі жас өрен, айналаға, табиғатқа таңдана қарайды. Бір-біріне өштескен екі топтан жырылып шыққан Құлыншақ пен Бөлтіріктің арасында бала достығы туындап, қатыгездікке қарсы тұрады. Үйірінен бөлініп қалған Құлыншақты жемек болған қасқырлардың қанды азуынан жырып, аман алып қалуға жанын салған Бөлтіріктің ерлігі – баршамызды мейірім мен достыққа шақырып тұр. Қатыгез топтан шықса да, мейірімді жүрегімен Құлыншақты құтқарған Бөлтірік, үйірлі жылқының ортасына түскен кезде, Құлыншақ; «Басыма қатер төнгенде, өлімге қыймай, аман алып қалған досымды өлтір дейсіңдер. Мен, Бөлтірікті өлімге қыймаймын. Себебі ол – жан досым! Біз енді – мәңгі бірге боламыз! – деп, досын ажалдан қорғап қалады. Міне, достық!
Ертегінің тәрбиелік мағынасы мен тәлімдік мәні зор.
Қоюшы режиссер: Қ. Қасымов.
Қоюшы суретші: Б. Әшірбаев.
Балетмейстер: К.Шишкалов.

ТЕАТРДЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ – Ш. Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов.



30.04.2016 - «Тіл табысқандар» комедия  30.04.2016



Мар Байжиев - «Тіл табысқандар» комедия

Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры оңтүстік көрермендері мен қала қонақтарына cәуір айының 30 күні қырғыз драматургі Мар Байжиевтің «Тіл табысқандар» (аударған. Қ.Қасымов) комедиясын ұсынады. Қойылымның режиссері – Жұмабек Есімов, қоюшы суретші – Баубек Әшірбаев. Басты рөльдерде Ұлжалғас Сафаралиева, Женни Досқараева, Махметәлі Дариев, Жәмиля Бекмұрзаева, Олжас Мұсабеков.
Жаһандану кезеңі белең алған ғасырда, ұлттың болмысына төнген ең үлкен қауіп – тіл тағдыры. Өркениеттің алғы сабында, тіршілік нөпірінде өмір сүріп жатқан қала тұрғындары күнделікті ағыммен тыстағы тіршілікті қойып, отбасылық қарым-қатынаста өзге тілді қолдауының салдарынан «мәңгүрт ұрпақ» қаулап келе жатқаны, қоғамда алаңдатушылық үрейін туғызып отырғаны жасырын емес. Отан – от басынан басталады десек, бір отбасының өз тілінде тілдесе алмай, өзге тілде шүлдіреуі неткен қасірет?!
«Тіл табысқандар» - ауылдан келген Әпкенің, сан-алуан күлкілі жайттарға тап бола отырып, ұлт болашағының бесігін тербеткелі отырған жас қыздың шұбарланған тілін ана тіліне бұруы жайлы көңілді комедияда махаббат та басты назарда. Ауыл жігіті мен қала қызы өз сезімдерін ана тілдерінде білдіреді.
Баршаларыңызды көңілді комедия көруге шақырамыз.
30 сәуір сағ. 19.00.
М/ж. Нұрсәт м/а. Астана даңғ. 6. Анықтама тел. 29-38-58, 27-91-82. 8701 462 4566



28.04.2016 - «Темір қатын» комедиясына шақырады...  28.04.2016



Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры 29 сәуір күні өзбек драматургі Шараф Башбековтың «Темір қатын» комедиясына шақырады. Қойылымның қоюшы режиссері – театрдың көркемдік жетекшісі, Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов. Қоюшы суретші – ҚР мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов. Басты рөлдерде: ҚР мәдениет қайраткері Еркін Шымырқұлов, Бақытжан Абдухаликов, Мөлдір Зияева, Алтын Айнабалаева, Ұлықбек Артықбаев, Сәуле Джарасбаева.

Ғылым мен техниканың дамыған заманында өмір сүріп жатқан біздер үшін адам өмірі мен оның орны қаншалықты құнды?!

Адам өз өмірінің күнделікті тіршілігіне, шаруашылық жұмыстарын жеңілдету мақсатында робот ойлап шығарып, оны белгілі бір жағдайда қажет деп тануы мүмкін. Бірақ, жүрегіңнің бөлшегі боларлықтай жар болуы мүмкін бе!

Қойылым бас кейіпкер Қошқар, Ғаламат атты роботты жар еткені жайында күлкілі ситуациялардан құралған.

