АҢДАТПАЛАР

  Жаңалықтар біздің сайтымызда:
 
 

07.02.2018 - Аспиранттың ақ шымылдығы  05.02.2018



З.Қыстаубайұлы. «Аспиранттың ақ шымылдығы» драма.

ҚАДІРЛІ КӨРЕРМЕН!

Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры

7 ақпан сағат 17.00 өтетін З.Қыстаубайұлының «Аспиранттың ақ шымылдығы» драмасын ұсынады.

Қойылым салт-дәстүрді, бүгінде ұмыт қалған ақ шымылдықтың қасиетін қадірлеуге, қастерлеуге шақырады.

Басты кейіпкер Тілеужан өте білімді, кіршіксіз махаббат иесі, көзі ашық азамат болғанмен әлсіздік танытып ішімдікке салынып, жаңа көтерген шаңырақтың шырқын бұзады.

Бүгінде қоғамның өзекті мәселелерінің бірі ішімдіктің салдарынан қаншама отбасы ыдырап, қаншама кішкентай нәрестелердің өмірлеріне балта шабылды. Қойылым осындай өмірдегі қайсы бір кездесіп жататын шындықтан сыр шертеді.

Қоюшы режиссері – С.Ерубаев атындағы сыйлықтың лауреаты Өтеулі Тастанбеков.

Қоюшы суретші – Жанар Жұмақұлова.

Театрдың көркемдік жетекшісі - Жұмабек Есимов.



24-25.01.207 - «Тілтабысқандар» комедия  23.01.2018



Мар Байджиев - «Тілтабысқандар» комедия

«Ана тілің – арың бұл...»

Ұлттың басты айқындаушы күші – тілі...

Жаһандану кезеңі белең алған ғасырда, ұлттың болмысына төнген ең үлкен қауып – тіл тағдыры.... Өркениеттің алғы сабында - тіршілік нөпірінде өмір сүріп жатқан қала тұрғындары күнделікті ағыммен тыстағы тіршілікті қойып – отбасылық қарым-қатынаста өзге тілді қолдауының салдарынан «мәңгүрт ұрпақ» қаулап келе жатқаны, қоғамда алаңдатушылық үрейін туғызып отырғаны жасырын емес. Отан – от басынан басталады десек, бір отбасының өз тілінде тілдесе алмай, өзге тілде шүлдіреуі неткен қасірет?!

«Тілтабысқандар» - ауылдан келген Әпкенің, сан-алуан күлкілі жайттарға тап бола отырып ұлт болашағының бесігін тербеткелі отырған жас қыздың шұбарланған тілін – ана тіліне бұруы жайлы көңілді комедия.

24 қаңтар сағат 16.00

25 қаңтар 14.00



17-20.01.2018 - Аспиранттың ақ шымылдығы...  12.01.2018



З.Қыстаубайұлы. «Аспиранттың ақ шымылдығы» драма.

ҚАДІРЛІ КӨРЕРМЕН!

Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры

17 қаңтар сағат 16.00 , 18 қаңтар сағат 14.00, 19 қаңтар сағат 16.00,

20 қаңтар сағат 14.00 де өтетін З.Қыстаубайұлының «Аспиранттың ақ шымылдығы» драмасын ұсынады.

Қойылым салт-дәстүрді, бүгінде ұмыт қалған ақ шымылдықтың қасиетін қадірлеуге, қастерлеуге шақырады.

Басты кейіпкер Тілеужан өте білімді, кіршіксіз махаббат иесі, көзі ашық азамат болғанмен әлсіздік танытып ішімдікке салынып, жаңа көтерген шаңырақтың шырқын бұзады.

Бүгінде қоғамның өзекті мәселелерінің бірі ішімдіктің салдарынан қаншама отбасы ыдырап, қаншама кішкентай нәрестелердің өмірлеріне балта шабылды. Қойылым осындай өмірдегі қайсы бір кездесіп жататын шындықтан сыр шертеді.

Қоюшы режиссері – С.Ерубаев атындағы сыйлықтың лауреаты Өтеулі Тастанбеков.

Қоюшы суретші – Жанар Жұмақұлова.

Театрдың көркемдік жетекшісі - Жұмабек Есимов.



16.12.2017 - Құрметті әріптестер!  15.12.2017



Құрметті әріптестер!

«Қазақ» сөзін әлем алдында асқақтата айбынын арттырған, көк туымызды көк жүзінде желбіретіп, «Егемендігімізді» қыранымыздың қанатында қалықтатқан, ғылымы мен мәдениеті, өнері күллі әлемді тәнті еткен, намысын қолдан бермеген қасиетті - Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 26 жыл толып отыр. Ұлттың гүлденіп-көркеюі жолында аянбай етіп жүрген барша Қазақстандықтарды Ұлттық мерекемізбен құттықтаймыз!

Сіздерге денсаулықтарыңыз мықты, еңбектеріңіз табысты болсын деп тілейміз. Ізгі ниетпен: Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры.



