АҢДАТПАЛАР

  Жаңалықтар біздің сайтымызда:
 
 

07.09.2018 - М.Әуезов – «Қарагөз»   17.08.2018



Қадірлі көрермен!
Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры сіздерді 7 қыркүйек сағат 18.30 да кезекті 85- театр маусымының ашылуына шақырады.

М.Әуезов – «Қарагөз» (трагедия)
Қазақ әдебиетінің інжу-маржанына айналған «Қарагөз» трагедиясы - махаббат пен ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр тартысының таразыға түскен сәтін шебер суреттейтін, танымы мен берері мол қойылым. Махаббат үштігі; «Нарша - Қарагөз - Сырым» арасындағы тартыстың, тегеуріні мықты жеті ата заңдылығынан асып кете алмай, соңы Қарагөздің қасыретімен аяқталады. Сезім – лыпый сырғыған сынап. Мөржан – ұлттың дәстүрін бұлжытпастан бүгінгі күнге жеткізуші парасат иесі. Қай уыстың пәрмені мықты?! Үш бірдей жүректері махаббатқа толы жастарды бұлжымайтын «дала заңы», сезім шыңырауына құлатады.

Қойылым – махаббат дастанына құрылған танымдық, сұлу дүние.

М/ж. Нұрсәт м/а. Астана даңғылы 6.
Анықтама тел. 77-10-37, 77-10-43



01.06.2018 - «Жымбала, Мико және Қасқыр»  29.05.2018



Қадірлі көрермен!

1 Маусым Халықаралық баларды қорғау күніне арналған керемет ертегіні тамашалауға шақырамыз!

Сұлтанәлі Балғабаевтың «Жымбала, Мико және Қасқыр» ертегісі сіздің кішкентайыңызға ұнайтыны анық.

Ертегіде ойнағанды жақсы көретін Жымбала мектепке барғысы келмейді. Оның Мико бастаған достары қойылым барысында білім алғанның маңыздылығын Жымбалаға жалықпастан түсіндіреді.

Ертегі – балаларды білімге, достыққа спортпен айналысуға шақырады.

Сіздерді 1 Маусым сағат11.00 де Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрына шақырамыз!



07.05.2018 - 7 МАМЫР!  05.05.2018



7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.

Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.








01.05.2018 - 1 МАМЫР  30.04.2018



1 МАМЫР-Қазақстан халқының бірлігі күні.
Біздің еліміз көп ұлтты мемлекет.Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тұрады.Олар біздің елде тұрса да, өз тілінде сөйлеуге және салт-дәстүрін сақтауға ерікті.

Қазақстанда туып өскесін олар менің елім Қазақстан деп айта алады.Жер бетіндегі барлық халықтар достастықта және ынтымақтастықта өмір сүруге тиісті.

1-мамыр мерекесін Қазақстандықтар 1996 жылдан бастап тойлайды.Мектептерде,балабақшаларда мерекелік бағдарламалар болады.Балалар әр өкілдің ұлттық киімдерін киіп,ұлттық тағамдар дайындап,ұлттық ойындар көрсетілімі өтеді...

Осы мерекемен барлық Қазақстандықтарды көктемнің шуақты күнімен, бірлік мерекесімен құттықтап, береке, бірлік, бақыт тілеймін!









6-7.04.2018 - ҚАРАГӨЗ  04.04.2018



Қадірлі көрермен!

Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры 6 -7 сәуір күндері сағат 18.00 де М.Әуезовтың ҚАРАГӨЗ трагедиясының, премьерасына шақырады.

Қазақ әдебиетінің інжу – маржанына айналған: Ұлттық салттың салтанаты мен дәстүрін бүгінгі қоғамға дәріптейтін, бабалар тарихы жолында «махаббат пен дәстүр тартысының» таразыға түскен сәтін шебер суреттейтін, танымы мен берері мол қойылым. «Махаббат үштігі» Нарша –Қарагөз – Сырым – арасындағы тартыстың «жеті ата» заңдылығынан асып кете алмай, соңы Қарагөздің қасыретімен аяқталады. Сезім – лыпый сырғыған сынап. Қай уыстың пәрмені мықты?! Ұлт дәстүрін бұлжытпастан бүгінгі күнге жеткізуші парасат иесі Мөржан бәйбішені кінәлауға бола ма?

Махаббат дастанына құрылған танымдық, сұлу дүниені сахналайтын қойылымның режиссері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ұстаз, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, Жастар театрының білікті режиссері Құрманғожаев Бекболат Болатжанұлы.

Қоюшы суретшісі ҚР Мәдениет қайраткері Жұмақұлов Қалтөре Дүйсембайұлы.

Қазақ театрында қауышайық!



27.03.2018 - Халықаралық театр күнімен құттықтаймын!  26.03.2018



Құрметті әріптестер!

Сіздерді Халықаралық театр күнімен құттықтаймын!
Көрермен көңілін нұрға, жүректерін жырға бөлеп, халқымыздың ұлттық құндылықтарын ұлықтап, өнерсүйгіш ұрпағымызды тәрбиелеу жолындағы игілікті еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік, шығармашылық табыстар тілеймін.
Ұлтымыздың саф өнерін жандандырып, биік белестерден көріне беріңіздер!

Мереке құтты болсын!






21-22.03.2018 - Наурыз құтты болсын!  20.03.2018



Наурыз — бұл ежелгі дәстүр бойынша Жаңа жылдың басталуы ғана емес, бұл сонымен бірге таңғажайып көктем мерекесі, табиғаттың қайта түлеп, қайта жаңғыруы.

Осы бір табиғат ана көгілдір көктемнің жып-жылы шапағатымен жайнап тұрған сәтте сіз де зор қуаныштарға бөленгейсіз!