Біз, күле отырып әр адамның өмірде өз орны бар екенін, отбасындағы бір-біріне деген махаббат сезімін роботпен алмастыруға болмайтынын көреміз. Адамның аты – адам!.. Темірдің аты – темір...

Қызықты комедияның куәсі болыңыздар!

БАСТАУЛУЫ: сағат 19.00

М/ж. Нұрсәт м/а. Астана даңғ. 6. Анықтама тел. 29-38-58, 27-91-82. 8701 462 4566



12.04.2016 - Театр көктемі-2016  12.04.2016



Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Театр көктемі-2016» облыстық кәсіби театрлар фестивалінде ГРАН-ПРИ «Ең үздік қойылым» номинациясын иеленді

Үстіміздегі жылдың 7-9 сәуір күндері облыс әкімдігінің қолдауымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай және облыстағы кәсіби театрлардың өнерін насихаттау, олардың репертуарын талдау және іс-тәжірбие алмасу мақсатында «Театр көктемі-2016» облыстық театр фестивалі ұйымдастырылып өткізілді.
Фестивальге КСРО және Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, «Отан», «Құрмет» ордендерінің иегері Асанәлі Әшімов, театртанушы Қазақстанның халық артисі, тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, профессор Есмұқан Обаев, Қырғызстанның еңбек сіңірген артисі, Халықаралық Ш.Айтматов клубының вице-президенті Бусурман Одуракаев, әдебиетші, сыншы, профессор, Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ-і жанындағы Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры Құлбек Ергөбек, Жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт, Германиядағы Қазақтар қауымдастығының төрағасы Сүлеймен Шадкам, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы қазылық етті.
Фестивальге Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры Р.Отарбаевтың «Бас» драмасымен қатысты. Қойылымның режиссері Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, театрдың көркемдік жетекшісі Қуандық Қасымов, қоюшы суретші ҚР мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов.
Қазылар алқасының шешімімен театр ұжымы ГРАН-ПРИ «Ең үздік қойылым» номинациясымен (1 000 000 теңге) үздік деп танылды. Сондай-ақ, «Екінші пландағы әйел адам» номинациясымен Қашқария ролі үшін театр актрисасы Ақжарқын Нұртазина марапатталды.



04.03.2016 - Халықаралық театр күніне орай жыл...  04.04.2016



2015 жылдың сәуірінен, 2016 жылдың наурыз айының аралығында сахналанған жаңа қойылымдардағы театр артистерінің рөлдері көркемдік кеңесте талқыланып, өзара дауысқа салынып, көрерменнің көңілінен шыққандары үздік деп танылды.

- Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Райысхан Бәйкенов атындағы «Ең үздік ер бейнесі» номинациясы Олжас Мұсабеков,
- Қазақстанның халық артисі Ғайнижамал Хайруллина атындағы «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясы Алтын Айнабалаева,
- Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Гүлжамал Батырғалиева атындағы «Ең үздік драмалық бейне» Әнипа Қарабекова,
- Қазақстанның халық артисі Ақсақал Қалмұрзаев атындағы «Ең үздік эпизодтық ер бейнесі» номинациясы Ерсінбек Аманғалиев,
- Қазақстанның халық артисі Жұмабике Серікбаева атындағы «Ең үздік эпизодтық әйел бейнесі» номинациясы Нұржамал Қаламбаева,
- Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Отызбай Жұмабеков атындағы «Үздік дебьют» номинациясын Қымбат Омарова,
- «Алғашқы кадам» номинациясын Ердәулет Сатылған,
Қазақ ССР-нің халық артисі Жұмат Шанин атындағы «Театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы ҚР мәдениет қайраткері Айжан Жұмабекова, қою бөлімінің меңгерушісі Б.Қабылбеков
Театр сахнасындағы жаңалықтарды кең ауқымды халыққа жеткізуде – ақпараттық жүйенің атқаратын ролі ерен екенін атап өткіміз келеді. «Театр» сынды тылсым әлемнің селт еткізер жаңалығының көрерменге жол тартуына атсалысып, театрымыздың артистері жайлы ақпаратты жариялауда ерекше жанашырлық көрсетіп жүрген ақпарат жүйесінің белді тілшілері де мараппаталды.
Сондай-ақ, театр қызметкерлері Қазақстан Театр қайраткерлер одағы, облыстық мәдениет басқармасы, облыстық кәсіподақ ұйымдары атынан арнайы алғыс хаттармен мараппатталды.




 [1-10]  [11-20]  [21-30]  [31-40]  [41-50]  [51-60]  [61-70]  [71-76] 

 
 
 
  « Қайт- кейін...