10-11.11.2017 - Жұмат Шанин 125 жыл  09.11.2017



Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында 2017 жылдың қараша айының 10 -11 жұлдызы күндері аралығында қазақтың тұңғыш Халық артисі, кәсіби режиссері, драматургі Жұмат Шаниннің 125 жылдық мерейтойына арналған «Театр дәнін тамырлатқан тарлан» атты республикалық салтанатты іс-шара өтеді. Іс-шараның ұйымдастырушылары ОҚО Мәдениет басқармасы, ОҚО Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры.

Іс-шараға Облыс әкімі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы, Ж.Шаниннің ұрпақтары; «Түрік әлемінің рухани мұрасы» қоғамдық қорының төрағасы Шанин Болат Қасымханұлы, Шанина Райхан Қасымханқызы және Шанина Жанат Қасымханқызы, Шанина Фатима Атығайқызы, Сыздықова Раушан Атығайқызы, Ж.Шаниннің шөбере ұрпақтары, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, театр сыншысы Еркінбек Жуасбек және мемлекеттік, облыстық театр ұжымдарының басшылары қатысыды. Қазақ өнерінің мұзжарғыш кемесіндей болған ұлы даламыздың қуатты талантының есімін ұлықтап, еске алу мақсатында ұйымдастырылған іс-шара барысында, Ж.Шаниннің «Арқалық батыр» тарихи драмасының премьерасы сахналанады. Ж.Шанин атындағы қала көшесінде ұлы тұлғаға арналған мемориалды тақтасының ашылу салтанаты және театр сахнасында Ж.Шаниннің 125 жылдық мерейтойына арналған «Театр дәнін тамырлатқан тарлан» атты еске алу кеші өтеді.



29 - 30.09.2017 «Түнгі Көбелектер»  25.09.2017



Қадірлі театр сүйер көрермен!

Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының ұжымы,театр тұлғасы ұлы режиссер ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Халық артисі, профессор Ерғали Сиябекұлы Уразимбетовтың рухына тағзым ретінде, режиссердің 2003 жылы сахналаған Ә Әлсейіт Ақпанбеттің «Түнгі Көбелектер» драмасын қайта өңдеп ұсынады.

Бүгінгі күнді белінен басып қалғысы келіп, ардың ала жібін аттаған жан, өмір жолында зауалына ұшырарын ойлайды ма?!

Әлсейіт Ақпанбеттің «Түнгі көбелектер» драмасы – «барында оралыңның, ойна да күл»-ін мейлінше арзандатып, уақыттан амалын асырғысы келген аға буынның жеңіл жүрісті аңсағаннан туындаған қақтығысты оқиғасы, «жеңілдің асты, ауырдың үстімен» күн көруді меңгерген тәнін сатқан қыздар жайында. Қалтадағы ақшасының буына бөккен әкелер, елірген көңілін көтертпекке тапсырыспен шақырған кәнизәк, жақыны болып шықса қайтер еді?!

Азғындыққа ұшыраған адамдар, басынан кешкен сәттік ләззәті – тағдырына балта болып шабыларын білді ма?..

Міне, осындай сан-алуан сұрақтарға жауап іздететін драманың көрерменге берері мол болмақ. Қ

ойылымның режиссері - Е.С.Уразимбетовтың аяулы жары театр актрисасы Ақжарқын Нұртазина.

Қоюшы суретші - ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов. Театрдың көркемдік жетекшісі – Жұмабек Есимов.

29 қыркүйек сағат 15.00, 19.00 30 қыркүйек сағат 12.00

Қазақ театрында қауышайық!



15-09-2017 «Көшкін»  15.09.2017



Қадірлі көрермен!

Сіздерді, Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының кезекті 84 – театр маусымының ашылуына шақырамыз!

Қоғам мен ұлттық құндылықтың арасында алшақтық, қайшылық болған жағдайда, адамдарға төнер қауіп қаншалықты?!
Бір отбасының басындағы қақтығыс арқылы – «қоғам қақтығысына» тап болатынымыз белгілі. Қоғамды жасайтын да, қалыптастыратын да – Адам. Бірақ, жекелеген адамдар ойлап тапқан пиғыл, өзгелердің өмір талабына сәйкес пе?! Дәстүр құндылығын сақтай отырып, тіршіліктің ең қозғаушы күші – Адам тағдырына бейтарап қарауға құқылымыз ба?!

Т.Джудженоглудың «Көшкін» аңызы – көне дәстүрді қолдаушы аға буын мен жастар арасындағы қақтығысты айшықтай отырып, заман ауысқанымен, «адам тағдыры», «келер ұрпақтың болашағы» - басты құндылық екеніне назар аудартатын Тунджер Джудженоглудың «КӨШКІН» аңызын 20 қыркүйек сағат 19.00 де, 21 – 22 қыркүйек сағат 17.00 де театрымыздың төрінен тамашалайтын боласыздар!

Осы маусымда Оңтүстіктің бас театры сіздерге сүбелі қойылымдарын ұсынады, Бізбен бірге болыңыздар, құрметті көрермен!
Мекен жайымыз: Шымкент қаласы, Нұрсәт м/а Астана даңғылы 6
Анықтама телефондары: 77 10 41 77 10 43 77 10 37 8 701 462 45 66



14-15.06.2017 - «Ылдиға жол» - пәлсапалық әпсәна  05.06.2017



ПРЕМЬЕРА!