Жаныңыз күн нұрындай жарқырап, ал көңіліңіз мейірімділік пен махаббат сезімдеріне тола берсін!


Наурыз – это не только праздник встречи Нового года по древнему обычаю, это праздник весны, пробуждения и обновления.

В этот день, когда природа начинает радоваться весеннему теплу, пусть радость жизни войдет и в ваше сердце!

Откройте свою душу солнцу, миру, добру, любви и красоте!



08.03.2018 - 8 НАУРЫЗ!  07.03.2018



8 НАУРЫЗ!



06-07.03.2018 - «Асқаровтың аққайыңдары»  28.02.2018



Қадірлі көрермен!

Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры 6 -7 НАУРЫЗ КҮНДЕРІ сағат 18.00 де М.Байғұттың «Асқаровтың аққайыңдары» драмасының премьерасына шақырады.

Ұлт тағдырын – өз тағдырынан бөле-жара қарамастан тер төккен тұлғалар, қазақ халқының болмысын сақтап қалып отырған. Өткен жолы өшпестей із қалдырған мемлекеттік қоғам қайраткері, Оңтүстік өлкесінің дамуына, гүлденуіне ерен еңбек сіңірген Асанбай Асқаровтың тағдыр жолы қандай еді?!. Қойылым – белгілі тұлғаның өмір жолы жайлы сыр шертеді.
ФАТИМА: Аққайыңдар! Сендер де тілеулестік танытыңдаршы... Асылы-ма...Асекеме...Кеше туған немеремнің атын ырымдап, Дәлел деп қойдым. Асекем...Ақ екендігін, жазықсыздығын, тазалығын дәлелдеп шығады әлі! Аққайыңдар, Асқаров қылмыскер дегенге сенбеңдерші...Жарай ма? Әзірше қош болыңдар...Тілеулестеріміз – сендерсіңдер... Айналайын, аққайыңдар...
Фатима – белгілі қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың өмірлік досы, қиындықты бірге кешкен жансерігі, үмітпен күте білген аяулы жарының Асқаров еккен ақ қайыңдарға мұңын шаққан сәтінде айтқан сөздері.
Мемлекет қайраткері, қаламгер Асанбай Асқаров пен ұлт мақтанышы, жазушы Шерхан Мұртаза екеуінің арасындағы сұхбат арқылы Кеңес дәуіріндегі қазақ елінің басынан кешкен кезеңінен хабардар боламыз. Талантты жанның қасында «іштен шалатындар» аяғына жармаса жүріп, жан күйзелісіне ұшыратып жататыны неткен өкініш?!
ЖАҒЫМПАЗ: Қап­қап арыз жазылды­ай! Кім жазды­ай? Кімдер жаздырды екен­и? (Өзіне­өзі сыбырлап). Бірталайын біз жаздық. Жүздегенін жаздырдық. Мәскеу мырс­мырс күлді ғой! Бәрін­бәрін білді ғой. Қазағыңды қазақпен, сексеуілді сексеуілмен соқты кеп... Соқты кеп...Ұрды ғой...
«Жағымпаз» сынды «жиынтық Кейіпкер» арқылы – Адамзат сөзінің синтезін көреміз.

Қоюшы режиссер – Жұмабек Есимов.
Қоюшы суретші - Баубек Әшірбаев.
Театрдың көркемдік жетекшісі – Жұмабек Есимов.

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНДА ҚАУЫШАЙЫҚ!


Мекен жайы: Нұрсәт м/а. Астана даңғылы 6.
Анықтама тел. 77-10-37, 77-10-43, 8 702 431 19 87



27-28.02.2018 - «Тіл табысқандар»  20.02.2018



Мар Байжиев - «Тіл табысқандар» комедия

Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры оңтүстік көрермендері мен қала қонақтарына ақпан айының 27 -28 күндері сағат 15.00 де өтетін қырғыз драматургі Мар Байжиевтің «Тіл табысқандар» комедиясын ұсынады. Қойылымның режиссері – Жұмабек Есімов, қоюшы суретші – Баубек Әшірбаев. Басты рөльдерде Ұлжалғас Сафаралиева, Нұржамал Қаламбаева, Женни Досқараева, Жәмиля Бекмұрзаева, Бибігүл Мадалиева, Олжас Мұсабеков, Бақытжан Дәулетжанов.

Жаһандану кезеңі белең алған ғасырда, ұлттың болмысына төнген ең үлкен қауіп – тіл тағдыры. Өркениеттің алғы сабында, тіршілік нөпірінде өмір сүріп жатқан қала тұрғындары күнделікті ағыммен тыстағы тіршілікті қойып, отбасылық қарым-қатынаста өзге тілді қолдауының салдарынан «мәңгүрт ұрпақ» қаулап келе жатқаны, қоғамда алаңдатушылық үрейін туғызып отырғаны жасырын емес. Отан – от басынан басталады десек, бір отбасының өз тілінде тілдесе алмай, өзге тілде шүлдіреуі неткен қасірет?!

«Тіл табысқандар» - ауылдан келген Әпкенің, сан-алуан күлкілі жайттарға тап бола отырып, ұлт болашағының бесігін тербеткелі отырған жас қыздың шұбарланған тілін ана тіліне бұруы жайлы көңілді комедияда махаббат та басты назарда. Ауыл жігіті мен қала қызы өз сезімдерін ана тілдерінде білдіреді.

Баршаларыңызды көңілді комедия көруге шақырамыз.

Театрдың көркемдік жетекшісі - Жұмабек Есимов.




 [1-10]  [11-20]  [21-30]  [31-40]  [41-50]  ... [71-76] 

 
 
 
  « Қайт- кейін...