О.Богаев «Ылдиға жол» - пәлсапалық әпсәна
Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры 83-ші театр маусымының жабылуына орай О.Богаевтың «Ылдиға жол» - пәлсапалық әпсәнасының премьерасына шақырады.

«Адам» сөзінің таразының басына салғанда, өз тасын басуға, не, тепе-теңдікте ұстауға шамасы жете ме?! Күнделікті тіршілікте Адам, қилы қақтығыстар легімен бетпе-бет келіп, «Тәңірдің сынағына» тап болғанын байқамай жатады. Бір қараған көзге «бәледен - машайық» болып көрінген нәрсе – «Адам» сөзінің парқын беріп тұрғанын елемей-ескермейтініміз неткен өкініш?! Сондықтан да; «Адам дегенің бос әурешілік. Мен баяғыда олардың көзін құртайық дедім. Адам дегенің мұншалық пәтуана болар ма?.. Алды-артына қарамай бір жаққа асығады келіп. Сіз әлі де осы пенделердің ішінде «Адам» атына лайығы бар дегенге сенімдісіз бе?..» деген Ібілістің сөзі Тәңірдің қынжылысын тудырады. Бірақ, Адамдардың көзін жоюға жол бермейді. Өйткені, Тәңір – Адамға сенеді... Адамға үміттенеді... Адамнан – «адамгершілік сезім туындайды» деген үмітін тоқтатпайды. Біз... Адамдар соған лайықпыз ба?

Қойылым, осындай пәлсәпалық ойды көрермен талқысына тастайды.

Қоюшы режиссер – Болат Абдрахманов
Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов.

14 маусым сағат 18.30-да «О.Богаев «Ылдиға жол» - пәлсапалық әпсәнасының ПРЕМЬЕРАСЫНА!

15 маусым сағат 18.30-да 83-ші театр маусымының жабылуына шақырамыз!

М/ж. Нұрсәт м/а. Астана даңғылы 6.
Анықтама тел. 77-10-37, 77-10-43, 8 701 462 45 66



02.06.2017 - «Кім патша?!» - музыкалық ертегі фантазия  31.05.2017



А.Атымтаева: «Кім патша?!» - музыкалық ертегі фантазия

Қандай да болмасын тіршілік иелерінің өмір сүретін ортасында сан-алуан қақтығысқа түсетіні белгілі. Ертегіде ормандағы аңдар арасындағы билік үшін талас-тартысы арқылы достыққа беріктігі мен өзара сыйластығы таразыға түседі. Ормандағы тазалыққа берік болу арқылы, әркім өз үйін тазалықта ұстауына міндетті деген тәрбиелік ұғымды балаларға жеткізеді.

Қоюшы режиссер – Мейрам Хабибуллин.

Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов.

2 маусым сағат 11.00

М/ж. Нұрсәт м/а. Астана даңғылы 6.

Анықтама тел. 77-10-37, 77-10-43, 8 701 462 45 66










25.05.2017 - «Түнгі Көбелектер»  18.05.2017



Қадірлі театр сүйер көрермен!

Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының ұжымы,театр тұлғасы ұлы режиссер ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Халық артисі, профессор Ерғали Сиябекұлы Уразимбетовтың рухына тағзым ретінде, режиссердің 2003 жылы сахналаған Ә.Ақпанбеттің «Түнгі Көбелектер» драмасын қайта өңдеп ұсынады.

Бүгінгі күнді белінен басып қалғысы келіп, ардың ала жібін аттаған жан, өмір жолында зауалына ұшырарын ойлайды ма?!
Әлсейіт Ақпанбеттің «Түнгі көбелектер» драмасы – «барында оралыңның, ойна да күл»-ін мейлінше арзандатып, уақыттан амалын асырғысы келген аға буынның жеңіл жүрісті аңсағаннан туындаған қақтығысты оқиғасы, «жеңілдің асты, ауырдың үстімен» күн көруді меңгерген тәнін сатқан қыздар жайында. Қалтадағы ақшасының буына бөккен әкелер, елірген көңілін көтертпекке тапсырыспен шақырған кәнизәк, өз қызы болып шықса қайтер еді?!

Азғындыққа ұшыраған адамдар, басынан кешкен сәттік ләззәті – тағдырына балта болып шабыларын білді ма?..
Міне, осындай сан-алуан сұрақтарға жауап іздететін драманың көрерменге берері мол болмақ.
Қойылымның режиссері - Е.С.Уразимбетовтың аяулы жары театр актрисасы Ақжарқын Нұртазина.
Қоюшы суретші - ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов.
Театрдың көркемдік жетекшісі – Жұмабек Есимов.

25 мамыр сағат 19.00 Қазақ театрында қауышайық!

М/ж. Нұрсәт м/а. Астана даңғылы 6.

Анықтама тел. 77-10-37, 77-10-43, 8 701 462 45 66




 [1-10]  [11-20]  [21-30]  [31-40]  [41-50]  [51-60]  ... [71-76] 

 
 
 
  « Қайт- кейін...